Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа 0-дік бағалау жұмысы Тест тапсырмалары Жалпы есімді табыңыз



Дата15.10.2023
өлшемі19,76 Kb.
#115432

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа 0-дік бағалау жұмысы
1.Тест тапсырмалары
1. Жалпы есімді табыңыз
А. Шолпан В. Емхана С. Айымгүл Д. Теміртау  Е. Қазақстан
2. Күрделі зат есімді табыңыз
А. Білім  В. Қала  С. Кемпірқосақ  Д. Әділдік  Е. Домбырашы
3. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз ?
Қырғауыл - құстың жаманы.
А. Бастауыш В. Баяндауыш С. Анықтауыш Д. Толықтауыш Е. Пысықтауыш
4. Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінетінін көрсетіңіз ?
А. Сапалық, қатыстық В. Негізгі, туынды  С. Дара, күрделі
Д. Қос сөз, біріккен сөз Е. Қысқарған сөз, тіркесті сөз
5. Есептік сан есімді табыңыз?
А.Оныншы В. Он бес С. Он-оннан  Д. Бес-бестен  Е.Жетеу
6. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз
А) б, в, г, ғ
В) л, м, н, ң
С) з, ж, й, к
Д) к, қ, т, с
Е) а, ә, о, ө 
7. Тура мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Қара шаш В) Жұмсақ мінез С) Қатты сөз Д) Ақ жүрек Е) Суық хабар
8. Тәуелдік жалғауын көрсет
А) - сын,- сін В) - мын,- мін,- пын,- пін С) - мыз,- міз,- быз,- біз
Д) - м,- ым,- ім Е) - сыз,- сіз
9. Берілген сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз
Жақын жерде асхана бар ма?
А) сұраулы шылау арқылы В) интонация арқылы С) сұрау есімдігі арқылы
Д) оқшау сөздер арқылы Е) көмекші есімдер арқылы
10. Сын есімнің шырайларын атаңыз
А) негізгі, туынды В) дара, күрделі С) жалпы, жалқы
Д) сапалық, қатыстық Е) асырмалы, күшейтпелі
11. Болжалды келер шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз.
А) - ды,- ді,- ты,- ті В) - ған,- ген,- қан,- кен С) - атын,- етін,- йтын,- йтін
Д) - ар,- ер,- р Е) - ып,- іп,- п
12. Сын есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Зәулім үйлер қаланың көркіне айналды.
B) Абай мен Ербол қоян қуып ұзақ жүрді.
C) Жиналған жұрт әнге сүйсініп құлақ түрді.
D) Ауыл ұйқыдан әлі ояна қойған жоқ.
E) Елдос ауылға асығыс аттанып кетті.
13. Жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болатын кұрмалас сөйлем қалай аталады?
A) салалас B) сабақтас C) аралас D) құрмалас Е) мезгіл
14. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол жығылып қалды. B) Табиғат – біздің досымыз.
C) Марат күліп жіберді. D) Еңбек етсең, есейерсің.
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
15. Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
A) Бәріміз уәдені орындадық. B) Жата-жастана айтарсыз.
C) Мен ертең келемін. D) Қашан келесіңдер? E) Біз тез келдік.
2-тапсырма. Фонетикалық талдау жаса:


Кітапхана, құндылық, Түркістан


3-тапсырма. Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.

1. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.


2. Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай
қалыптастырамыз?»
тақырыбында шағын мақала жазыңыз. (150-200 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет