Алматы қаласының білім басқармасы



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі77,14 Kb.
#92582
  1   2   3

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: “18 ғ. Қазақ даласындағы ресми іс жүргізудің маңызы. Қасым ханның қасқа жолы”


Орындаған: Жанысбек.А.Қ.
Топ: П3-20К

Оқытушы: Рахманова.Э.Р

Алматы, 2022
Қасым хан Қазақ Ордасының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі - Керей ханның немере інісі Әз-Жәнібек ханның бел баласы. Анасының есімі – Жаған-бегім Шайбани ханның інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.  
Қасым өмірінің алғашқы кезеңінде Керей ханның баласы, тақ иесі Бұрындық ханның әскерінің қолбасы, жаумен шайқастарда көзсіз ерліктер жасаған тарихи тұлға ретінде бейнеленеді. Сол кездердегі тарихи деректерде Қасымның тоғыз ағайынды болғандығы айтылады. Олар: Әдік, Қасым, Еренжі, Махмұд, Жаныш, Таныш, Қамбар, Ұснақ, Жәдік. «Бұлардың ішінде хандық дәрежеге жеткен Әдік пен Қасымнан басқалары, әрқайсысы елу мыңнан әскері бар кішігірім хандық дәрежесіндегі ұлысқа билік жүргізген. Ағайынды тоғыз сұлтан қазақ елінің айбыны болып, абыройын асырды. Бірақ олар ата салтымен хан көтерілген, бүкіл ұлыстың туын ұстаған Бұрындықтың алдынан кесе көлденең өтпеген екен. XVI ғасырдың бас кезінде тақсыз хан деп танылған дарынды Қасымның өзі Бұрындықа қарсы келмеген. Бұл турасында сол заманның тарихшыларының деректеріне сүйеніп жазушы М.Мағауин Қазақ тарихының әлппесі деген еңбегінде «Бір кезде өз әкесі Жәнібек Керей ханның билігіне бас ұрғаны сияқты, Қасым да Бұрындық ханды құрмет тұтқан»- деп жазады. Оның ел мұратын, халық мүддесін бәрінен де жоғары қойғандығы айтылады. 
Бүкіл Орталық Азияның әміршісі Мұхаммед Шайбани ханның әскерін  1510 жылғы қысқы жорықта Қасым әскері талқандағаннан соң, Қазақ Ордасының күш-құдіреті шартарапқа тарайды.  
Ал қазақ жұрты Қасым сұлтанды ежелгі түрік дәстүрі бойынша ақ киізге отырғызып, хан көтереді. Ортағасырлық тарихшы Абдаллах бен Мұхаммед бен Әли Насруллах өзінің “Зубадат әл-Асар” атты кітабында: “Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді”3, - деп жазады. Бірақ Қасым хан бұл әскерді басқаның жерін жаулау үшін емес, қарауындағы халқының қауіпсіздігі үшін ұстады. Ұлыстың тыныштығын, Қазақ Ордасының ежелгі Көк Орда қонысында біржола ірге тебуін өмірлік мұраты деп біледі. Ол бүкіл түстік өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете білді. Қасым хан Қазақ Ордасын төңірегіндегі елдермен тегіс бітім жасап, бейбіт жағдайда ұстай білді. Бұл - елу жыл бойы үнемі ат үстінде, жорық жолында болған қазақ халқына тыныс берген, өте ұтымды саясат еді.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Аталған заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы өмірге негізделген заң болды. Сондықтан, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет