Қазақ тілі 5-сынып



Дата01.02.2023
өлшемі22,92 Kb.
#64248


ҚАЗАҚ ТІЛІ 5-сынып



Әтеш пен меруерт тас

Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы-жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.


Мысалы ғибрат үшін біразырақ, Меруерт, əтеш əңгімесін енді жазам. Жырақ жүр ақымақтан зиянгерден Кесірі тиетұғын талай жерде.
БОҚТЫҚТЫ бұрқыратып теуіп жүріп, Меруертті жатқан əтеш көзі көрді.
Асылға жарқыраған көзін салмай, Мінекей ақымақтың айтқан сөзі.

  • Бұл тасқа текке алғысыз осыншама, Береді неткен адам үлкен баға, Табылса жарты бидай бұдан дағы, Аузыма қояр едім салып мана.

Бидайдың нақ қарауға ажары кем, Меруертпен сұлулыққа болмайды тең, Тоқтығы сонда дағы көш жер артық, Табылса қалар едім қуанып мен.


  1. Шығарма қандай жанрда жазылған?


  1. əңгіме

  2. ертегі

  3. мысал

  4. эссе



  1. Қай мақал мәтіндегі оқиғаға сәйкес келеді?


  1. «алтын күміс тас екен, арпа, бидай ас екен»

  2. «алтын көрсе періште жолдан таяр»

  3. «асыл тас жерде жатпас»

  4. «таспен атқанды аспен ат»



  1. Мысалдан түйетін ғибрат қандай?


  1. ақымақ асылдың бағасын түсінбес

  2. «соқыр тауыққа бəрі бидай»

  3. «қарға қарғаның көзін шұқымайды»

  4. асыл меруерт жерде жатпас



  1. Қай мақал-мәтелдің мағынасы мәтін идеясына сәйкеседі?


  1. «қыранның бірі алтын, бірі күміс, бірі маржан, бірі меруерт»

  2. «ит маржанды не қылсын»

  3. «тесік моншақ жерде қалмас»

  4. «ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады»



  1. Мысалда қандай мақал кездеседі?


  1. «Жаман адам алтынды да мыс етер»

  2. «тарысы піскеннің тауығы»

  3. «тауықтың түсіне тары кіреді»

  4. «тары болса, тауық табылады»








Мұнай қашан өндірілді?


Қазіргі кезде мұнайды бəрі біледі. Ол болмаса ұшақтар ұшпай, көліктер жүрмей, жарықсыз-жылусыз қалар едік.
Адамдар .... мұнайдың қадір-қасиетін білген. Жер бетіне шығып жататын мұнайдан дəрі-дəрмек жасаған. Ал өндіріс үшін оны өңдеу 1859 жылдың 28 тамызында басталыпты. Американдық заңгер Георг Бисселл мұнайдың құрамын тексеру үшін лабораторияға береді. Нəтижесінде оның құрамынан жанар-жағармай, басқа да химиялық қоспалар анықталады. Содан ол 1857 жылы Эдвин Дрейк дегенді жұмысқа жолдайды.
Ол əуелі жер астындағы мұнайды шығару үшін бұрғы салады. Бірақ бұрғылаған сайын топырақ құлай береді. Әрі ойлап, бері ойлап ақырында бұрғыны құбырдың ішіне салып бұрғылайды. Осылайша екі жылда 21 метр қазғанда жерден мұнай шығады. Міне, содан бері 156 жыл өтіпті. Мұнай əлі күнге дейін сол əдіспен өндіріліп келеді.


  1. Мәтінде мұнайдың жанар-жағармайдан өзге қандай қасиеті айты лады?


  1. бояғыш қасиеті

  2. дəрілік қасиеті

  3. порфюмериалық қолданысы

  4. тұрмыстық тұтынымы



  1. Мұнай қандай әдіспен өндіріледі?


А) үңгіп қазу əдісімен

  1. қопару əдісімен

  2. бұрғылау əдісімен

  3. опыру əдісімен



  1. Жерді терең бұрғылау үшін адамдар қандай амал ойлап тапты?


  1. сумен атқылау

  2. бұрғыны құбырдың ішіне салып бұрғылау

  3. қопарғыш зат пайдалану

  4. атом энергиясын пайдалану



  1. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?


  1. əуелден-ақ

  2. бертін келе

  3. кештеу

  4. əлі күнге



  1. Мәтінде мұнайдың қасиетін алғаш тексертуші қай елдің азаматы делінген?


  1. Италия

  2. Жапония

  3. Америка

  4. Россия


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет