«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2-нұсқа «Қорқыт ата»

Дата18.12.2022
өлшемі17,78 Kb.
#58014

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа

  1. «Қорқыт ата» кітабының мұқабасы қашан жарық көрді?

А) 1998 жылы
В) 1986 жылы
С) 1985 жылы

    1. 1989 жылы

[1]

  1. Ахмет Йассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы қай басылым?

А) Қазан басылымы
В) Ташкент басылымы
С) Стамбұл басылымы

    1. Дрезден басылымы

[1]

  1. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –

А) Тәкаппар болма
В) Мал табуға асықпа
С) Ұмытшақ болма

    1. Дүние-мүлікті сатпа

[1]

  1. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді?

А) Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді.
В) Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
С) Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін.
D) Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке.
[1]

  1. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?

А) Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
С) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.

    1. Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің. [1]

  1. А. Йассауидың «Даналық кітабындағы» мына жолдардың мағынасына талдау жасаңыз, қорытынды шығарыңыз.

Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
________________________________________________________________________________

[5]

  1. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды қолдана отырып, автор туралы пікіріңізді білдіріңіз.

Атаның ұлы жақсыға
Малынды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артық-ты
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
8. Аңдысып жүрген дұшпанның
Бұлттан шыққан ай бетті,
Мұнардан шыққан күн бетті,
Айттырса, бермес сұлуын
Аппақ қылып мандайын,
Бұғақ қылып таңдайын,
Қиылдырып қастарын,
Төгілдіріп шаштарын,
Күнінде аламанға
Тегін олжа қылар ма екеміз?! – деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
9. «Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?» тақырыбында Қорқыт нақылдарының
көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[10]

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет