Сұрақтар: Басқару ойының эволюциясы. Менеджменттің даму кезеңдері – ежелгі, индустриалды, жүйелеу, ақпараттық. Ғылыми басқару мектебі. Классикалық басқару мектебі – Әкімшілік басқару. Адами қатынастар мектебі. Мінез-құлық ғылымдары мектебі. Басқару ғылымы мектебі. Менеджмент модельдері. Менеджменттің заманауи тәсілдері.
Эволюция - біртіндеп даму, өзгеру (антонимі революция).Қазіргі уақытта бір-бірін толықтыратын әйгілі төрт басөару мектебі бар, олар басқарудағымектептердің төрт маңызды амалдарынан тұрады.
Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің мінез-құлқының өзіне тән ерекшеліктері мен қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің концепциясын қарастыру сәтінде «Менеджмент ғылым ба?» - деген сұрақ туындайды.
Еңбектік қызметті ұйымдастыру жүйесі – менеджмент ғылым ретінде АҚШ-та ХIX-XX Ғ.Ғ.пайда болды.Осы кезеңдегі менеджменттің негізгі бағыттары (мектептер):
Тейлор,Гильберт және т.б. ғылыми басқару мектебі (1885-1920) еңбектің ұтымдылығы, материалдық қызығушылық тиімділігінің жоғарыдауына әкеледі;
Файоль,Вебер және т.б. классикалық мектебі (1920-1950)-басқарудың жан-жақты принципі;
Маслоу және т.б. адамдық қатынастар мектебі (1930-1950) – адамдар арасындағы қарым – қатынастар;
Аржирис,Маркерттің іс-арекет мектебі –психологиямен әлеуметтану негізіндегіадамдық потенциалды максималды қолдану;
Винер,Аккофаның көлемдік мектебі – оқиғаларды компьютерлі математикалық үлгілеу.
Менеджменттің қалыптасуына ғылыми басқару мектебі, классикалық (әкімшілік) мектеп, Психология және адами қатынастар мектебі, басқарудың Ғылыми мектебі (сандық мектеп), сондай-ақ осы мектептердің Ф. Тейлор, А. Файоль, Э. Мэйо және т. б. Сияқты көрнекті өкілдері айтарлықтай әсер етті. Қазіргі уақытта төрт басқару мектебін бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін төрт маңызды тәсіл белгілі, олардың әрқайсысы өзінің ұстанымдары мен көзқарастарына негізделген төрт басқару мектебін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектеп арқылы жүргізілген. Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің бірі өндірістің тиімділігі болды. Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының ыңғайлылығына, жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне, әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын шығындарға тікелей байланысты. Менеджменттің классикалық мектебінің өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.