Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі



Pdf көрінісі
Дата01.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#78266
түріПрезентация


Орындаған: Қосалы Әлихан ҚТӘ-202 


 

Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған 
туынды түбірлердің жиынтығын айтамыз.(1) 

Мен өз презентацияма негіз қылып бірнеше 
сөзжасамдық тізбектерден құралатын «жол» 
сөзжасамдық ұясын алдым. 

Жол-жолау-жолаушы-жолаушылау 

Жол-жолат-жолатқыз-жолатқызу 

Жол-жолық-жолықтыр-жолықтыру 

Жол-жолақ-жолақша 
Жол сөзжасамдық ұясы 


 

Сөзжасамдық тізбек-бір түбірден тараған бірінен-бірі 
тікелей туындайтын,біріне-бірі негіз болатын негізді 
сөздердің тобы. 

Әуелде адамдардың,малдың күш көліктерінің үздіксіз 
жүрісінен ізденіп салынған соқпақ немесе сүрлеу жол 
деген атауға ие болған. Кейіннен семантикалық 
жағынан мағынасы кеңейіп, «ата жолы», «алланың 
жолы» «салт-дәстүр,әдет-ғұрып,жоралғы», «қағаздағы 
сөздердің бір қатарда орналасуы» сынды мағыналары 
пайда болған.
Жол сөзжасамдық тізбегіне 
семантикалық талдау 


 

Жол сөзінен жола етістігі шыққан.Кейіннен тұйық 
етістігінің жұрнағы арқылы жолау(жақындау) етістігі 
пайда болған. Ал жол тізбегіндегі неғұрлым мағынасы 
кең негізді сөз-жолау етістігінен туындаған жолаушы 
сөзі. 

Жолаушы сөзінің семантикалық мағынасы- белгілі бір 
мақсатпен сапар шегуші,жол жүруші адам.(2) 

Жолаушы сөзінің уәждемесінде, жол ұғымы тікелей 
жолаушы сөзінің тууына себепкер болып тұр. 
Жолаушы сөзінің семантикалық 
мағынасы


 
Сөзжасамдық-уәждемелік қатынас тек туынды сөзге қатысты ғана 
орындалады. Туынды сөз жасалу үшін: 
1) сөзге немесе атауға деген объективті тілдік қажеттілік болуы шарт; 
2) денотаттың (болмыстың) номинативтік белгілері қарапайым не 
күрделі сипатта адам танымында қабылданып, сол туралы ұғым 
қалыптасуы керек; 
3) қалыптасқан ұғымды атау үшін ұқсас ұғымдар мен атаулар іріктеледі; 
4) іріктелген атау туынды сөздің себепші негізі болады да, себепші негіз 
бен туынды сөз арасында мағыналық және тұлғалық қатынас орнайды; 
5) тұлғалық және мағыналық қатынас негізінде туынды сөздің уәжділігі 
анықтала алады.(3) 
Сөзжасамдық уәждеме 


 
Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз – екі түбірлес 
сөздің бірінің мағынасы екіншісінің жаңа 
мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық 
себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас.(3) 
Жол сөзі түбір сөз болғандықтан, сөзжасамдық уәждеме 
іздеп керегі жоқ. Әрине бұл жол сөзінің шығу уәжі бар 
дегенді жоққа шығара алмайды. Әуелі жол сөзі пайда 
болды. Жол сөзімен тікелей байланыста үнемі жолда 
жүретін кісі деген уәждемеден(мотив) жолаушы атты 
туынды сөз пайда болды. 
Жолаушы сөзінің 
сөзжасамдық уәждеме
сі 


 

Бұл сөзжасамдық тізбектің де түбірі жол сөзі. Сондықтан 
туынды сөздердің мағынасы жолдың айналасынан қатты 
алшақтап кете алмайды. 

Жолық. -ық етістік тудырушы жұрнағы арқылы жаңа сөз 
туындап отыр. Семантикалық мағынасы-кездесу,бетпе-бет 
жүз көрісу,ұшырасып қалу.(2) 

Жолығу- тұйық етістік жұрнағы арқылы жолық сөзінің 
түрленуі. Семантикасында күдікке қарағанда нақтылық 
басым. 

Уәждемесі- жол сөзінің тікелей мағынасы кеңеюі 
нәтижесінде туындаған туынды сөздер. Мағыналары жақын. 
 
Жол,жолық,жолығу, тізбегі 


 

Кез келген сөзжасамдық тізбектегі негіз сөздер, өзі 
негіз болып тұрған сөздің уәждемесіне айналады. Тек 
тізбек соңындағы сөз ғана уәждеме бола алмайды.

Толқын сөзінің уәждемесі толқы, тасқын сөзінің 
уәждемесі тасы сөздері екені белгілі. Сол сынды өр 
сөзі өрмек, өрмек сөзі өрмекші сөзіне уәждеме 
болатынын ұмытпаған жөн. Демек әрбір туынды 
сөздің уәжі,уәждемесі болатыны хақ. 
Қорытынды 


 

1. Нұржамал Оралбаева «Қазақ тілінің 
сөзжасамы» 

2.
Sozdikqor.kz сайты 

3.
https://pps.kaznu.kz Салқынбай 
Анаркүл Бекмырзақызының дәрісі 
Дереккөздер: 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет