«Қазақ тілі бойынша олимпиадаға дайындық» курсының мақсаты



бет1/3
Дата25.01.2023
өлшемі30,23 Kb.
#62812
түріСабақ
  1   2   3

Түсінік хат
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан олимпиадаға өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты — оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Бұл бағдарлама 8-9 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша олимпиада бағдарламасына негізделген.Сонымен қатар қазақ тілін тереңдете үйренгісі келген оқушылар да пайдалана алады.
Аталмыш бағдарлама синтаксистік талдауды үренуге мүмкіндік тудырады. Бағдарлама жоспары оқушылардың жазбаша тілін дамытуға көмек көрсетеді.Бағдарламада сөздердің грамматикалық байланысынан бастап сөйлемнің тыныс белгілеріне дейін қамтылған.
«Қазақ тілі бойынша олимпиадаға дайындық» курсының мақсаты — ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
— оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;
— тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеу;
— теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
— оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 68 сағатқа құрылған. Оның 6 сағаты тест жұмысына 2сағаты кіріспеге, 2сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» /морфология/, М.Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» /синтаксис/ атты еңбектері пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет