Қазақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы және ұлттық мәдениеттің даму бағыттары
XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық мәдени-рухани деңгейі оқу-білім беру ісімен дамып, өркендеуімен бірге жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысар тәжірибеде, мұра ретінде өрістеп, үнемі толығып отырды.
Патша өкіметінің «жымысқы» саясатының нәтижесінде ашылған «орыс-қазақ» мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шыға бастады. Орыс мектептерінде оқып, орыс қалаларында жоғарғы білім алғанымен олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан-жақты көзі ашық алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді.
Сондай–ақ Қазақстанда педагогика заңдылықтарының жүзеге асып, жетілуіне сол кезеңде өмір сүрген ағартушылардың еңбегі зор. Мысалы: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлихановтармен қатар оқытып білім ісіндегі әлемдік деңгейдегі жол-жосыққа зейін аудара отырып, қазақ халқының тарихи даму жағдайына үйлесімді педагогикалық, психологиялық еңбектер жазған зиялылар қауымы үлкен үлес қосты. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т.б. педагог-ұстаздар білім беріп оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарын, оқушылармен жұмыс істеудің әдістемелерін жан-жақты талдауға ат салысты.
1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді.
Аграрлық мәселеде қойған талаптары:
1.Жерге мемлекеттік меншікті жою.
2. Жерді сатуға тыйым салу.
1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) «Айқап» журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері – Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды.
1.Аграрлық қатынастар.
2.Ағарту мен білім беру ісі.
3. Қазақ ауылдарында товар-ақша қатынастарын дамыту.
1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.), «Азамат» өлеңдер жинағы (1913 ж.), «Оян, қазақ», «Терме» әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.