Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (1789-1794 жж.)



Дата10.03.2022
өлшемі28,71 Kb.
#27448
Байланысты:
Ұлы Француз буржуазиялық революциясы


 Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (1789-1794 жж.)

XVIII ғасырдың екінші жартысында Франция Европадағы үлкен орталықтанған мемлекет болды. 30 жылдың (1618-1648) соғыста жеткен жеңістен соң Европадағы әскери – саяси жағынан ең көлемді мемлекеттің біріне айналды. 1648 ж Франция аграрлы мемлекет болып оның халқының 90% шаруалар соғыс ауырпалығын көтеріп, салық мөлшері екі есе артты. Соғыс барысында көптеген азаматтар қаза болды, жараланды. Соғыстан соң мануфактура жедел дами бастады. Бұл негізінен тоқыма өнеркәсібі болды. бұл товар сыртқы және ішкі рынокта жоғарғы сұранысқа ие болды.

Француз өнеркәсібі қымбат маталар, габолендар, сағаттар, вино жасау күшті дамыды. Орталықтанған қару – жарақ жасайтын, қағаз өндіретін және кітап басу ісі өркендеді. Солтүстік Франциядағы кейбір аудандарда жерді арендаға беру жолы мықты қолға алынды.

XVII ғасырда француз дворяндары, буржуазия әлі де әлсіз болды, буржуазия негізінен француз абсолютизміне өте наразы болды. Ришеле кардинал кезінде бұл шегіне жетті.

Анна Австринская кезінде ел абсолютизмі өз шегіне жетті, елді италияндық фаворит Мазарини басқарып, ол кардинал дәрежесін алды. Мазарини өте айлакер, саясаткер елде абсолютизм нығаюына барынша күш салды. Бұл елде саяси күштердің наразылығына әкеліп соқты. Францияның оңтүстік батысында шаруалар көтерілісі болып ол әскер күшімен басылды. Оппозиция мен қала парламенті жаңа салықтарға қарсы болды. Король жарлығымен парламент мәжіліске тиым салды. Париж парламенті корольдің жарлықтарын жоюға қаулы қабылдап, парламентті Париж халқы мен магистраттар қолдады. 1648 ж екі Париж парламенті депутаты тұтқындалды. Бұған жауап ретінде мыңдаған Париж халқы ереуілге шығып баррикада құрды. Бұл қозғалыс фронды деп аталды. 1650-1653 ж.ж. фрондыны Париж аристократтары басқарды. 1661 ж Мазарини қайтыс болды. Людовик XIV елді жеке дара билеуге көшті. Людовик XIV кезінде франция абсолютизмі өз шыңына жетті. Бұл дәуірді “алтын ғасыр”, ол Людовик XIV “күн адам” деп атады. Бұл кезеде король билік күшейтіліп орталықтану нығая түсті. Король құрметіне арналсған салтанаттар көбейіп кетті.

Людовик XIV басқарсған 54 жылдың 33 жылы соғыс болды. Оның Европада үстемдікке ұмтылуы нәтижесіз болды. Ұзаққа созылған соғыстар оның халқына үлкен ауырпалық әкелді. Осы жылдары ел халқы әжептеуір азайды. XVІІ ғасырдың аяғында 15 млн XVІІІ ғасырдың басында 12 млн адам болды.

Әсіресе Испан тағы үшін (1701-1714) соғыс өте ауыр болды. соғыс ел экономикасын қатты күйзелітті. Парижде т.б. қалаларда халық пен дворяндардың наразылығы күшейді. Елде толқулар көбейді.

Людовик XIV қайтыс болған соң билік 5 жасар немересі XV Людовик ие болды. Регент болып Герцорг Филип Орлеанский 8 жыл басқарды.

Жаңа үкіметте бас бақылаушысы болып шотланд Джон Лау болып ел онан әрі дағдарыс тереңдей түсті. 1740-48 ж.ж. Австриямен, Пруссиямен 1756-1763 ж.ж. Англиямен соғысты.

Бұл соғыстың нәтижесінде Америкада және Индиядағы отарларынан айырылды. Финанс дағдарысы күшейіп қаржы сарай маңындағы паразиттік дворяндарды асырауға кетті.

Король өз уақытын аң аулау мен әйелдерге арнады. Маркиз де Помпадур, Гразиня Дюбари. Людовик “менен кейін топан су қаптасын” деді. Барлық финанс соғысқа жұмсалды.

XVIII ғасырдың ортасында елде өнеркәсіп дами бастады. Халық саны 1790 ж 26 млн-ға жетіп 84% халық ауыл шаруашылығымен шұғылданды. Капиталистік қатынатсар аграрлық қатынастарға мықтап ене бастады. Шаруалардың әлеуметтік жіктелуі күшейді. Францияның кейбір аударында ауыл шаруашылығын капиталистік жолмен дамыту ене бастады.

Шаруалардың феодалдар алдындағы міндеткерлігі өте көп болды. дән тазалағаны, нан пісіргені үшін салық төледі. Жол, шіркеу, көпір т.б. салық көп болды. Франция ауыл шаруалығы ел болып қала берді өнеркәсіп дамуымен ішкі және сыртқы сауда да дами бастады. Өнеркәсіпті сауданың кең көлемде дамуына абсолютизм кедергі келтірді.

Ішкі таможня, таразылардың әртүрлі болуы, өлшем әртүрлі болуы экономикаға үлкен кедергі жасады.

Азаматтық жүйеде де теңсіздік болды, сословиялық артықшылықтар болды. Дворяндармен дін иелері салықтан босатылды. Олар сот, армия, әкмшілікте ірі абсолютизмге қарсы күшті оппозиция қалыптасты. Өнеркәсіп иелері король қамқорлығын керексінбей оппозицияда берік орын алды. Оппозицияға халық бұқарасы, шаруалар одақ болды. Париж парламенті де оппозицияны қолдады. Олар абсолютизмнің өз құқығын шектеуін талап етті. XVIII ғасырдың ортасында француз қоғамында антифеодалдық бағыттағы ғалымдар, ағартушылар, ойшылдар шыға бастады. Көп томдық “Естественная история Бюффона”, Ғылым мен қолөнер энциклопедиясы Дидро мен Даламбер авторлары. Энциклопедия 8 томға жетті. Алғашқы рет депутат, деспот, конституция деген сөздерге анықтама берілді. Библиографиялық журналдар шығарыла бастады. Францияда Кук, Лоперуз, Ройнял саяхаттары туралы қызықты материалдар жарияланды. XVIII ғасырға дейін кітапханалар монастырларда болса енді жазушылардың, аптекарлардың, чиновниктердің үйлерінде болды. Франция ірі қалаларында кітап аукциондары өткізілді. Голландия мен Швейцариядан кітаптар көп әкелінді. XVIII ғасырдың екінші жартысында жасырын әдебиеттер көп әкелінді. Король өзгерту ісіне мүлде қарсы болды.

Француз ағартушылары – философтар, жазушылар, экономистер, тарихшылар абсолютизмді барынша әшкереледі, олар азаматтық құқық пен бостандықты жоқтады. Бұл ағымның рухани жетекшілері Вольтер, Руссо, Дидро, Монтескье, Д’. Аламбер т.б. болды. бұлар халық арасында беделі өте зор болып, революциялық идеяның дамуына игі ықпалын тигізді.

1787-1789 ж.. өнеркәсіп сауда дағдарысы болды. бұл 1786 ж Англиямен болған келісім себебінен болды. Елде ағылшын арзан товарлары көп әкелінді. Өндіріс тоқтап, жұмыссыздар саны көбейді. 1788 ж. қатты қыс, егіннің шықпай қалуы халықты қымбатшылыққа ұшыратты. Ел басындағылар дағдарыстан шығу жолын білмеді. Мемлекеттің қарызы 4,5млрд. франк болды. Монархия қаржылық банкротқа ұшырады. Бас бақылаушыы Тюрго жоғарғы сословияға салық салу принциптерін ұсынды.

1787 ж король елдегі бар жоғарғы сословие өкілдерін жинап салық салуға әрекет жасады. Олар Бас штаттарды шақырып король құқын шектеуді талап етті. Бас штаттар 1614 ж бері шақырылған жоқ болатын. Бас штаттарды шақыру 1789 ж көктемде шақырылу белгіленді.

Қалалар мен деревняларда өз депутаттарына аманаттар тапсырып ж атты. Шаруалар саяси талаптар қоймады, олар жанама салықтарды жоюда талап етті.

19 августа Прусс армиясы франция шекарасынан өтіп герцорг Брауншвиг әскері Верден мен Лангвиді алды. 24 сентябрде революциялық армия Вальми елді мекені түбінде прусс әскерлерін тоқтатты. Бұл жеңістен зор тарихи маңызы болды, реолюциялық армияның беделі өсіп ұйымшылдығы күшейе түсті. Революциялық соғыс нәтижесінде Совая, Ницца, Рейн сол жақ бөлігі және Бельгия францияға қосылды.

1792 ж августа ұлттық конвент мәжілісі басталды. Конвентке 749 депутат сайланды. 38 депутат колония өкілдерінен енді. Халық өкілдері мұнда 40 адам ғана болды, қалғандары ірі буржуазия өкілдері болды. Депутаттар Конвентте 165 орын алды олар провинция өкілдері болды. 21 августа Конвент король билігін жою туралы декрет шығарды. 22 сентябрьде Франция республика болып жарияланды. 1792-1793 жж. қыста халық революциясының онан әрі өрістетілуін талап етті. Қала кедейлерінің жағдайы өте ауыр болды. конфентке нан бағасын арзандату жөнінде петициялар түсті. Париж коммунасы нанға тұрақты баға енгізді. 1793 ж париж коммунасы Якобиншілер ұсынысымен байларға 1 млрд заем төлеуге декрет шығарды. 1793 ж көктемде жер мәселесі Конвентке қойылды. Кейбір аудандарды жерді басып алу фактылары болды. Конвент король мен эмиграттардың жерлерін сатуға декрет шығарды. Король паркині арендаға беру ойластырылды. Деревнияларда қауым жерін шараулар бөлісіп алды. Бірақта аграр мәселесінде ешнәрсе істелмеді. Корольды жазалау керек пе деген жиі әңгіме болды, жирондистер оны жазалау жағында болды. Ноябрь – декабрь айларында корольдың шет ел монархтарымен жазысқан хаттары қолға түсті. Бұл мәселені түбегейлі шешті. 30 декабрь күні түнде Конвент мәжілісінде жүздеген депутаттар корольді жазалау керек деген ұсыныс айтты. 17 январда айтыстан саны 387 депутат жазалансын 344 депутат түрмеге камалсын деді. 21 январда мыңдаған адамдар алдында людовик XVI басы шабылды. Мария Антуаннеттаның да басы шабылды, Дофина етік тігу шеберханасына жіберілді, 1795 ж ол өлді.

Ұлттық көтеріліс басына Жирондистер келді. Якобин комитеті халық жағдайын жақсарту үшін бірнеше аграрлық декреттер шығарды. 3 июнь 1793 ж эмиграттар жерлерін аукционда сату ұймдастырылды. 29 июнь 1793 ж Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Ел республика болып жарияланды, бір палаталы жиналыс енгізілді. Демократиялық бостандықтар декларативті ғана айтылды. 13 июль 1793 ж Маратты қанжармен өлтірді. Контрреволюциялық террорға Якобиншілер террормен жауап берді.

1793 – 1794 ж.ж. революциялық соғыс үлкен табыстарға жетті. Якобин блогы өз ішінде алауыздық болды. Робеспьего бастаған ұсақ буржуазия ағымы Якобин блогын бітістіру әрекеттін жасады.

9 термидор 27 июль 1794 ж Конвентте алауыздық болып Робеспьер мен Сен – Жюст және 22 депутат қамауға алып өлтірілді. Париж коммунасының 83 депутаты басы алыды. Якобин диктатурасы құлады. Өкімет билігі және байлардың қолына өтті. Француз буржуазиялық революциясын өрлеу шегі аяқталды. 17 термидорлық конфенттке халық наразы болды. 1795 ж Термизорлық конвент жаңа конституция қабылдап Республиканың үш жылдығының конституциясы деп аталды. Жаңа конституция байлардың құқығын қалыптастырды, заңдастыра заң шығару директорияны сайлады, үш адамнан Конвент таратылып, билік Директорияның қолына көшті. Директория жылдары француз әскерлері үлкен табыстарға жетті. 1797 ж Директ ория жаулап алу соғыстарын онан әрі өрістете түсті. Напалеон Бонопарт Солтүстік Италиядағы армия қол басшысы болып Австрия, Италия әскерлерін талқандап, оларды 1797 ж Комфорлено келісімін жасауға мәжбүр етті. Ломбардияны – Цизальпискии республикасы, Генуяны Лигурия республикасы деп жариялап, оны француздарға тәуелді етті. Француз әскерлері Рим мен Неапольды алды. Венеция республика болу құқығынан айрылы. 80 жастағы Рим папасы Римнен алып кетті. Францияға Пьемонт, Венеция, Истрия, Дольмация басып алған жерлерден өнер шығармаларын алып кетті. Францияның басты қарсыласы Англия болып қала берді. Англияны әлсірету үшін Франция Индияны жаулап алуды жоспарлады, ол үшін Египетті алу керек болды. 1798 ж 20 июнде Египет армиясын талқандап Сирияға өтті. Сирияда ауыз су тапшылығынан, маляриядан француз солдаттары көп қырылды. 1 августа Адмирал Нельсон Абукир түбінде француз флотын тас – талқан етті. Бұл антифранцуз коалициясын нығайтып оған Англия, Россия, Түркия, Неаполитан корольдігі, Австрия қосылды. 1799 ж француз әскері немістерден жеңілді. Италиядан Куворов француз армиясын қуып шықты. Директорияға ел басқару үшін диктатор қажет болды. Ірі әскери қайраткерлер Наполеонға билікті беруді ұйғарды. Египеттен Наполеон 500 гранадёрмен францияға келді. 9 ноябрь 1799 ж Наполеон Банапорт консульдық билікті тартып алды.

18 брюмер мемлекеттік төңкерісінен соң Наполеон өз билігін заңдастыруға асықты. Жаңа конституция қабылдады. 3 мың сайлаушыдан 1,5 мыңы қарсы болды. Плебисцит полиция бақылауында өтті. Жаңа конституция бойынша үкімет республика болды іс жүзінде билік консул қолында болды. Заң шығару органы формальды түрде Мемлекеттік кеңестің қолында болды. Заң шығару корпусы мен Трибунат 10 жылға консул билігіне берілді. Бірінші консул конституция бойынша жергілікті басқару органдары жойылды. Департаменттерді прекфектор басқарды, оларды консул тағайындады. Министрлер консулға тәуелді болды. Наполеон ерекше талантты тұлға еді. Талантты қайраткер Наполеон революцияның жеңістерін пайдаланып қалды. Өнеркәсіп иелері мен бай сенорлор қолдауына ие болды. Тенгелерде Наполеон суреті бейнеленді. 1802 ж бастап Наполеонның туған күні ұлттық мереке болды. Наполеон көптеген королдер жетпеген шексіз билікке жетті. Якобиншілерден оның өзгешелігі шіркеуді мемлекетке қызмет етуге жетісті. Діни мейрамдарды қалпына келтірді.1804 ж Наполеон Рим папасынан император тәжін киді, ол папа қолынан екі тәжді алып біреуін өзі, екіншісін Жозефинаға кигізді.

1804,1808,1811 ж.ж. Азаматтық, Комерциялық, Қылмыстық кодекстер шығарылды. Кодекстер азаматтық қатынастарды реттеу және жеке меншікті қорғады.

Бұл әрине абсолютизм заманынан прогрессивті еді. Өлім жазасы, дене жазалау, әйелдер сайлау, құқы болмады. Ле Шопель заңы бойынша жұмысшыларға кітапшалары болды. Бұл кодекстер Францияда экономикалық дамуға септігін тигізді. Ауыл шаруашылығы дамуы қарқын алды. Тоқыма, жібек металлургия 10 есе өсті. Қаржы системасы ретке келді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында франция экономикасы 50% өсті. Көп қаржы жаулап алған елдерден түсті. Напалеонның сыртқы саясаты ірі буржуазияның мүддесіне жұмыс істеді. Россия, Австрия, Пруссия тұрақты француз армиясынан әлсіз болды. Әскер ерікті шарулардан құралды, олар жер алды. Әскер басында талантты қолбасшылар, Наполеон сол дәуірдегі ең ерекше әскери қолбасшысы болды. наполеонның кодекстері Францияға тәуелді елдерде Шейцария, Варшава герцоргында, Бельгия, Италиян мемлекеттерінде күшіне енді. Қасиетті Рим империясы таратылды. Наполеонның саясаты Англия үшін өте қолайсыз болды. Россия, Австрия, Пруссия үшін де.1805 ж 21 октябрьде Трафальгар бұғазында адмирал Нельсон флоты француз флотын күйретті. 2 декабрьде Аустерлиц түбінде шайқаста француздар Австрия мен орыс әскерін тамаша жеңіп шықты. Австрия келісім, жасап француздардың Италияға үстемдігін мойындауға мәжбүр болды. Наполеонның ағасы Жозеф Неполитан королі болды, екінші туысқаны Людовик бағынышты Голландияның королі болды. 1806 ж екі шайқаста Иснай, Ауэрштед, түбінде Пруссия армиясы талқандалды. Наполеон армиясы Берлинге кірді.

Континенттік блокада.

Наполеонның енді бір үлкен қарсыласы – Англия болды. Наполеон Англияға экономикалық блокада жариялап Европа державаларын сауда жасауға тиым салды. Ағылшын кемелері француз сауда кемелерін суға батырды, порттарды бомбалады. Россия бұл жағдайда Англияны қолдады.

1807 ж Пруссияда француздар орыс армиясымен екі рет шайқасты. Француздар жеңіп шықты. Екі жақта фридланд, Эйлау аудандарында үлкен шығынға ұшырды. Наполен Англияны Россиямен одақтасып жеңе алмайтынын сезді.

1807 ж 7 июльде Тильзитте қайық үстінде Неман өзенінде Наполеон мен Александр кездесті. Бұл екеуі бейбіт келісім жасады. Россия Наполеонның Европадағы территориялық өзгерістер түгел мойындады. Россия Англияға қарсы Францияның одақтасына айналды. Бірақ бұл келісім ұзаққа созылған жоқ. Наполеонның Европадағы және дүниежүзіне үстемдік етуге ұмтылды. Россияны қанағаттандырмады. Наполеон Пруссияны мемленкет ретінде жойып жіберуге жасаған әрекеті Александр тарапынан қарсылыққа душар болды. Пруссия территориясында қалдырылды. Испания мен Португалия да француздарға қарсы болды. 1809 ж Австрия, Испания Француздармен соғысты. Наполеон ба сып алған елдер халықтарының ұлт – азаттық соғысына ұшырады. 1809 ж Венадла бітім шарты жасалып, 3,5 млн халқы бар Австрия территориясы француздарға берілді. Үлкен соғыстарға көп қаржы керек болды. 1808 ж Францияның сыртқы істер министрлігі Таиран, Эрфуртта Александрмен құпия кездесіп Наполеонға халық риза еместігін білдірді. Император Наполеон өз үстемдгін нығайтуға тырысып бақты. Оның әйелі Жозефинадан баласы болмады, ол Александр І қарындасын сұрады, бірақ ол қарсы болды. Наполеон Австрия императоры қызы Мария Луизаны алды. Үйлену рәсіміне Наполеон келмеді Маршалл Бертьеніжіберді.

Француз – орыс қарым – қатынастарының шиеленісуі.



1810 ж Наполеон Россияға жорыққа дайындала бастады. 1811 ж Россия француз товарларына көп кеден салығын салды. Бұл француз – орыс катынасын шиеленістерді. Наполеон Австрия мен Пруссиямен дипломатиялық қатынас жасауға әрекеттенді, бірақ ол сәтсіз болды. Россияны оқшаулау әрекеті нәтижесіз болды. 24 июнь 1812 ж 900 мың әскері Неман өзенінен өтіп Россия жеріне енді.

1813 ж 16-19 октябрьде Лейпцик түбінде одақтастар мен Наполеон әскері арсында шешуші шайқас болды. Жарты миллион солдат қатысты. Бұл тарихта халықтар шайқасы деп аталды. 31 мартта одақтастар Парижге кірді. Парижде уақытша үкіметті Талейрон басқарды. Франция XVIII-XIX ғасырдың басында барлық жерлерінен айрылды. Сенат Наполеонды орнынан түсірді. Людовик XVIII король болып жарияланды. Наполеон эльбаға жер аударды. 1815ж 1 мартта 1 мың адаммен Оңтүстік Францияға түсті. Сол кездегі газеттер Корсикан құбыжығы Жуан бухтасына келіп түсті деп жазды. 3 аптадан соң Парижге келіп кірді. Людовик XVIII қашып кетті. 18 июнь 185 ж Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліп 22 июнде қолға түсті. әулеи Елена аралына жіберілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет