Тексерген: Тапанова Сауле Есембекқызы



бет1/3
Дата11.02.2022
өлшемі23,67 Kb.
#25246
  1   2   3

Ауызекі сөйлеу тілінің стилінің ерекшеліктерін анықтайтын жазбаша жұмысы

Орындаған: Абдельманова Камила. ҚЖ-31 тобы

Тексерген: Тапанова Сауле Есембекқызы

Жоспар:


  1. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

  2. Стильдің түрлері мен өзіндік ерешеліктері.

  3. Ауызекі сөйлеу стилінде интонацияның алар орны.

  4. «Варваризм, Метонимия, Калька, Сленг және Жаргон сөздер, Диалект, Сингармонизм Заңы, Тіл Үндестігі, » ұғымдарының ауызекі сөйлеу стилімен байланысы.

  5. Стильдің журналистикадағы орны.

  6. Мысал: әңгіме

Ауызекі сөйлеу стилі. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас орнатуды, коммуникацияны жүзеге асыру. 

Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді.

Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.

Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым-қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.



Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);

2) полемикалық (дауласу) сөз;

3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).



Ауызекі сөйлеу стиліне рационалды, объективті логикалық бағалау тән емес. Ауызекі сөйлеу стиліне бағалау интонициямен, эмоционалды, одағай сөздермен келеді: сұмдық, қорқынышты, өте жаман, жаман жақсы, қатты мақтайды, өлердей сұлу т.б. Кейде ол сол, сондай деген есімдіктермен қосылып айтылады: сондай сұлу, сондай ақылды, сондай білгіш, сондай жолы болғыш, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет