Қазақ оқырмандарын И. Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы. Алтынсарин ( «Қарға мен түлкі» ), Абай ( «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден» ) таныстырды. А



Дата27.06.2022
өлшемі18,62 Kb.
#37351

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Эссе
Абай және көркем аударма мəселесі

Орындаған:Түркебай Динара


Тобы:ЕП-20-11к3
Қабылдаған:Насирдинов Б

Шымкент 2021ж


Абай және көркем аударма мəселесі
Қазақ оқырмандарын И.Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин ( « Қарға мен түлкі » ) , Абай ( « Есек пен бұлбұл » , « Шегіртке мен құмырсқа » , « Піл мен қанден » ) таныстырды . А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса , С.Көбеев « Үлгілі тәржіма » атты кітап жазып , оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді . Крыловтың туындылары « Мысалдар » деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан . Мұхтар Әуезов Абайдың Крыловтан аударған « Есек пен бұлбұл » , « Қарға мен бүркіт » , « Шегіртке мен құмырсқа » , « Піл мен канден » , « Түлкі мен қарға » атты 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған.Ал қалган 8 мысалды қатты сынап , оларды Абай аудармасы болмауы мүмкін деген күдік айтқан . Бірақ , сөйте тұра , Крыловтың 13 мысалын аударған мысал - өлеңдер ретінде өзі дайындап бастырған 1933 жылғы жинаққа , одан кейін тікелей өз басшылығымен әзірленген ақын шығармаларының 1957 жылғы екі томдық толық жинағына енгізген . Оның үстіне бұл мысалдар Абайдың 1909 жылы Санкт - Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы мен Мүрсейіт қолжазбаларында « Абай аудармасы » деп көрсетілген .
Аударма шығармашылық өнер .Аудармашы түпнұсқаның формасы мен мазмұнын сақтау арқылы оқырманға көп нәрсені жеткізеді . Сәтті жасалған аударма - әдебиеттің құнарлылығы . Мәселен , Гете « Батыс - Шығыс диуанын » , А.Пушкин « Құранның » мотивіне бір топ өлең жазған . Фирдоуси , Сағди , хафиз , Науаи , Физули поэзиясы Абай үшін алғашқы мектеп болды . Киплинг « Запад есть Запад , Восток есть Восток , они никогда с места не сойдут » деген . Яғни , Батыс пен Шығыстың арасында ежелден рухани байланыс орныққан . Қазақ әдебиетінің өзіндік даму ерекшелігі мен тарихы ешкімге ұқсамаса да , ешкімнің әсерінсіз осы күнге жеткені жоқ болатын . Қазақтың жазба әдебиеті қалыптаса бастағаннан - ақ , қазақ топырағынан туған әдебиет өкілдері аударманың әдебиеттегі маңызын терең тани білді . Абайдан бастап көркем аударма қазақ әдебиетінің даму деңгейіне серпін берді . Бұдан бұрын да араб , парсы тілдерінен иманшарттар мен тәпсір нұсқаларын , қазақшалаған сахараның талай тәржімешілері болса да , көркем аударманы жазба әдебиетіміз қалыптасу кезеңіндегі Ұлы Абай бастап таратып кетеміз . Абай ықпал еткен сол кездегі бір қауым Қазақ зиялылары болсын ( Ш.Құдайбердіұлы , Т.Абайұлы ) , кейінгі Алаш Орданың атқа мінген ардақтылары да бұл саланы бір ақсатқан емес.Ахмет Байтұрсынұлы , Мағжан ақын , Жүсіпбек Аймаутов , М.Әуезовтердің аудармалары қазақ әдебиетінің қаншама тың жанрларға өріс алуына түрткі болды . Ақындық өнердің басқа салаларындағыдай Абайдың аударма саласындағы жаңалығы оның қасындагы шəкірттерін бірден елітті . Қазақ поэзиясына келген жаңа құбылысқа дені орыс тіліне жетік Абай мектебі өкілдерінің қызығып , бірден бас қоюы заңды еді .
Абайдың бағыт бағдарымен , тікелей қолдауымен Еуропа , орыс ақын - жазушыларының түрлі деңгейдегі әдеби туындылары тәржімелене бастады . Шәкәрімнің А.Пушкиннен аударған « Дубровский » , « Боран » , Л.Толстойдан « Алты әңгіме » әңгімелер тізбегі , американ жазушысы Г.Бичер Стоудың « Том ағайдың балағаны » , Әсет ақынның « Евгений Онегин » , Уәйіс Шондыбайұлы « Иванушка дурачок » , Тұрағұл Абайұлының М.Горькийден аударған « Челкаш » , А.Неверовтен « Мен өмірге жерікпін » , « « Ортақшыл Мария » әңгімелері , Б.Прустан « Антек » , Д.Лондоннан « Баланың ерлігі Д.Лондоннан « Мартин Иден » романы нәзиралық үлгіде жалпы оқиғасы шақшаланды . Түпнұсқадан алыс кете қоймаған әр түрлі жанрдағы көркем шығармалардың дүниеге келуінің басында Абай тұр . Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған , не мәтіннің жай мағынасын бергенімен , ойындағыдай көркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мəтінінен алыстап барып ,оның идеялық-көркемдік мағынасын өзінше береді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет