Қазақ тілі және әлем тілдері институты



бет5/8
Дата25.10.2022
өлшемі391.86 Kb.
#45311
1   2   3   4   5   6   7   8

Тұмар патшайым


Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болғанАнасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген.Шамамен б.з.д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көрші мемлекеттердің басым бөлігін өзіне қаратып, "Азия әміршісі" атанады. Осыдан кейін ол Ұлы далаға көзін тігеді. Осы бір жорықта Парсы патшасы Томиристің ері Рүстемді өлтіреді. Ал Кирдің құйтырқы әрекетінен тұтқынға түскен ұлы Спаргапис өз-өзіне қол жұмсайды. Жақындарынан айырылған Ұлы Патшайымды қанша қайғыға батса да, нәзік жүрегін қасірке бөксе де, рухын түсірмей, ерік жігерін жинап алып, жаумен өршелене шайқасты.
Жаумен шешуші шайқаста Томирис патшайымымен бірге сақ-қыздары мен әйелдері де ақтық демі таусылғанша табандылықпен қарсылық көрсетті. Сақ қыздарының мұндай қанды шайқастағы ер мінезінен сескенген парсы әскері ойсырай жеңілген екен.
Ұрыс даласында "Азия әміршісі" Кир патша да өлім құшады. Осы шайқастан кейін Азияның азулы мемлекеті күш-қайраты мен абыройынан айырылып, бұрынғыдай алпауыт ел бола алмаған.
Соғыста ерекше табандылық пен жігерлік танытқан сақ қыздарын тарихшы Геродот "ең қатыгез және ұлы" деп атаған. Грек тарихшысы Томирис патшайымның ерлігін қағазға түсіріп, осы күнге жеткізіп отыр.
Шайқаста Кирдің басы түсіп, Томиристің алдына әкелінеді. Сақ патшайымы тері шанашты қанмен толтыруға бұйрық беріп, Кирдің шабылған басын тастайды: "Аңсағаның қан еді, іш енді соны!" – деп айқайлады. 
Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет