Қазақ газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. Бірінші номері 1913 жылы ақпанның екінші жұлдызында шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет шығап тұрса, одан кейін аптасына екі реттен шығарылған.
Бастырушысы – “Азамат” серіктестігі болатын, ал газетке қаржылай көмектескендердің көш басында Мұстафа Оразбайұлы тұр. Жалпы газеттің 265 номері жарық көрген.
Газет рәміздік бейне ретінде киіз үйді ұсынады. Бұл – қазақ ұлты деген мағынады береді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне “Қазақ” деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары “қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, “Қазақ” газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын” деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
“Қазақ” газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлының өкілетті өкілі – Міржақып Дулатұлы
А. Мәметов т.б авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
ХХ ғасырдың басында аталған “Қазақ” газеті оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған газет-журналдар осы “Қазақтың” шекпенінен шақты деп айтсақ қате айтпағанымыз.
«Қазақ» – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Таралымы 3000, кейбір мәліметтерде 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы – әйгілі ғалым, жазушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы - “Азамат” серіктігі болған.
Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі мәселеріне, шаруашылық жайына жер мәселелеріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, тарихқа арналған А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың т.б. жазушы, қоғам қайраткерлерінің мақалалары жарияланып тұрған