Қазақ халқының аумалы-төкпелі заманында өмір сүрген МүшҺүр Жүсіп Көпейұлы



бет1/2
Дата03.02.2022
өлшемі17,69 Kb.
#24793
  1   2

Қазақ халқының аумалы-төкпелі заманында өмір сүрген МүшҺүр Жүсіп Көпейұлы жаңа мен ескі заман әдебиетінің алтын көпірі іспетті. Ол өзі көрген заманның шындығы мен зарын, қайғысы мен мұңын, халқы мен қоғамын жырлаған поэзияның алып өкілі деп білеміз. МәшҺүр-Жүсіптей аса зерделі жанның асыл қасиетін терең сезінген Мұхтар Әуезов: «Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт»,- деп жазған екен. Демек, М. Көпейұлы шығармаларының жан-жақты талдау әдебиеттің өзекті мәселелер қатарынан табылады.

Өзінің «Бес қымбат» өлеңінде өмірде адам бойынан табылуы тиіс бес басты әрі тәрбиенің өзегі болып табылатын қасиеттер туралы айтады. Олардың қатарына иман, ақыл, сабыр, шүкір және әдепті жатқызыпты. Шынымен де көп адамдардың бойында кездесе бермейтін бес асыл қасиеттің жиналып барып бір адамда тоғысуы өте керемет нәрсе екендігін көрсете, үлгі етеді, адамдыққа, имандылыққа шақырады. Бұл бесеуі әрдайым адамға анық жол, берекелі өмір мен баянды сезімдердің бастауы болатыны туралы философиялық ой тұжырымдайды. МүшҺүр Жүсіп туындыларында заман келбетін суреттеп, әр түрлі әлеуметтік-саяси, қоғамдық мәселелерді сөз етіп, кейде ашынады, адамдарды адалдық пен адамдық жолына шақырады. «Қиянат», «Жарты нан», «Жұт», «Мына заман», «Малсыз дала» өлеңдері арқылы қазақ қоғамында сол кезде белең алып кеткен әлеуметтік теңсіздік, зорлық-зомбылық пен надандықты әшкерелейді:

Жақсы өтіп, бұл күндерде жаман қалды,
Кім мұнан басын құрттап, аман қалды?!

"Жүк-тайлаққа, - дегендей, - ел- бойдаққа",

Құлға тендік бір тиген заман қалды,- дей келе,


заманның зар екендігі, адамдардың надандығы мен екіжүзділігі туралы айтады. Осы іспеттес өлеңдері замана бейнесін, толық ашады. М. Көпейұлы шығармаларының тағы да бір өзекті де ерекше философиялық сарынмен, шындықпен үйлескен тақырыбы – иман тақырыбы. Оның «Мұхамедке пайғамбарлық келгені», «Пайғамбардың соңғы тілегі», «Мұсылманның сипаты», «Мешіт зары» сияқты туындылары нағыз мұсылман бойында болуы қажет қасиеттерді сипаттап, көркем мінез, қайырымдылық, ата-анаға құрмет, иманды болу сияқты әрдайым өзекті болған мәселелерді айтады. Өлеңдері арқылы бұл дүниенің жалған, ал бақилық дүниенің мәңгі екендігін айта келе, жалған өиірдің қызықтарымен жүріп, адамгершіліктен аттағандарды дұрыс жолға шақырады, халқы үшін алаңдайды.

Мәшһүр Жүсіптің жинап, топтастырған «Үлгілі сөзі» небәрі қырық сегіз жол екен.. Осы қанатты сөздер тізбегі әртүрлі көркемдік жолдардың сатыларымен жасалған. Біріншіден, жеті-сегіз буынды жыр түрімен беріледі. Енді бір саласы ғажап сазға, үндестікке құрылған. Өлеңнің екпін, ырғағын, сөз қолданысын, әдемі сазын, ішкі музыкасын, үндестігін бізге барынша айқын жеткізген. Жыр жолдарында жеңіл юмор да бар. Біз «Үлгілі сөздің» үшінші жасалу түрінен аз да болса, әлеуметтік теңсіздік мәселесін көреміз:



Үлгілі билер қалды да,

Надандар кірді кеңеске.

Кеңескендік не десті

Тырнадай мойнын теңдесті

Бұл еспе қайталау әдісімен жасалған жыр жолдарының мәніне терең үңілсеңіз, ақылы таяздау билердің жайдақ қылықтарына ашына да, аяи да қарар едіңіз. Олардың іс еместі іс, сөз еместі сөз қылғанына, алтын уақыттың қадірін білмей, пыш-пышпен күн өткізгеніне бір сәт күйінесің. Содан кейін неге бұл туынды «Үлгілі сөз» атанды екен деген ойға келеміз. Бақсақ, осындағы осалдық, босбелбеу күйректік болашақта қайталанбаса екен деген ниетпен жазылған.


Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде аңызға айналуына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы да себеп болса керек. Ол ауыз әдебиетінен еліміздің барлық өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын, салт-санасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын байқай білген зерделі жан. Өлең-жырдың, басқа да сөз асылының халық өміріндегі рөлін жете түсінген Мәшһүр оны жасынан құлай сүйген, жаттап өскен, хатқа түсіріп сақтай отырып, кейінгі буынға жеткізген.Көпті көріп, көп оқыған білгір ақын бұл асыл мұралардың «Үлгілі сөз», «Бата», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Қара өлең», «Қайым өлең», «Айтыс», «Бақсының сөзі», «Өтірік өлең», «Жақсылардың мысал сөзі», «Тақпақ», «Мақал-мәтелдер», «Шешендік сөз», «Лиро-эпос», «Батырлар жыры» сияқты түрлерін хатқа түсіріпті. Мысалы Жинаушының архивінде үш жүз елу жол бата сөзі бар. Тең жартысы жеті-сегіз буынды жыр үлгісімен жазылған да, ал жартысы он бір буынды қара өлеңмен өрнектелген. Бір қызығы, олар кейде тақпақ, кейде терме түрінде келсе, ал енді бірде нөсерлі жыр жолдарын еске салады. Мәшһүр жинаған бата сөздердің бір парасы ас қайыруға арналған:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет