1. Стилистиканы оқыту мен білім және дағды беруде жалпы оқытудың әдіс-тәсілдері қолданылады. Жалпы стилистиканы оқытудың әдіс-тәсілдері екі топқа бөлініп қарастырылады: бірі - оқытудың теориялық үйрету әдістері, екіншісі - оқытудың теориялық-практикалық үйрету әдістері.
Стилистиканы оқытуда тілді теориялық оқыту әдістері: әңгіме, баяндау, түсіндіру, оқулықты түсініп оқу т.б. пайдаланылады. Стилистиканы оқыту мен дағды беруде тіпті оқытудың теориялық – практикалық әдістері де жиі қолданылады. Олар: стильдік талдау, редакциялау, жалғастырып жетілдіру, бақылау, салыстыру, т.б. әдіс-тәсілдері.
2. Стилистиканы оқыту мақсаты төмендегідей міндеттерге негізделеді.
1) Даяр мәтін стилін анықтай білу.
2) Мәтінге стлистикалық таладау жасай білу.
3) Берілген мәтінді өңдеп, редакциялай білу, мақсатқа байланысты түзету енгізу.
4) Даяр мәтінді басқа тіл стилімен өзгертіп, қайта жаза білу.
5) Берілген стиль бойынша мәтін құрастырып жаза білу.
6) Тіл стильдеріне байланысты жазба жұмыстарын – шығарма, мазмұндама, іс-қағаздары, мақала, очерк, пікір, аңдатпа, баяндама т.б. жаза білу.
Мәтіннің стилін анықтау – стиль туралы түсінік берудің алғашқы кезеңі, стилистиканы меңгерудің алғашқы сатысы болып табылады. Сондықтан стиль туралы мәлімет беру, мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтау жұмыстары төменгі сыныптардан бастап-ақ грамматикалық тақырыптарға байланысты ұйымдастырылуы қажет.
Стилін анықтау үшін оқушыларға мәтін беруден бұрын әрбір функциональдық стильдердің ерекшеліктері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олардың лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері ашылып, айтылу, баяндау мақсаттары анықталады.
3. Функциональдық стильдердің ерекшеліктерінен қысқаша мәлімет беруді мына бағытта жүргізу тиімді.
1. Ойды жеткізудегі қолдану аясы мен жағдайы, орны
2. Сөйлемдегі мақсат-міндеті.
3. Стильдік ерекшеліктері, сипаты.
4. Тілдік құралы.
Бұл бағытта қарастырғанымызда функциональды стильдердің мына сияқты ерекшеліктерін анықтауға болады: