Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет89/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115
Топонимикалық аңыз деген атау мен жіктеу шартты, өйткені аңыз 
болған соң ол міндетті түрде бір оқиғамен байланысты болады, яғни тарихи 
шындыққа негізделеді. Сондықтан топонимикалық аңыз жартылай тарихи 
болады. Олай болмаған жағдайда ондай шығарма аңыз жанрына жатпайды. 


179 
Қазақтарда жер-су, тау-тас, елді мекен, өзен-көл жайында ауызша 
айтылатын әңгімелер өте көп. Ол түсінікті де. Бүкіл өмірін табиғат аясында 
өткізген ел өзін қоршаған әлем туралы білгісі келіп, сол дүниенің ерекшелігін 
ескеріп, немесе тіршілігінің қажеттігіне байланысты, я болмаса қиялға ерік 
беріп, неше түрлі миф, әпсана, аңыздар шығарған. 
Алайда, жер-су, мекен аттарына байланысты әңгіменің бәрі түгелімен 
аңыз болмайды. Олардың ішінде тек бір тарихи оқиғаға, немесе адамға 
байланыстысы ғана аңыз деп танылуы керек. Басқаша айтқанда, жер-су, 
мекен аттарын түсіндіретін этиологиялық (себеп-салдарлы) мәндегі әңгіме 
аңыз болып саналмайды. Егер әңгіме сол жерде, яки қалада болған оқиғаны 
баяндап, ешқандай ғажайыпты, тылсым ұғыммен байланыстырмаса, ондай 
әңгімені топонимикалық аңыз деп білу қажет. Мұндай әңгіменің басты 
нысанасы – мекеннің атының қайдан пайда болғанын түсіндіру емес, сол 
мекенде болған оқиғаны хабарлау, бірақ сырттай қарағанда әңгімеші 
мекеннің атын түсіндіріп отырған сияқты болып көрінеді. 
Ал, жер-су, мекеннің қалай пайда болып, оның атының қайдан 
шыққанын түсіндіруді мақсат тұтатын әңгімелерді мифке, немесе әпсанаға 
жатқызу керек, өйткені мұнда себепті-салдарлы (этиологичность) сипат бар, 
я болмаса саналы көркемдеу бар. Әрине, мұнда бір нәрсені ескеру керек: 
мекеннің пайда болу тарихының түп негізі шын болуы ықтимал. Мұндай 
жағдайда әңгіменің көркемдік қасиетіне көңіл бөлу керек. Саналы түрде 
көркемдеу жоқ болып, мекен тарихы шындыққа сәйкес келсе, ондай әңгімені 
аңыз деуге де болады. 
Топонимикалық аңыздар таза тарихи аңыздан гөрі көркемдеу болады, 
сондықтан онда сөз өнерінің нышаны байқалады. Мұнда көркем қиял 
шығарма мазмұнының хабарламалық сипатын өзгертіп, оған ғибраттық сипат 
бере бастайды. Сондықтан аңыздың бұл түрінде әпсананың белгілері бой 
көрсетіп қалады. Оқиға болған мезгіл алыстаған сайын топонимикалық 
аңызда бірінші қатарға сол оқиға болған жер туралы хабар шыға бастайды да
тарихи негізі көмескілене түседі. Уақыт өткен сайын бұл аңыз көркемделе 
береді де, бірте-бірте әпсанаға айнала түседі [29]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет