Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
"Қазақ Филологиясы" кафедрасы
ПӘН: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫ МЕН МОРФОЛОГИЯСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ЕТІСТІК
Орындаған: Аманғалиева А.
Тексерген: Алдашев Н.
Етістік дегеніміз не?
01
02
03
06
07
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Морфологиялық сипаттары
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Duis vulputate nulla at ante rhoncus, vel efficitur felis condimentum. Proin odio odio.
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етістіктер
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгіжәне туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б.
Өздік етіс(орындаушы өзі)
Қимылды орындаушының
өзі істейді.
-ын, -ін, -нжұрнақтары
арқылы
Өзгелік етіс(орындаушы өзге біреу).
Қимылды өзге біреугеорындатқызады.
-дыр, -дір, -тыр,
-тір, -ыр, -ір;
-қыз, -кіз, -ғыз,
Ырықсыз етіс(орындаушы белгісіз)
Орындаушы айтылмайды,
іс-әрекет өздігіненжасалғандай.
-ыл, -іл, -л;
-ын, -ін, -н;
жұрнақтары арқылы
Ортақ етіс(орындаушы көп)
Қимылды орындаушы
біреу емес, бірнешеу болады.
-ыс, -іс. –с
жұрнақтары арқылы
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы, Отты (нені?)үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.
Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы, Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
https://stud.kz/referat/show/99402
https://itest.kz/kz/ent/qazaq-tili/morfologiya/lecture/etistik-turleri-etistikting-turlenui-sojlemdegi-qyzmeti