Қазақ философиясының даму кезеңдері



бет1/5
Дата09.05.2022
өлшемі36,55 Kb.
#33570
  1   2   3   4   5

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс
университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Психология

Тақырыбы: Қазақ философиясының даму кезеңдері.

Орындаған:Смағұл Н.

Топ:ЭЭк-20-6

Тексерген:Абдиева Г.



Алматы 2022ж

Қазақ философиясының даму кезеңдері.

Қазақ халқының философиясы қоғамдық санасының, тарихи жағдайлар- дың қалыптасу ерекшелігіне байланысты V-VI ғасырлардан ислам дінінің қоғам өміріне енуінен бастау алады. Ислам діні қазақ топырағына араб мəдениетін əкелді, бірқатар ойшылдардың еңбегі араб тілінде жазылды, аударылды. Мысалға алсақ, IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды. Бірақ Фараби туралы «Ортағасыр шығыс араб мұсылман философиясында» кеңінен қарастырғандықтан, бұл тарауда біз оны қайталамаймыз(60-63 беттерден қараңыз). Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб əрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен, араб əрпін қолданған. Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрік ойшылдарының қатарына Ахмет Игуники, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазан төнкерісіне дейін бұларды қазақ зиялылары жақсы білген, сонымен қатар көшпенділер деген атта қалған. Бұл ойшылдардың көбісі араб парсы мистикалық философиясының ықпалында болған. Қазақ топырағына араб парсы мəдениеті Шығыс поэзиясы арқылы танылған. Фирдауси бастап, Науай деген ақындар бəрі суфизм ықпалында болды, сондықтан өнерге, поэзияға жақын. Қазақ халқы исламның ортодоксалдық жағына ден қоймай, оның философиясын қабылдаған, философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес, өзінің төл санасына жататын құбылыс. Сондықтан араб-парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тəсілі салты ерекшелігіне сай қабылдаған (Келімбетов Н. Ежелгі дəуір əдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 25, 35 бб).

VIII – IX ғасырда данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді, «эпостық жыр атасы» деп аталған ол туралы тарихи жыр дастандар аңыздар əн күйлер көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көзқарастары адам өмірі тағдырға жазылған деген фатализмге қарсы күресіп, адамдарға мəңгі өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті, ол өмірдің қиындықтарына мойынсұнбай, үнемі күресе білуге шақырды, əр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп, жүзеге асуын уағыздады, бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тəлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады, қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нəрсе жоқ деп, “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”, өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Қорқыт кітабы 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі нұсқасы бар: оның бірі – Ватикан (Рим), Дрездн (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған.

Қорқыттың нақыл сөздері қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт-сана табиғат жəне қоғамға деген көзқарасы көрініп тұр. Ол уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірге мəңгілік ену идеясы оның философиясының іргетасын қалайды. М. Әуезов Қорқыттың мəңгі өмірі туралы толғаныстарын негізгі философиялық түсінігін аша келе, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор мəңгілік мұра екенін атап өткен. Қорқыт – “Өлім” деген құбылысқа қарсы тұра алатын рухани күш таба білген. Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген əлеуметтiк мəселелерге келер болсақ – олар: халықтың бiрлiгiн сақтау, əлеуметтiк əдiлеттiлiктi жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу, əдет-ғұрыпты сақтау, елдi жаулардан қорғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша, Қорқыт ата өмiрiнiң соңғы кезiнде қобызын тартып, неше-түрлi əуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күштерiн, адам жанының көңiл-күйлерiн, сезiмiн ұлы бабамыз қобыз

сарынымен жеткiзе бiлген. Ол өлгенде оның артында шығарған күйлерi қалады. «Қорқыт күйлерi» осы уақытқа дейiн ойналады (Аюпов Н.Г.,1998). Сонымен, Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бiрлiк үшiн күресу, iзгi ниетте болу, ұлағатты iс-əрекеттерiңмен халықтың рухында қалып өлместiк дəрежесiне көтерiлу т.с.с.) ұрпақтан- ұрпаққа рухани мұра болып қала беретiне бiз кəмiл сенемiз (Мырзалы С., 2008).

Орта ғасырлардағы Отандық философияда ерекше орын алатын Жүсiп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-1083ж.ж.). Баласағұн қаласында дүниеге келген. Негiзгi еңбегi «Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) – алғашқы түркi тiлiнде жазылған мəдени-эстетикалық, философиялық дастан. Онда қазiргi түркi тiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмiрi, ғылым мен əдебиетi, əдет-ғұрпы, жалпы алғанда мəдениетi жөнiнде қыруар мол деректер бар туынды. Ж. Баласағұнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тiршiлiктерге қарағанда ерекше жаратылған пəнде. Оның жан- дүниесiнен өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады. Дастанның арқауы ретiнде 4 қағиданы көрсетуге болады:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет