Эссе. Бұл тапсырма үш бөліктен тұрады, әрқайсысына бөлек жауап беруіңіз қажет. Шолу бірінші бөлімде Сіз жұмысыңыз бен жұмыс жасайтын ұйымыңызды сипаттауыңыз қажет. Тапсырманың екінші бөлімі басқару рөліндегі тиімділігіңізді талдауға көмектесетін етіп



Дата02.11.2022
өлшемі38 Kb.
#47092
Байланысты:
Эссе-Менеджмент




Эссе.
Бұл тапсырма үш бөліктен тұрады, әрқайсысына бөлек жауап беруіңіз қажет.


ШОЛУ


Бірінші бөлімде Сіз жұмысыңыз бен жұмыс жасайтын ұйымыңызды сипаттауыңыз қажет.
Тапсырманың екінші бөлімі басқару рөліндегі тиімділігіңізді талдауға көмектесетін етіп жасалған. Үшінші бөлімнің мақсаты-осы тапсырманы жазу кезінде білгендеріңізді бекітуге көмектесу.


1 бөлім (10 балл)

Баяндамаңыздың бірінші бөлімінде келесі аспектілерді қамтитын ағымдағы әрекеттеріңіздің қысқаша сипаттамасын көрсетіңіз:





  • Ұйымдағы сіздің орныңыз бен лауазымыңыз;

  • Сіз жауап беретін адамдар: егер бар болса, қол астыңыздағылар;

  • Сіз бағынатын адамдар;

  • Сіздің негізгі міндеттеріңіз;

  • Жұмысты тиімді орындау үшін қажетті дағдылар.

(5 балл)
Екінші бөлімінде Ұйымыңыздың келесі аспектілерін сипаттаңыз:



  • сіздің ұйымыңыз өндіретін өнім немесе көрсететін қызмет түрі;

  • сіздің ұйымыңыз туралы қосымша ақпарат (оқытушыға білу қажет деп тапсаңыз).

(5 балл)


2 бөлім (90 балл)


Тапсырманың осы бөліміне жауап есеп (отчет) түрінде ұсынылуы керек.
Әрекеттеріңіздің ауқымын мүмкіндігінше толық және егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңыз. Бұл сіз қолданатын дағдылар, қабылдау немесе орындау керек шешімдер, әңгімелер (жұмыс мазмұны және оқиғалар туралы), кездесулер, эмоциялар және т.б. осы тапсырманың соңында күнделіктен парақтың көшірмесін қойыңыз.
(а) Күнделігіңіздің мазмұнын қарап шығыңыз. Файол немесе Минцберг моделін қолдана отырып, күн ішінде сіздің іс-әрекетіңіздің жүйелі сипаттамасын ұсыныңыз. Неліктен дәл осы модельді таңдағаныңызды түсіндіріңіз. Берілген жаттығудан алған екі маңызды сабақты бөліп көрсетіңіз және бұл сабақтар сіз үшін неге маңызды екенін түсіндіріңіз. (35 балл)

(б) Жоғарыда ұсынылғандардан басқа модельді таңдаңыз, бірақ (а) тармағында бұрын қолданған емес. Осы модельді менеджменттің тиімділігін бағалау үшін қолданыңыз, тиісті мысалдар келтіре отырып, басқарудың күшті және әлсіз жақтарын анықтаңыз.


(35 балл)

(в) (а) және (б) пунктеріндегі жауаптарыңызды қорытындылай келе менеджмент теориясының құндылығы мен рөлінің Сіздің жұмысыңыздағы маңызын қысқаша түсіндіре кетіңіз. Теорияларды қолдану арқылы Сіз жұмысыңызды жақсырақ түсініп,тиімділігіңізді арттыра алатыныңызға қысқаша тоқталыңыз. (20 балл)


3 бөлім
Осы тапсырманы орындау кезінде не білгеніңізді қысқаша сипаттаңыз. Бұл бөлім сізге зерттелген материалды және оны игеру әдістерін бекітуге көмектесу үшін енгізілген.
(0 балл)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет