Қарастырылатын тақырыптар



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі7,73 Mb.
#23042
  1   2   3

Минералды тыңайтқыштар сапасы мен мөлшері

Орындаған:Оразақұл Аида

Өмірзақова Нұрсұлу

Жұбатқанова Зарина

Ікмәт Аяулым

Қарастырылатын тақырыптар:

  • Минералды тыңайтқыштар өндірісі.
  • Тыңайтқыштардың жіктелуі.
  • Тыңайтқыштар шикізаттары (апатиттер мен фосфориттер).
  • Қос суперфосфат өндірісі.
  • Технологиялық сызба-нұсқасы

Физиология ғылымы жаңа қалыптаса бастаған кездерде-ақ табиғаттың топырақпен және оның құнарлығымен байланысының сырын ашуға, топырақтың түзілу процесінің мәнін айқындауға, егін себудің неғұрлым тиімді және үнемді әдістерін табуға ғасырлар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Өйткені топырақтың түзілу сырын ашу және оның құнарлылығын арттырудың ғылыми әдістерін белгілеу ауыл шаруашылығы даңылдарынан жоғары және тұрақты өнім алудың аса маңызды теориялық негіздерін қалыптастырады. Бұл мәселе осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ, яғни жоғары өнім алу үшін өсімдікке қажетті қоректік заттар мен суды өз уақытында дұрыс үйлестіріп беру немесе суғара білудің маңызы өте зор.Сөйтіп, адамдар ғасырлар бойы өзінің күнделікті өмірінде қоршаған ортаны, табиғатты игеруде көп тәжірибелер жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды

Жоғары және тұрақты өнім алу үшін топыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердің қоректенуі үшін қажетті элементтері бар тұздарды тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшін біріншіден көміртек, оттек, сутек керек. Бұлар өсімдіктің негізін кұрайды.

Одан кейін N2, Р, К, Mg, S, Са, Ғе.

Микро- және макроэлементтер

Өсімдіктердің қорек алатын негізгі көзі ауа және топырақ. Көміртекті өсімдіктер организміне фотосинтез процесінің нәтижесінде ауа құрамындағы көміртек (IV) оксидінен алады. Аздаған мөлшері топырақ құрамынан тамыр арқылы тарайды. Сутек су құрамынан бөлінеді. Қалғандардың барлығын өсімдіктер топырақ құрамындағы еріген минералды тұздардан алады. Тыңайтқыш ретінде өсімдікке берілетін үш элементтің орыны ерекше: фосфор, азот, калий.

Тыңайтқыштардың жіктелуі. Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты, агрохимиялық жағдайына, физиологиялық әсеріне, қоректену элементтеріне, қоректік заттардың концентрациясына тәуелді жіктеледі.

Шығу тегі бойынша: минералдық, органикалық, органо-минералдық, бактериалдық тыңайтқыштар болып төртке бөлінеді. Минералдық тыңайтқышқа: табиғи және өндірістерде өндірілетін минералдық тұздар жатады. Құрамында өсімдікке керекті элементі бар табиғи және жасанды органикалық тыңайтқыштар да жиі қолданыс тапқан. Мысалы, карбамид, көң, қи, тезек.

Органоминералдық тыңайтқыштар - органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. Мысалы, шымтезек.

Бактериалдық тыңыйтқыштар - топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар.

Агрохимиялық жағдайына байланысты минералдық тыңайтқыштар: тікелей (құрамында өсімдікті қоректендіретін элементтер болатын тыңайтқыштар), жанама (топырақпен араласқанда оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартатын тыңайтқыштар) болып екіге бөлінеді.

Мысалы, топырақты әк немесе доломитпен өңдегенде (СаСО3, MgCО3) қышқылдығы төмендейді, ал гипс (CaSО4 . 2H2О) - cop топырақтың қасиетін жақсартады.



Физиологиялық әсеріне байланысты - қышқылдық, сілтілік, нейтралды болып үшке бөлінеді. Мысалы, (NH4)2SО4, KCl топырақта-қышқылдық, NaNО3, Ca(NО3)2 -сілтілік, KNО3, NH4NО3-нейтралдық қасиетімен әсер етеді. Бірінші топтағы тұздар өсімдікке аниондармен, екінші топта катиондармен, ал үшінші топта катиондармен және аниондар әсер етеді.

Қоректендіргіш элементтерге байланысты - азот, фосфор, калий тыңайтқыштары болады. Егер тыңайтқыш құрамында қоректік зат түрінде тек бір ғана элемент болса – біртектес, ал әртүрлі элементтер болса - әртектес немесе комплексті тыңайтқыштар деп атайды.

Қоректік заттардың концентрациясына байланысты микро- және концентрлі тыңайтқыштар (30% -N2, Р2О5, K2O қосындысы) болады.

Азот фосфор калий тыңайтқышы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет