Терезелердің жіктелуі, оларға қойылатын терезе блоктарын орнату және бекіту. Витрина мен витраждардың құрылымдары.
Есіктердің жіктелуі, оларга қойылатын талаптар.
Балкондар, олардың пішіндері мен өлшемдері.
Терезелердің жіктелуі, оларға қойылатын талаптар Бөлмелерді табиғи жарықтандыру, қабырғалар мен төбе жабындарындағы жазық және тік ұңғылар арқылы орындалады. Бөлме жарықтандырылуының табиғи түрі есеп бойынша анықталады да, соған байланысты терезе өлшемдері анықталады. Тұрғын үйлерде терезе ауданы еден ауданының 1/8 ден 1/5 бөлігіне тең етіп қабылданады.
Терезелер ғимарат ішкі кеңістігіне жарық түсіру, сыртқы кеңістікпен байланыс, бөлмелерде ауа алмастыру және өрт пен апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығару үшін арналған. Терезенің әйнектер құрылымы ғимараттың сыртқы көрінісіне үлкен әсер ететін маңызды бөлшегі болып табылады.
Терезе құрылымына әр түрлі жүктемелер мен табиғат жағдайлары әсер етеді.
Терезелердің жіктелуі:
1. Арналуы бойынша:
а) сыртқы; б) ішкі.
2. Материалы бойынша:
а) ағаштан; б) алюминий қорытпасынан; в) металдан; г) темірбетоннан; д) металл пластиктен.
3. Құрылымы бойынша:
а) қосарланған; б) дараланған.
4. Жармасының саны бойынша:
5. Әйнегінің қатар саны бойынша:
а) бір йнекті; б) қос әйнекті; в) үш әйнекті.
6. Әйнегінің түріне байланысты:
а) кәдімгі жәй әйнек; б) арнаулы әйнекті.
7. Ашылу бағытына байланысты:
а) сыртқа қарай ашылатын (1-2 қабат); б) ішке қарай ашылатын.
8. Желдету түріне байланысты:
а) желкөздер арқылы; б) фрамуга арқылы; в) жармалары арқылы.
Бір әйнекті терезелер оңтүстік аудандарда және жылытылмайтын ғимараттарда қолданылады. Бірқалыпты климатты аудандарда арасында ауа кеңістігі бар екі әйнекті терезелер қолданылады, ал суық климатты аудандарда үш әйнекті терезелер қолданылады. Терезе өлшемдері үйлестірілген және тиісті МЕМСТ-да көрсетілген. Терезе биіктігі қабат биіктігінен 1100-1300 мм кіші етіп алынады, ал ені бойынша бір жарманың 600 мм, екі жармалының 900 мм, үш жармалының 1600 мм-ден кем болмауы тиіс.
Кейбір терезе маркалары:
ҚТ. 12.12. ҚТ. 15. 21. ДТ. 12.12. ДТ. 12. 15.
ҚТ.12.15. ҚТ. 18.18. ДТ. 15.15. ДТ. 18.18.
ҚТ.15.15. ҚТ.18.21. ДТ. 15.18. ДТ. 18.21.
ҚТ.12.18.
Мұндағы ҚТ - қосарланған терезе; ДТ - дараланған терезе.