Қазақ тілін оқыту ұстанымдары



Дата11.02.2023
өлшемі52,37 Kb.
#67104
Байланысты:
лекция 3-1

Қазақ тілін оқыту ұстанымдары

Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдары педагогика ғылымының оқу-тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайлы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық ғылымның оқыту әдістері жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық ұстанымдар әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде ана тілі әдістемесінің негізі болып саналады.

  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдары педагогика ғылымының оқу-тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайлы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық ғылымның оқыту әдістері жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық ұстанымдар әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде ана тілі әдістемесінің негізі болып саналады.

Ұстаным дегеніміз

  • Ұстаным немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғашқы бастама) — белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Ұстанымның түрлері


Қазақ тілін оқыту әдістемесі де жалпы дидактикалық ұстанымдарға сүйенеді.
Олар мыналар:
Оқытудың ғылымилық ұстанымы
Оқытудың жүйелілік ұстанымы
Оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы
Оқытудың алдын ала болжау ұстанымы
Оқытудың саналылық ұстанымы
Оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы
Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру ұстанымы
Оқытудың көрнекілік ұстанымы

Оқытудың ғылымилық ұстанымы


Қазақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы ұстанымды басшылыққа алып жасалады. Тек ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан мұғалім оқытудың ғылыми ұстанымын терең білумен бірге, оны оқу-тәрбие ісінде дұрыс пайдалануы да қажет. Сонда ғана ана тілінің заңдылығы мен теориясын қатесіз, оны лингвистика ғылымына байланыстыра отырып түсіндіруге, теориялық материалдарды үнемі практикалық жаттығу, мысалдар арқылы дәлелдеп отыруға болады.

Оқытудың жүйелілік ұстанымы

  • Оқу материалдарының логикалық жағынан бірізбен сатылай құрылу, берілу тәртібін оқытудың жүйелілік ұстанымы дейміз. Яғни оқытудағы берік жүйелілік пен бірізділік – ғылыми білім берудің негізі.

Оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы

  • Оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы – оқу материалдарының дұрыс бір-бірімен сабақтаса орналасуы, берілуі, үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды. Мысалы, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінен кейін сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, зат есімнен кейін есімдік, етістік, көсемше туралы түсінік беріледі.

Оқытудың алдын ала болжау ұстанымы

  • Оқытудың алдын ала болжау ұстанымы – үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп дамыту. Мысалы, бастауыш сыныптарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7-8 сыныптарда жүйелі түрде қайталанады, еске түсіріледі.

Оқытудың саналылық ұстанымы

  • Оқытудың саналылық ұстанымы – үйретілген материалды оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсініп, саналы меңгеруі. Оқу материалдарын саналы түсіну үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретіледі, материалды өз бетінше түсініп, өз сөздерімен айтуға дағдыландырылады. Бұл оқыту ұстанымы оқулықтағы теориялық материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сай, әр оқушыың жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына және білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді.

Оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы

  • Оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы – оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты болуы қажет. Оқушының дүниетану жөніндегі көзқарасын қалыптастыруда білімді тиянақты, берік меңгертудің маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты меңгерту, есінде берік сақтату, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалап отыру сияқты жұмыстарды жүргізу қажет.

Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру ұстанымы

  • Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру ұстанымы арқылы оқушылардың мектептегі алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мысалы, мұғалім түрлі тіл ұстарту, тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, қатесіз жаза білуге дағдыландырады.

Оқытудың көрнекілік ұстанымы

  • Оқытудың көрнекілік ұстанымы де басты рөл атқарады. Көрнекілік ұстанымы жөнінде К.Д.Ушинский былай деген еді: «Көрнекі оқытудағы басты мақсат оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық шығаруға үйрету болып табылады».


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет