Қазақ халқының рухани мəдениетінің ерекшелігі. Сəулет өнері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата21.05.2023
өлшемі1,86 Mb.
#95634
  1   2   3


Қазақ халқының рухани мəдениетінің ерекшелігі.
Сəулет өнері 


Ерте дəуірдің архитектурасы. Қəзіргі 
Қазақстан терриоториясындағы құрылыс 
ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар.Бұл 
ө н е р Қ а з а қ с т а н н ы ң т ау л а р ы м е н 
жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте 
игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш 
күштерін дамыту үшін негіз болған заманда 
болатын.Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын 
басынан өткерген ,адамзат мəдениетінің 
ірнгесі жасалып, құрылыс техникасының 
негізі қаланған бір ұзақ дəуір еді. Ертедегі 
материалдық өндірістің бізге келіп жеткен 
ескерткіштерінің көрсетуі бойынша
алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға 
алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба 
а л м а ғ а н , ө й т ке н і о л т і р ш і л і к е т у 
қиыншылығымен, табиғатпен күресу 
қиыншылығымен жаншылып келген еді.
Өзінің еңбек ету дəрежесінің алғашқы 
ш а ғ ы н д а а д а м ж ау ы н - ш а ш ы н н а н , 
жыртқыштардың шабуылынан қорғану 
ү ш і н т е к т а б и ғ и п а н а л а р д ы ғ а н а 
пайдаланды. 


Архитектура, сəулет өнеріқұрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне 
беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы 
деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік 
ортасын қалыптастырады. Олар: əр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған жəне 
адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, 
қоғамдық ғимараттар, өнеркəсіптік кешендер. 
Сəулет өнері – техниканың, ғылымның жəне өнердің тоғысқан жері. Адамзат 
баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді 
ағаштан, қамыстан, талдан жəне балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың 
үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың 
ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен 
дольмендер пайда болды. 
Менгирлер
тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. 
Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі 
жалғасып келетін дəліз іспеттес.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет