Қазақ халқының сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздігіне бүгінгі күні қол жетіп отыр



Дата19.03.2023
өлшемі28,79 Kb.
#75495
Байланысты:
Документ


Қазақ халқының сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздігіне бүгінгі күні қол жетіп отыр. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елінің тарихына көз жүгіртетін болсақ, қасіретке толы
оқиғалар жетерлік. Ал соның бәрі әр дәуірде өмір сүрген ақын-жазушылардың шығармаларынан орын алды. Қай дәуірдің әдебиетін алсаңыз да, сол дәуірдің көркем шындығына қаныға түсесіз. Осы тұрғыдан алып қарағанда бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиеттану ғылымының алдында тұрған міндет сан алуан. Солардың бірі – тарих қойнауына кірген өткенімізге үңіліп, бүгінгі егеменді елдің сын көзімен қарай отырып, рухани жауһарларымызды ой елегінен өткізу болса, екінші сала-жоғымыздытүгендеу,
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы төңкерістен бергі ғылыми-зерттеушілік жұмыста әдеби мұрасы бұрмаланып, маркстік-лениндік методологияның таптық әдебиет принципіне сай біржақты бағаланып келген дарындарымыз аз болған жоқ. Олар тек кітаби, діншіл ақындар саналған М.Көпеев, Ғ.Қарашев, Ш.Жәңгіров, Ш.Бөкеев немесе «ұлтшыл-алашордашыл» аталғандықтан, кейінде ғана ақталған қазақ зиялыларының бір тобы ғана емес. Бұлар секілді шығармаларын басуға тыйым салынып, қазақ әдебиетінің тарихынан сызылған, өз өмір сүрген кезеңіндегі әдебиетте көрнекті өкіл саналса да, шығармаларының басты бағыты хандық, феодалдық-реакцияшыл идеологияны жақтаушы, ескілікті көксеуші, дінді насихаттаушы болғанын ашып бағалау қажеттігі қатты талап етілген ақын-жырауларымыз да аз емес. Олардың қатарына Дулат, Мұрат, Шортанбай, Албан Асан, Нарманбеттерді жатқызар едік.

Негізінен алғанда «зар заман» ағымы ақын­дары шығармаларын жинап-жариялау және ғылыми бағалаудағы алғашқы қадам ХIX ғасырда қолға алынған. Олардың ішінде отаршылдық саясатқа қарсы осыған дейінгі толғау жанрынан өзгеше бағытта, жалпыға ортақ сарындағы әдеби құбылыс ретінде танылған «зар заман» ағымын туғызған Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» атты толғауы орыс ориенталист-фольклористерінің назарына ілікті. Ол 1870 жылы В.Радловтың «Түркі халықтарының әдебиет үлгілері» атты көп томдық еңбегінің үшінші томында жарияланды. Шортанбайды қазақ поэзиясының көрнекті өкілі ретінде алғаш бағалаған да осы В.Радлов болды. «Зар заман» мен «Заман ақыр» тәрізді ғибрат өлеңдер Ертістің шығысындағы дала қазақтарының моллалары шығарған қолтума дүниелер» деп баға бергенде, осы дәуірдегі әдебиетте жаңашыл сипатта дамып отырған бұл ағымға баса көңіл аударды. Ал ұлттық әдебиеттанудағы қазақ әдебиетінің тарихын зерделеудегі алғашқы талпыныстарға сай алғанда Ы.Алтынсаринді атар едік. Ұлы педагогтің «Қазақ қайғысы» аталатын қолжазбасы Орынбордың вице-губернаторы В.Ильинге арнайы жолданған зерттеушілік мәні бар еңбек болатын. Оның орыс тіліндегі «Горе киргиз» деп аталуында үлкен мән-мағына жатыр. Бұл оның Түркістан өлкесіндегі қазақ ақындарының «Зар заман» шығармалары жайындағы қорытынды талдауы еді. Ы.Алтынсарин қазақ әдебиетінде осы «зар заман» ағымының тууының тарихи себеп-салдарларын нақты көрсеткен. «Зар заман» әдеби ағымын патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен жұтқа ұшыраған ашаршылық пен жалаңаштық кезең туғызды» дей келе, осы «Зар заман» туралы қазақ жерінде өлең-жыр жазбаған адам жоқ. Біз жақында Я.Лютштің «Қырғыз хрестоматиясынан» осы өлеңдерге ұқсас болып келетін Түркістан өңірі қазақтарының «Зар заман» өлеңін де кездестірдік» деп атап көрсетеді. Осы кітапта «Зар заман» деген атаумен бірнеше өлеңдер топтамасы жарық көрген. Әрине, оның барлығы да Шортанбайдың өлеңдері емес екені даусыз. Бұл өлең-жырлардың авторлары көрсетілмегендіктен де, оларды салыстыра зерттеу қажеттігі өз-өзінен сұранып тұр. Оны Ы.Алтынсарин нақты анықтау мақсатында «Түркістан өңірі қазақтарының «Зар заман» өлеңдері» деп атап көрсетуінің өзі нақты дәлел. Ы.Алтынсарин жазған Я.Лютштің бұл «Қырғыз хрестоматиясы» 1883 жылы Ташкент қаласында басылып шықты. Біз осы кезге дейін Ы.Алтынсаринді әдебиеттанушы, сыншы ретінде қабылдай қоймаймыз. «Зар заман» әдеби ағымы деген атауды М.Әуезовтің 1927 жылғы «Қазақ әдебиеті» еңбегінен әріге апаруға ешбір құлқымыз жоқ. Ал, оның ұлттық әдебиеттегі жаңа ағым ретінде танылуын тап басып алғаш баға берген ұлы педагогтің пікірлерін назардан тыс қалдырумен келе жатырмыз. Ендеше «Зар заманды» әдеби ағым ретінде алғаш танып, анықтама берген де, Шортанбай жырларын орыс тіліне тұңғыш аударушы да Ы.Алтынсарин болып шығады. Бірақ ұлы ағартушы өзінің 1879 жылы Орынбор қаласынан басылып шыққан «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне Шортанбай ақынның өлеңдерін енгізбеген. «Заман ақыры» тақырыбындағы Дулат Бабатайұлының «Азған елдің» хандары, қожасы, молдасы, билері, байлары, адамы туралы 6 өлеңі және «Береке кеткен елдерден» секілді жыры бар да, Шортанбай шығармалары жоқ.

Қазақ кітабы тарихы дамуының екінші кезеңі деп 1867-1900 жылдар арасын қамтып қарастыруында Ш.Елеукеновтің XIX ғасыр әдебиетінде болып өткен айрықша елеулі құбылысты құлаққағыс етуі тегін емес.


«Екінші кезеңге тән және бір жаңалық - қазақ кітабының ел өмірін жазуға батыл бет бұрғандығы. Қазақ әдебиеті Шығыс әдебиетінен алатынын алды, бойына сіңіретінін сіңірді, бірақ ықпалында, ығында кеткен жоқ. Кетпеуінің басты себебі - қазақ елінің
рухани бірлігінде, талай жаумен шайқас, алыс-жұлыстарда шыныққан тірлігінде еді. Сондықтан ел өмірінің ағысы өз арнасынан ауған жоқ. Ол кездердегі әдебиетіміздің жетекші жанры поэзия
өз халқының өмірінен тың тыңдады, жаңа идеяларды Шығыс мифологиясынан емес, боданға түскен елінің зарынан қарпыды, көз жасымен суарды. Ұлт мүддесін, мұң-мұқтажын шығармаларының өзегі еткен ақындардың өлеңдерінің алды кітап болып жарыққа шыға бастады».
Ғалым Дулат пен Шортанбай кітабындағы өлеңнің жыр үлгісінде келгенімен публицистикалық жалынға оранғанын айтады. Заман күйін толғауда памфлет стильді толғаулар туғызды деп, зар заманды тек күйреуден туған өлең заманы деп ұғынудың шынайы негізіне жүгінеді.
Өлеңнің аты «Зар заман» деп аталады демесең, Дулат, Шортанбай ақындардың бұл өлеңдерінде торығушылық, күңіренушілік сарыны естіле ме? Қайта бұл - патшаның өзінен бастап ел билеуші құзғындардың бет пердесін аяусыз жұлып әшкерелейтін, өлең найзасын өңменінен өткізе шаншатын батылдық, ерліктің үлгісі емес пе еді?! Зар заманда ұлт мүддесін шығарма өзегі еткен ақындықтың
шығуы, қазақ әдебиетінің Шығыс ықпалында кетпеу дәстүрі мықты әдеби құндылығымыздың қуатынан тарағаны сөзсіз.

«Болмыс-бітімдерін нақты категориялардың көмегімен кескіндеп-кейіптеуден гөрі, ойлы образдар немесе образды ойлар арқылы айшықтауға бейім көшпенділер жұрағаты - қазақтардың тарихи тағдыр-талайын зерттеп-зерделеуде, әсіресе олардың поэзиясының тұла бойында тұтас тұнып тұрған қыруар қазынаға жүгінудің жөні бөлек. Өйткені ұлттық поэзия қай тұста да елдік мұрат пен мүдденің, арман мен аңсардың шығармашылық шежіресі болумен қатар, зобалаң замандарда азаттық жолындағы арпалыстың қуатты құра-


лы ретінде де риясыздық танытты» [Қ, 126б]

Осы "Зар заман" сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын, Әбубәкір Кердері Шоқанұлын т.с.с. ақындарды қосуға болады [2.56].

Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі.

Асылық азған заманда,


Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,- деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.

Қайыр кетіп байлардан,


Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен тенгеторпақ деп,
Тиынға тиын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар
Осылай жұртты еміп тұр,- дейді.Осының бәрін Шортанбай заманның азғандығы деп ұқты.[3] Шығыстағы Дулаттың, батыстағы Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты.

Дулат Бабатайұлы - туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобаландарды өз көзімен


көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдардың
бірі. Ашықтан-ашық күш жұмсап, қару-жарағы кем, бейқам да бейбіт жатқан байтақ өлкені қарулы күшпен меңгеру, ешбір себепсіз басып алу саясатына түбегейлі қарсылық білдірген
азамат. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражыға салу, халықтың егемендігін біржола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы халықты үгіттеу міндеттерін алдына
мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл да, сыршыл ақын. Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақелі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен), ата-баба жайлаған жер-судан, ұлттықменшіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр
қасірет ретінде танылады. Қоғамның занды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық, ақшалы ала-аяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға, отаршыл зорлығына, ол қауымға қызмет еткен әкімдерге,
аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан, халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.
Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген. «Өсиет наманы» шығарушы Дулаттың қолжазбасынан өзі
көшіріп алғанын ғана баспаға ұсынып отырғанын ескертеді. Бұған қоса, ақын өлеңдерінде, - құран кітаптарды оқыдым, молдаға жүгіндім, - деген сияқты ұғымдар көп қолданылады.
[Х, 422б]

Өзі сол діни кітаптардың сөзін уағыз етіп, оны білмеген молдасымақтарды сынайды. Өлең стилінде де ескі кітаби


әдебиет әсері байқалады.

Араб, парсы тілінен


Шариғатын білсін деп,
Мұсылманға қаратты.
«Софыалдияр» кітаптан
Сұрап көрің сүрені.
Кітап сөзін тұтпасаң,
Тәңірім ісі қиынды,
Он екі хат жазғанын
Қияға сұңқар таратты.

Дулатты өз көзімен көріп, оның өлеңдерін жазып алып, сақтап келген Шыңғыстау ақындары, сөзуар азаматтарының, әсіресе, Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлының


еңбегі ерекше. Бұл азаматтар Дулаттың өзін көрмесе де оны көрген Байділдә ақсақалдың қолжазбасын сақтап, ғылыми жұртшылыққа табыс еткен. Байділдә (1839- 1919) Дулатты жақсы білетін замандас, өкшелес адам болған. Ол Дулат өлеңдерін жазып алып, қолжазба күйінде сақтап келген. Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қолжазба қорындағы Дулат өлеңдерінің біразы (1500 жолдай) соның сақтауы арқылы жеткен.
Дулат - қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде
тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік,
қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан. 1880 жылы Қазанда шыққан «Өсиет нама» кітапқа ақынның біраз өсиеттері мен толғаулары енген. Жалпы
көлемі 800 жолдай. Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері біздің дәуірде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектеттің сегізінші сыныбына арналған С. Мұқанов пен
Қ. Бекхожиннің 1939 жылғы
хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қортындысын
жасады. Дулат шығармашылығы туралы осы жолдардың авторы 1957 жылдан бастап, зерттеулер жүргізіп келді. Сол тұста жазған кейбір зерттеулеріміз Қазақстан ҒА-ның «Хабаршы» журналының 1959 жылғы үшінші санында, 1960 жылы басылған «Әдеби мұра және оны зерттеу» деген жинақта жарияланды. Және бұрын жарияланбаған «Еспембет» дастаны
қалың қауымға табыс етіліп, «Жұлдыз» журналының 1959 жылғы 5-санында басылып шықты.

Біраз жылдар зерттеуішлердің Дулатты нағыз кертартпа әдебиет өкілі санап келгені мәлім. Оны бұл сияқты біржақты түсініктерден арылтып, шығармашылығына ғылыми баға беріп, әдебиет тарихынан алатын орнын белгілеуге күш салып келдік. Бұрын баспа бетін көрмеген шығармаларын, «Еспембет» сияқты тұлғалы туындыларын жариялап, ақынның елдік, ерлік, адамгершілік идеяларының тамыры тереңде екенін айқындадық. Өз заманына орай ақын көзқарасына тән тарихи шындық сырын таныттық.


Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді. Сөйте турса да кейбір тілші ғалымдар тарихи шындықты бұрмалап, ақынға басқаша баға беру талабын сөз қылып жүр.
Дулат шығармашылығына қиянат жасаудың да шегі болуға тиіс. «Өсиет наманың» мазмұны ұнасын, ұнамасын,
ол - Дулаттікі. Оны шығарушыға айып тағудан гөрі алғыс айту орынды. Әрине кітапта кейбір полиграфиялық
кемістіктердің, жеке сөздің бұрмалануы, бөгде сөздің араласуы орын алған. Бірақ жинақтың Дулаттың өз атымен шыққан, оның өз стиліндегі туынды екені еш күмән тудырмайды. Бұл жайларды біз айтыс үшін емес, ақиқат үшін ескертіп отырмыз. Оны әдебиетші қауым, оқушы жұртшылық дұрыс түсінуге тиіс.

Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатып дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи


шындығын қамтиды. Дулат өз елінің патша өкіметіне тәуелділікке түсуіне наразы болған дедік. Ол бұрынғы кезде аруақты батырлар бар еді. Олар елін сыртқы жаулардан қорғай алатын еді. Сондықтан да бұл батырлар бар кезде қазаққа ешбір жау - жоңғарлық та,
патшалық та қауіпті емес еді. Енді олар жоқ. Дүние өзгерді. Хан, би, барлық әкім біткен әділеттен айрылып, заман азды, бұзылды, енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытындылар жасайды.
Дулат «Бірінші сөз» деп аталатып өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа
теңейді. [Х, 424б]

Дулат шығармашылығынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты ұзақ толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған. Бұл толғау:

Ер Еспембет кешегі,
Топта бермес есені,
Ерекше ер деседі.
Үлгі айтса көшелі,
Тіл біткеннің шешені,
Жауға шапса көсемі, - деп бастайды.
Дастанның негізгі қаһарманы - жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында
жылқы бағып жүреді. Ержете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған
Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды. Қарасай ұсынған
дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не
қылғаны деп Қарасай байды да кіналай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат болып өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен
бес арыс Сыбанға бөліп береді.

Күндердің күндері қазақ батырлары қалмақтан елдің кегін алуға аттанады. Ақтанберді, Қабанбайлар бастаған қолға Еспембет те ереді. Бұлар сан күн ұрысып, қалмақ қамалын бұза алмай қатты сасады. Сол кезде Еспембет Ақбөртемен жауға жалғыз шабады. Көзсіз ерлік көрсетеді. Жау жағы дәстүр бойынша жекпе-жекке батыр шығарады. Еспембеттің көз алдында


қалмақтың бір батыры қазақтың жеті батырын өлтіреді. Енді оған жекпе-жекке шығар кісі қалмайды. Ақтанберді бұл кезде қартайып қалады. Сонда жас батыр өзі тіленіп, қалмақ батырымен жекпе-жекке шығады. Оны жеңіп, қазақ қолын қамалға бастайды. Қамалды бұзып, оны алатын да Еспембет болады.
Қазақ қолы Еспембеттің ерлігі арқасында ежелгі жауын жеңіп,
олжаға батады. Еспембет қалмақтан түскен олжаға мойын бұрмайды, мал-мүлікке қызықпайды. Бар арманы - жауға тізе бүктіріп, елдің кегін алып, жерін қайтару.

Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды. Туған ел, өскен жерден алыста жүрген жас батырдың алыс


арманы мен тәтті қиялын ақын мейлінше тартымды суреттей
білген. [Х, 428б]

Шортанбай - XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Туған елінің тарихи тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарсы айрыла жырлаған өз дәуірінің


тамаша жырау-ақыны; замана құбылысының шындығына өз
түсінігі тұрғысынан үкім шығарып, іргесі сөгіліп, реңі кетіп бара жатқан қоғамдық құрылыс пен ата-баба салтының жоғын жоқтап, зар шеккен ақниетті адал жан. Ол тереңнен тебіренген, әйгілі, сырлы толғауларымен түгел қазақ жұртына танылған. Сонымен бірге сол кездегі қоғамдық қайшылықтардың бет
пердесін ашып, оған қарсы саяси күрес жүргізе де білген қайраткер.
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

Еліне ақын болып танылған Шортанбайдың шығармашылық жолын шолыр болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді. Екіншіден, не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып,


яғни, ақын емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең емес, өлең ол - Абайша айтқанда, «сөз сарасы» немесе «өлең сөздің патшасы». Ал оны жасаушы
«Ер данасы» - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бірі ғана. Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім
дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл - жеке адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым
табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лириканың нәзік те әсерлі тағы бір саласы дамиды. Ақынды да, ақындық өнерді де қоғамдық өмір
қалыптастырады. Өмір шындығы көркем өнердің өзегі. Ақын талантына дем беріп, дабыл қақтыратын оның
шығармаларының әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық өзгерістерге қарым-қатынасы; болған не болып жатқан тарихи құбылыстарды тап басып танытарлық бейнелер жасай білуі. Әрбір ақынның тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістердің халықтық санаға сай келу, келмеуін анықтап,
ол жағдайларға өз бағасын беріп, тұжырым жасауы абзал. Ол ел тілегіне жат іс-әрекет, мінез-құлықты сынап, үлгі
алар өрелі бейне ұсынуға тиісті. Асылы, заман талабы, дәуір тілегі әрбір қалам қайраткерінің мойнына түсетін салмақ.

Шортанбайдың толғаулары, біз келтіргендей, шетінен афористік сипатта. Сондықтан ақын стиліне дидактизм тән. Өлеңіндегі өсиетшілдікті, нақыл-ақыл сипатын ақынның өзі де ескертеді.

Бәйіт айтып, баян қып,
Жеті ғалам астында,
Жанастырдым әр неге.
Даусым кетті алысқа.
Мәселе кітап шығардым,
Өзімнен өрнек жайылды,
Кейінгі қалған пендеге…
Жақынға, туған, қалысқа…

Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгерші-


лік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кернеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары - алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизге де толы, оқушысын өз
ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді. Шортанбай
туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай - бір топтың не бір таптың
ақыны емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды. Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық
сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай бермейді. Әр тұста ақылға бай, ойлы
сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды болып шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсерлі естіледі. [Х, 554б]

Мұрат - жезтаңдай шешен - жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына


түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын өмір бойы жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш
ақпа-төкпе, нағыз кәсіпкер импровизатор. Заманасы артқан
ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі. Ақын 1843 жылы Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты
Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келді. Әкесі Мөңке-өз еліне аты мәлім дәулетті
адам. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Жайық бойын қыстай, Атырау аса жайлаған рулы елдің белгілі азаматы.

Мұрат еңбектерінің ең алғашқы


жинағын шығарушы оған алғы сөз жазып, тарихи жағдайға үн қосқан ерекше дарын иесі, төкпе ақын екенін танытқан Халел Досмұхамбетұлы болатын. Ал бұл кісінің тағдыры тағы мәлім: «Алаштың» көшбасшыларының бірі, халықтың қас жауы қатарында аталусыз қалып келді. Халық мәдениетін аяқасты етіп таптаған шолақ белсенділік билігі өрістеп тұрған жетпіске тарта жылдар бойы Мұрат шығармашылығы туралы жылы сөз
айту, оның бетін ашып ақындығын таныту қияметтің өзі болды. Сақтана жүріп, әрлі-берлі сөз айтушылар Мұратты кертартпалар қатарына қосты да жіберді. Тек кейінгі қайта құру
кезеңі әперген жариялылық, жақсылық өлгенімізді тірілтіп, өшкен шырағымызды қайта маздатты емес пе?! Иә, Мұрат шығармашылығын алғаш дұрыс танытуға күш салған Халел
Досмұхамбетұлының орасан зор еңбегі, кеште болса, өз бағасын алатын күн туды. Қара құлып қақ айрылып, ел-жұрты үшін еткен еңбектің нұры шалғай шартарапқа тарауға мүмкіндік алды.
Енді біз де Халелдің асыл сөздерін тірілте отырып, Мұраттай сұрапыл талант иесінің туындыларын өз қалпында елінің алдына жайып салуды зор мақсат санадық. Бірақ жиналуы, басылымы, танылымы жолға қойылмаған жазушы туралы тиянақты
пікір тұжырымдаудың оп-оңай болмасы да белгілі жай. Сөйтсе де, Мұраттай өзі жасаған заман жайын тап басып, оның нағыз шындық сырын аша білген, халқының болашағын ойлап қасірет
шеккен шешен ақын мұралары толғантпай қоймайды. Талайдың талқысына түсіп, қаламына дем берері хақ. Мұрат өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті. Өскен орта, жасаған заман қай ақынға да болсын алтын бесік, ұшар ұя, талант талғамын, өнер өрісін, шығар биігін белгілейтін негізгі
факторлар. Мұраттың ақындық ортасын сөз еткенде, оны өсірген
қоғамдық құрылыс, әлеуметтік тұрмыс, туған ел-жұртының салт-санасы, өмір құбылыстары ойға оралуы заңды. Мұрат шығармашылығының өз заманы тілектеріне жауап берерлік мұра болатын себебі де соған байланысты ашылуға тиісті. Сондықтан аталмыш мәселелерді аттап кетуге болмайды. Ол
XIXғасырдыңекінші жартысындағы қазақ поэзиясында қызмет
еткен шақ - өзі туып өскен қазақ елінің Ресей патшалығында бұратана болып, түгел бағынған, тәуелді кезі.

Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым өлеңдердің жолдарын қайыра қолданады. Өзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс формасы, көбіне, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен


айтысқандардың біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты.
Мұраттың Жылқышы деген ақынмен айтысы оның жасырақ шағында өткен. Төселген сақа ақын Жылқышыны жас та болса, етектеп, тиісе сөйлейді. Оны тұтқынға түскен құлдан шықтың,
тегің төмен деп кемітеді. Жылқышының берген сұрауларына
мүдірмей жауап қайырады. Айтыс екі ақынның өлеңмен сайысы ретінде айтар сөзге бөгелмей тапқырлық танытқандығымен ғана ескерерлік. Әйтпесе, үлкен мәселе көтерген айтыс
емес. Екі ақын да өз елінің намысын қорғап, өздеріне мәлім жақсы адамдарын тілдеріне тиек етеді. Екеуі де өз елінің сойылын соға алатын ақын екенін танытады. Айтыс жеңіспен
аяқталмайды. Тыңдаушы қауым Мұраттың жастығын, сөйтсе де тілге шешендігін танып, айтысты доғарады да, жүлдені Мұратқа ұсынады. Айтыстың аяқталмауына екі ақынның да байұлынан шыққандығы себеп болады. Ағайын арасына дік сала ма деп қауіптенеді. Осы Жылқышымен айтыс Мұраттың ақындық бетін ашады. 15- 16 жастағы ақынға жолдама беріп, оның болашағына үміт артады. Әсіресе, айтыстың соңғы жолдарындағы Мұраттың сөздері терең толғанысқа толы, өз алдына бір толғау сияқты мәнді дүние. Кекетпе бос сөздер
айтуға наразылық білдіріп, ол елге, халыққа пайдалы сөз айтып, еңбегі сіңген белгілі адамдарды ардақтауға шақырады. [Х, 663б]

Заманның бұзылғанын өз пайдасына шешетін бұзық топтың адамдары қашанда болған. Оларға керегі елдің мұң-мұқтажы емес, қарақан басының пайдасы. Кері кеткен заманмен таласа, елін қанаған ақылсыздардың ісі ақынның өлеңінің басты тақырыбының бірі. Осы ретте ақын:

Заман азып не қылсын,

Ай орнынан туады,

Күн орнынан шығады,

Бұның бәрі адамнан-деп қайырады.

Мұрат ақын осындай адамдар мінезінен қорқады, қонысының отарлаушылар талауына түскеніне налиды да өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның биік рухына дәлел
болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Қ.Жұмалиевтыңпікірінше «Үш қиян» Мұрат поэмаларының ішіндегі мазмұны жағынан болсын, түрі жағынан болсын ең күштісі. «Үш қиянда» сол кездегі ел тілегі толық қамтылады» [4,258 б] Мұнда ақын


ескі дәстүрдің іргесі сөгіліп келмеске кеткенін, басқа жұрттың келуімен бірге түрі бөтен дәстүрлердің жол алып адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған
отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» жырында
ноғайлы дәуірі жырларының сарыны да анық байқалады.

Еділдің бойы – қанды қиян,

Жайықтың бойы – майлы қиян.

Маңғыстаудың бойы – шаңды қиян,

Адыра қалғыр, Үш қиян!

Мұраттың осы толғауы ақындық шеберлігінің жоғары екендігін көрсетеді. Қоғамға көзқарас, көкейкесті ойлар, батыл болжамдар жыр тілімен айшықты өрілген. Х.Сүйіншәлиев «Үш


қиян» Мұраттың шешендігін, суреткерлігін танытарлық таңдаулы толғауларының бірі. Онда ертедегі жыраулар тілі, шеберлігі, образ жүйелері өзінің әсерін тигізген»
[5, 220 б] «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, атамекен, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар
Қазиұлына айтқаны» атты жырларының өзегі діни аңыздар.
Білім алып, өнер үйренбейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде көрсетеді. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға, үстем тап өкілдеріне айтқан арнау өлеңдері. «Жалғаншы фәни жалғанда» «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.

Ұлы қаламгер Мұхтар Әуезов зар заманның халықтың басына төндірген қайғы-қасіретін, оның ақындар шығармаларында көрініс табуы жөніндегі ойларын баяндай келіп, «Мұрат зар заман ішіндегі ірі ақынның бірі. Бұның сөз үлгісі баяғының толғауы сияқтанып, қарсыға шапқан жүйріктей көсіліп, құлашын керіп келеді» [6, 215]-деп баға берді. Халықтың біртуар перзенті Мұрат Мөңкеұлы ақындық өнердің шын мәнідегі шынайы шебері болды. Ол қалың қазаққа жыраулық дәстүрді жалғастырушы ақиық ақын, ел намысын қорғаған суырып салма айтыскер, ескі жырларды көп білетін жыршы ретінде танылды.



Ол туралы ғалым Қ.Сыдиықұлы: «Алмағайып заманның ақ түтек боранына ұшыраған аяулы ақынның бірі Мұрат еді» [7, 128 б] дейді.
Мұрат жыраулық дәстүрді берік ұстанғанына қарамастан, ғалымдар оны ақындар тобына жатқызады. Оның бойындағы өнер жырауларға да, ақындарға тән. Жыраулар секілді халықтың басындағы хал-ахуалды арқау етіп, ағыл-тегіл жыр төгеді, ақын
болып, күнделікті өмірдің күйін де толғайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет