Қазақ тілі 10-сынып 1-нұсқа 1-мәтін



бет1/9
Дата26.12.2022
өлшемі38 Kb.
#59708
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақ тілі 10-сынып
1-нұсқа
1-мәтін
Мәңгілік Ел - ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы. Астанада асқақ рухымыз бен мэңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «МәңгілікЕл» сөзінің терең тарихи тамыры үлкен мағыналы мәні бар.
«Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сияқты ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды.
Мәңгілік Елидеясы - қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделтен идеология болатынына сенуге болады. 1.Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты мәлімет

A. Қазақстан халқының саны
B. Қазақстанның географиялық жағдайы


2.Мәтінге лайық атау

  1. Қазақстан - көпұлтты мемлекет

  2. Қазақстанның астанасы

  3. Қазақстанның жер көлемі

  1. «Мәңгілік Ел» қақпасы

  2. Атамекен

  3. Жерұйық

D. «Мәңгілік Ел» идеясы
E. Еуразиялық одақ идеясы

2-мәтін
Велосипед тебудің 6 пайдасы бар. Біріншіден, велосипед тебу арқылы біз күйзелістен арыламыз. Өзіңіз ойлап көріңізші, орман ішінде қыдырып, таза ауамен демалып, айналаңыздағы әсем суреттерге көз салу қандай керемет! Велосипед тебуге демалыс күндері отбасымызбен бірге шықсақ болады. Сыр шертіп, түрлі суретке түсеміз. Екіншіден, велосипед тебу арқылы жүрек пен қан тамырларының жұмысы реттеледі. Бастапқыда жүрегіңізге аздап күш түсіресіз де, артынша оған оттегінің көмегімен демалуға мүмкіндік бересіз. Жүректің бұлшык еті жаттығып, шыдамдылығыңыз арта түседі. Үшіншіден, ағзамыздағы зат алмасу процесі жылдам жүреді. Ауа арқылы жұғатын аурулардан сақтайды. Өкпеміз ашылады. Төртіншіден, аяқты шынықтырып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Егер жүгіруге қиналсаңыз, оны велосипедпен алмастырыңыз. Аяғыңыздың бұлшық еті қатаяды. Бесіншіден, көк тамырдың кеңеюін емдеуге көмектеседі. Сіз велосипедтің «үзеңгісін» айналдырған сайын «қатып қалған» қан тарайды. Алтыншыдан, велосипед тебу арқылы көзіңіздің көру қабілетін жақсарта аласыз. Күнделікті компьютер, телефон-планшетке үңілуден көзіміз тез шаршайды. Алысқа қарау мүмкіндігінен айырыламыз. Ал велосипед тебу барысында алыс аймақты да бақылай аламыз, көзіміздің бұлшық еті демалады. Егер сіз велосипедті енді ғана тебе бастаған болсаңыз, алдымен 20-25 минуттан бастаңыз. Күн сайын 10 минут қосып отырыңыз. Велосипед тебу кезінде буындарыңыздың немесе бұлшық етіңіздің ауырғанын байқасаңыз, шынығуды біраз уақытқа тоқтата тұрыңыз. Ағзаңызға үйренуге мүмкіндік беріп, кейін қайта жалғастырыңыз. Велосипедті тамақ іше салысымен теппеуге кеңес береміз. Өзіңізбен бірге ауыз су ала шығуды ұмытпаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет