БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті
Анықталған және анықталмаған интеграл (Әдістемелік құрал)
(№1 орта жалпы білім беретін мектебінің екінші
санатты математика пәні мұғалімдері
Т.Б.Нургалиеваның іс-тәжірибесінен )
Чапаев, 2017 жыл №1 орта жалпы білім беретін мектебінің әдістемелік бірлестігінің сараптама кеңесінде қаралып, аудан көлемінде таратуға мақұлданды.
Хаттама №1
Құрастырушылар:
Т.Б.Нургалиева математика пәні мұғалімдері
Пікір жазған:
№1 орта жалпы білім беретін мектебінің жоғары санатты математика
пәні мұғалімі Смаилова Гулжанат Иратовна
Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам тапсырып сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты.
Нургалиева Турсынай Болатовна -2009 жылдан бері өзінің еңбек жолын бастады. Проблемалық тақырыбы «Математика сабағында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту», Жантемирова Назгуль Орынбасаровна проблемалық тақырыбы «»Турсынай Болатқызы және Назгуль Орынбасаровна –жаңа технологияға негізделген жаңашыл ұстаз. Сабақтың сапалы болуын және тиімді жағын арттырып отырады. Сабақ өткізу барысында пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесіп, үйретуге, есептердің шығару жолдарын қолдануда оқушылардың ойлау қабілеттерін арта түсетіндігі байқалады. Бүгінгі жас маман ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болатынына сенімдімін.
Түсінік хат Ұсынылып отырған әдістемелік құрал орта мектептің жаратылыстану-математика бейіндік бағытында математика пәнін тереңдетіп оқытуда қолдануға арналған. Әдістемелік құралда қысқаша теориялық түсінік пен интегралдық есептеуге арналған әр түрлі есептер жинақталып, оларды шешу әдістемесі көрсетілген, есептердің күрделілігіне қарай деңгейлік жаттығу жұмыстары мен бақылау жұмысы тапсырмалары, тестік тапсырмалар берілген.
Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты- жан-жақты ойластырылып құрастырылған есептерді оқушыларға шешу арқылы олардың ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігінің дамуына ықпал ету, есептерді шығару дағдысын жетілдіре түсуге көмектесу болып табылады. Сонымен қатар, математика пәнінің қолданбалы салаларын оқушыларға таныстыру, соның негізінде математиканы қолдану салаларын оқушыларға айқындау болып табылады.