Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#126882
  1   2   3


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық 
университеті
 
 
 
Та
қырыбы :
 
 
 
7 модуль идеяларының 
ықпалдасуының маңызы
 
 
 
 
 
 
Орындаған: Нуржанова Ж 
Тексерген : 
Измагамбетова Р
 
 
 



7 модуль идеялары
 
Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар жарыса 
енгізілуде. Алдымен, инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі 
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация 
- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа 
өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. 
«Инновация» латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді. 
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушының оқу әрекетіне жетелеп
олардың оқуға деген ынтасын оятады. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.
Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының 
кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа технологияларды енгізуге, пайдалануға және 
шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдануда 
біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі
оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі 
оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. 
Бүгінгі таңда білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру 
арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген.Осы орайда, ХХ ғасырдың басында 
Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын 
нәрсе» деген екен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда 
адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген болатын. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі 
жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-
тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу 
үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. 
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
азаматтық құндылықтар, ғылыми мен практика жетістіктері негізінде жке адамды 
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар 
жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан 
әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті 
ізденісі арқылы өзгерістерге жол ашады.
Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, оқуға 
қабілетін жақсартады. Бұл бағдарлама - оқыту әдістемелері арасында сындарлы 
(конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Аталған бағдарлама идеясы 
сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. 

Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру 


курсының бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына жеті модульді қамтыған: 
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет