«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз



Pdf көрінісі
бет95/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133
Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз 
кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис 
Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. 
Ертелеу!..Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін 
жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып 
тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның 
президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі 
жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен 
аңғарылады.Жолсерік келіншек. Мәке! Мэлис ағай, сіз маған… әлгі 
айтқаныңыз… Уәдеңіз…Мэлис Әлібаевич. /оны енді байқап/ А, сіз маған 
бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? Арызыңыз бар ма еді?!.. Оны кеңсеге 
әкеліңіз!.. Канцелярияға апарып тіркетсеңіз, маған жібереді… Көреміз 
сосын… Ал, сау болыңыздар!Өзі ерігіп, қыдырып, қызық қуып жүрсе 
де, жұртқа «Жұмыс істеу керек!.. Той тойлап, жүре бермей, жұмыс 
істеу керек!» деп ұрысып кетеді. Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: 
пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері 
де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз қысты, екіжүзділікпен өмір 
сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес 
бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел – сырттай мінсіз, 
халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып 
қалу мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды 
көздеген адамдар.Билетсіз жолаушы – алыпсатарлықтың құрбаны. 
Көліктердің билет сату қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, 
пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – 
қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе. Дегенмен автор билетсіз 
жолаушының ата-баба басына құран оқыту үшін жүргенін келтіру 
арқылы бір үміттің бар екенін де білдіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет