Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы



Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121099
Байланысты:
Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы

Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы


Қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер
4
Қазіргі қазақ әдебиеті тарихы
1
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті
2
Көркем әдебиеттегі заман көріністері
3
Қазіргі қазақ әдебиеті тарихы
ХХ ғасыр басы қазақ халқы үшін соқтықпалы-соқпалы кезеңдерден бастау алды. Алғаш қазақ романы дүниеге келіп, қағаз беттерін көре бастады. Қазақ әдебиетінде тұңғыш роман 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» деген атаумен жарық көрді. Проза жанрының тууына алғаш септігін тигізген Міржақып Дулатов болатын. Ең алғашқы романның жазылуынан кейін қазақ әдебиеті тарихында жазушылардың саны арта түсті. Өзінің өміршеңдігімен төрткүл ғаламға дәлелдей білген туындылардың бірі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы еді. Қаншама зиялылардың шығармашылығына кері әсерін тигізіп жатқан заманның талабына қарамастан, жазушы өз еңбегін керемет жазып шыққан.
Қазақ әдебиеті үшін ең күрделі де, ең құнды шығармалардың барлығы осы проза жанрында ерекше сипат алады. Соның ішіндегі тарихи романдардың жазылуы әдебиеттің арнасың кеңейтіп, керемет туындылардың дүниеге келуімен жалғасын тапты. Осы бір арнада қалыпқан жазушылардың шығармалары көп жағдайда қажырлы еңбек пен уақыт кеңістігіне бағынышты болды. Себебі, жазушы үшін тарихта болған оқиғаларды түбегейлі бұрмалау қоғам арасындағы қайшылықтарды тудыратыны анық еді. Тарихи шығармаларды жазудағы қиыншылықтар жайлы әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев былай дейді: «Тарихтағы өткен заманның түпкі құпия шындығын көркемдеп, кескіндеп суреттеу қазақ әдебиетінде туып және қалыптасуы мен өркендеуі өте үлкен және заңды құбылыстардың бірі». Әдебиет зерттеушісінің осы бір пікірінен ел тарихын жазу барысында өткені мен бүгінін зерделеп, зерттеудің нәтижесі арқылы туындайтын тарихи шығармалардың басым көпшілігі жалпы халық арасында өзіндік сипат пен ерекше ықыласқа бөленер шығармалардың жарыққа шығуын тұспалдайды.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды. Олар - Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Әкім Таразидің «Жаза», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақтың «Ақсу – жер жанаты», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Софы Сматайдың «Жарылғап батыр», Ұзақбай Доспамбетидің «Қызыл Жолбарыс», Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», Тұрсынхан Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Құлмұқан Исабаевтың “Шоң би”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары.
Қазіргі қазақ прозасында постмодернистік сипаттағы шығармалар туа бастады. Мысалға М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы», «Жармақ», Т.Әбдіковтың «Парасат майданы» сияқты шығармаларда тұлғаның екіұдайлығы (амбивалентті), тұлғанның қос жарылуы сияқты сипат белгілері бар. Айнала, ортаға, шындыққа деген адам табиғатындағы қарама-қайшы сипаттар (дуалистік, амбиваленттік) құбылыстар, екіұдай сезімдер, көзқарастар, тұжырымдар, позициялар кейіпкерлер тұлғалары тосын белгілер арқылы ашылады. Әдебиеттегі осы тың үрдіс боп саналатын ағым сипатында жоғарыда аттары аталған М.Мағауин, Т.Әбдіков сияқты қаламгерлерден басқа Т.Шапай, А.Ықсанов, Д.Амантай, А.Жақсылықов, А.Кемелбаева,А. Мантаева, М.Омарова сияқты жазушылардың шығармаларын жатқызғанымыз абзал. 
Көркем әдебиеттегі заман көріністері
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Кез-келген прозалық шығарма дидактикалық тәрбиеге арналып жазылды десек, екінші жағынан заман көрінісін сипаттау барысында ұлт тағдырының көрінісі жататыны анық. Олай болса, бүгінгі замандағы қазақ прозасының көрнекті шығармаларының бастауын осы прозалық шығармалардан басталады десек, артық айтпағанымыз болар.Прозалық шығармалардың өзі де тақырыптары жағынан әр түрлі болып келеді. Фантастикалық бағыттағы, балалар әдебиетіне арналған шығармалар және тарихи прозалық шығармалар деп бөліп қарастыруға болады. Соның ішіндегі бүгінгі әдебиет саласында кеңінен таралған прозаның бір түрі – тарихи прозалық шығармалар. Ұлт тарихы мен мәдениетін күллі қазақ даласына паш етіп, әр оқырманның оң бағасын алып келе жатқан тарихи шығармалардың жас ұрпақ үшін қашан да маңызының жоғары екендігін білеміз. Олай болса, сонау прозалық шығармалар поэзиядан бөлініп шыққан тұсындағы ұлт тағдырын сипаттау сынды таырыптар көне замандардан бастау алды десек, қателеспейміз.
Қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер
Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушы­ла­ры проза жанрында қалыптасқан дәс­түрді жалғастыра отырып, мазмұндық, формалық ізденістерге барды. Дәстүрлі ұлттық таным 90-жылдардан бері қарайғы туындыларда батыс әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі ағымдармен ара­лас­­­ты. Сондықтан да қазақ прозасында модер­нистік, постмодернистік ағымдар пайда болды.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында басталған жаңашыл пайымдаулар рухани түлеудің жаңа бір кезеңі болды да, қазақ әдебиетіне көркем ойлаудағы жаңа ұстанымдарды алып келді.
Жазу­шы­лары­мыз өз шығармаларындағы айтар ойын, суреткерлік көзқарасын тұспалдап, психологиялық тұрғыдан шебер де нанымды жеткізуді жетекші орынға шы­ғара бастады. «Астарлап, ишарамен сөйлеу, сөзге сараңдық, үкім айтудан, ақыр­ғы ақиқатпен кездесуден қашу – постмодернистік рухтағы бүгінгі қазақ прозасына тән басты қасиеттердің бірі» деп жазған еді кезінде жазушы Мұхтар Мағауин. Расында да, ХХ ғасыр прозасында өмірлік құндылықтар оқырманға ой салатын сан түрлі оқиғалар желісімен, кейіпкерлер тұлғасымен, кейде тіпті автор идеясының ұтымдылығымен беріліп жататын. Кейінгі уақыттағы қазақ прозасы ұзақ-сонар баяндау мен суреттеуден саналы түрде қашып, қым-қиғаш сюжеттен де алшақтап, өз құндылықтарын іздеуге көшті. Жаңа ғасырдағы жаңашыл шығармалардың бойында тұспал мен ишарат басым. Мұның бір ерекшелігі және мақсаты – оқырманға бәрін де дап-дайын етіп шайнап бермей, оның санасын жетілдіруге жетелеу, ойлануға шақыру болса керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет