«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Ғаламтор ғаламаты. Морфология Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология



Дата31.03.2022
өлшемі34,48 Kb.
#29412

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ғаламтор ғаламаты. Морфология

Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология

Дұрыс тамақтану. Морфология
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

  2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз.

[10]
1-мәтін

Әдемі орауыштағы виртуалды өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?

«Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі гламурлық көріністерге толы. Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті, бұрынғыдай жүздесіп, көзбе-көз шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифт, дәретхана, ванна, спорт-фитнес және өзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды. Тордағы қауымдастықтар «эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды. Гламурдың бас сұқпаған саласы жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге, тіпті, ғылым саласына да ендеп барады. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл, әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл «кесел» қашанға дейін созылады? Келешекте интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады?
2-мәтін

Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?

«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.

Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе?


3-мәтін

Біз кімге айналып бара жатырмыз?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды...

Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?

Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?
4-мәтін

Біз не жеп жүрміз?



Еліміздегі көгөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет