Реферат бөлімі: Мәдениет морфологиясы



бет1/10
Дата22.12.2023
өлшемі77,66 Kb.
#142914
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
РЕФЕРАТ
Бөлімі: Мәдениет морфологиясы
Тақырып: Мәдениет дегеніміз не және оның адам өміріндегі рөлі мен маңызы
Тексерген оқытушы: Айсұлу Қажымуканова
Орындаған: ШТ 23-02 топ, Салимова Аянат

2023жыл



СӨЖ – 1. Мәдениет дегеніміз не және оның адам өміріндегі рөлі мен маңызы
Жоспар:

  1. Мәдениеттану пәні және мақсаттары

  2. Мәдениет ұғымы және оның құрылымы

  3. Мәдениеттің адам өміріндегі рөлі мен маңызы

Мәдениеттану пәні және мақсаттары.
Мәдениеттану пәні ғылым реттінде ХІХ ғасырдын аяғында мәдени антропологиялық және мәдени философиялық зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты. Біздің мәдениет туралы білімдеріміз көптеген қайнар көздермен байланысты қалыптасады. Күнделікті өмірде мэдениет кұбылыстары жэне көптеген объектілері жеке адамға өзінен-өзі таныс, түсінікті сияқты. Бірақ бұл, кез келген әрбір адам мәдениет кұбылыстарын және олардың мағынасын, ондағы кұндылыктарды соншалықты терең деңгейде біле алады деген сөз емес. Мәдениет құбылыстары жайлы нағыз білім, олардың шығу себебі, кайнар көздері, мүмкін болтан нәтижелері дәлелденген жағдайда қалыптасады. Мәдениет - тану осы сұрақтарды зерттеумен шұғылданады. XX ғасырда мәдениеттану философия мәдениетімен тығыз бай- ланыста бола отырып жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Мәдениет теориясының мэселелері шамамен осы уақыттары көрінді. Жалпы мәдениеттанудың күні бүгінге дейін талқылап келе жатқан объектісі: мәдениет пен өркениеттер арақатынасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы және сұхбаты, мәдениет кұрылымдары және функциялары.
Мәдениеттану пәні негізінен үш құрлымдық бөліктен тұрады:
1. Мәдениет философиясы немесе мәдениет теориясы
2. Әлемдік мәдениеттердің теориясымен тарихы
3. Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы
Мәдениеттану ғылымының пәні накты обьект емес, оны нақты құбылыстардан тысқары, рухани мәдениеттің сыңарлас жақтарының (мифтік, діни, философиялыц, гылыми, өнер т.б.) сүрыпталған акпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім деп қарастырған жөн, егер мәдениеттануды осы түрғыда айқын- дайтын болсақ, оның баска гуманитарлық ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекше білімдер жүйесі екендігін көреміз.
Жалпы, мәдениеттанудың пәнін окулықтарда көрсетілгендей төрт топка бөліп қараған дұрыс. Мәдениеттанудың зерттеу объектісі- мәдениет, бірегей көп қырлы құбылыс. Сол себептен оның пәнінің де бірнеше топқа бөлінуі занды және де оңсыз оқулық көлемінде де белгілі бір жүйеге келтіру мүмкін емес. Оның бірінші тобына табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, мәдениет құрылымдары және функциясы, дамуы заңдылықтары, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері туралы, мәдениет элементтерінің өзара байланыстары тура­ лы білімдер жатады. Мәдениеттану мәдениеттің шығу тегін, даму кодын, мәдениет мұрагерлерінің тәсілін, тұррақтылығын ашады. Яғни, мәдениеттің сақталуы, жаңаруы, өзгеруі және мәдениеттанудың әртүрлі концепцияларын қарастырады. Олар мәдениеттанудың ең қомақты бөлігі болып, оқулықтарда, «мәдениет теориясы» делініп жүр. Мәдениеттану пәнінің екінші тобына мәдени өмір сүру аспектісі арқылы қарастырылатын бүкіл әлем жатады да, негізгі мазмұны болып адамның өзін және табиғатқа қатынасын ізгілендіру саналады. Мәдениеттанудағы «Әлем» адамзат айқындаған әрі жасаған болмыс ретінде қарастырылады және дәл осындай ғана болмыс мәдениет деп аталынады. Мәдениеттану пәнінің үшінші тобына_ең алдымен мәдениеттің рухани сыңарлас жақтарының (миф, дін, өнер, философия) шығу тегі, табиғаты, мазмұны мен мәні және олардың трансформациялануының даму барысы, оларды болжау, ал болашақта басқару жатады. Мәдениеттану пәнінің төртінші тобына адамдардың әлеуметтік тәжірибесін іріктеу, шоғырландыру және карекет түрлерін қолдану жаңа ақпараттар көздерін ашу жатады. Ғасырлар бойғы жинақталған мәдениет туралы теориялық білімдердің жиынтығын жүзеге асырады Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның кұрылымы арқылы көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген кептеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері кездеседі. Олардың әрқайсысын, жекелеп алып қарағанда, философиялық мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамының рухани өмірінде орын алатын кешенді, күрделі кұбылыс екенің бөліп карау кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет