«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Заман шындығы»



Дата22.12.2023
өлшемі9,8 Kb.
#142803
Байланысты:
« аза дебиеті» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсыр


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Заман шындығы» бөлімі


Шығармалар: Б. Мұқай «Өмірзая» романы
Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі


1-БӨЛІМ

1. «Шындыққа əділеттің ақ жолымен бару керек. Жалынып, жаттың аяғына жығылып, жарамсақтанып жүріп нағыз шындыққа жете алмайсың, қарағым. Ол – адасу жолы, теріс жол». Шығармада берілген үзіндінің қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтаңыз


D) Алдияр Ақпанұлы
[1]

2. Аяғанға жабылған жалалардың ішінен артығын көрсетіңіз.


А) Жақияны ұрып-соққан

[1]

3. Шығармадағы Алмастың бейнесі сәйкес келетін нұсқаны көрсетіңіз.
А) Жеке басының қамын ойлайды, жандайшап сатқын, опасыз

[1]

4. «Пәтер іздер жүр едік» әңгімесінде пәтер іздеуші жас отау ұйғыр әйелден пәтер жалдаған болатын. Үйге кірген екеуі таң-тамаша боп жан-жағына қарайды. Келіншегі үйде бірдеңенің жетіспей тұрғанын айтады? Ол не?
С) терезе

[1]

5. Автор пәтер қожайындары арқылы қандай адамдардың бейнесін бергісі келді?
В) Өмірде көпті көрген адамдардың бейнесі

[1]



2-БӨЛІМ
7. «Кеудесі құр кеуек, түк қалмаған сияқты, иесіз қалған аңсал-саңғал үйдей құлазыды, жүрек жоқ, жан жоқ. Денесі кесіп тастай салған томар сияқты, тіпті еш жері – сынған қабырғалары да, күп болып іскен мұрны, жұдырық тие-тие шодырайып кеткен шекесі, басуға жарамай қалған аяғы да ауырмайды. Шыбын жаны əлдеқашан торғайға айналып, əлдеқайда ұшып кеткен тəрізді». Үзіндінің көркемдік тілін талдаңыз. Шығарма идеясымен байланыстырыңыз.
Берілген шығарманың бұл үзіндісі - түк қалмаған сияқты, аңғал-саңғал үйдей деген теңеулер; сынған қабырға, басуға жарамай қалған аяғы деген эпитеттер мен шыбын жаны деген метафораны қолдану арқылы жазылған адамның сол сәттегі бейнесі, яғни портреті. Және де үзіндіден" шыбын жаны әлдеқашан торғайға айналып, əлдеқайда ұшып кеткен тəрізді "деген жерінен әсірелеу арқылы айтылғанын көруге болады. Бұл эпизод Аяғанның ең соңғы ақтық демі шығар сәттегі кезі еді. Эпитет, метафора, теңеу, әсірелеуді қолдану арқылы шығарма ерекше көркемделе түсті деп ойлаймын.
[5]





































































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет