«Қазақ тілі бойынша олимпиадаға дайындық» курсының мақсаты


Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі



бет2/3
Дата25.01.2023
өлшемі30,23 Kb.
#62812
түріСабақ
1   2   3
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Курсты жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:

  1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

  2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

  3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

  4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;

  5. Деңгейлік тапсырмалар орындау;


Қорытындылау: оқушылардың білімі әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.

Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар нені білу керек:
— қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;
— білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
— талдау машығының жоғары болуы;
— орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
— салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйрену керек:
— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
— сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;
— деңгейлік
Білім деңгейін тексеру:

  1. Бақылау жұмысы

  2. Тест жұмыстары

Оқу-әдістемелік кешендер:



  1. Дидактикалық материалда

  2. ҰБТ жинағы

  3. Электронды оқулықтар


Күтілетін нәтиже:
— салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
— практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;
— сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;
Ұсынылып отырған бағдарлама 1 жылға арналған.
9 сыныпқа 1 сағаттан /барлығы 34 сағатқа арналып жазылған.


Оқыту мазмұны
1-тақырып. Кіріспе сабақ.
2 - тақырып. Эссенің тақырыбын дұрыс таңдау
3-4 –тақырып. Эссе мазмұнын ашу
5 — тақырып. Логикалық ой тереңдігін ұшқырлау
6 — тақырып. Эссенің жазылу стилі мен түрі
7-8 — тақырып. Эсседен үзіндіні табу
9-10 — тақырып. Грамматикалық тапсырма
11 — тақырып. Тыныс белгілері және оларды дұрыс қоя білу
12- тақырып. Сөздерде кездесетін орфографиялы қателіктер
13-14 — тақырып. Әдебиет теориясының негізгі мақсаты
15-тақырып. Айшықтау және оның түрлері
16 — тақырып. Анафора дегеніміз не?
17— тақырып. Білім, білік, дағдыны тексері. Тест жұмысы
18-19 — тақырып. Ұйқас. Ұйқас түрлері
20 — тақырып.. Астарлау және меңзеу
21- тақырып. Астарлау және меңзеу
22 — тақырып. Шешендік өнер
23- тақырып. Шешендік сөздің қатысымдық сапалары
24 — тақырып. Тіл дамыту
25 — тақырып. Тлдік жүйе. Тілдік норма.
26 — тақырып. Әдебиет тектері, түрлері
27 — тақырып. Жұрт алдында сөйлеуде ескерілетін қағида
28 -29- тақырып. Берілген тақырыпқа эссе жазу
30 -31 тақырып. Қазақтың аңыз-әңгімелерінің тәрбиелік мәні
32 — тақырып. Морфологиялық талдау
33 — тақырып. «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен ...» жыр-шумақ құрастыру
34 — тақырып. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет