Жолдары қарастырылған. Капий теңізі-тұйық су қоймасы. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атады



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата26.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#143833
  1   2   3   4   5   6


SOCIAL MENTALITY AND 
RESEARCHER THINKERS JOURNAL 
Open Access Refereed E-Journal & Refereed & Indexed 
ISSN: 2630-631X 
 
Social Sciences Indexed
 
www.smartofjournal.com / editorsmartjournal@gmail.com 
January 2016
Article Arrival Date: 09.11.2015
Published Date: 30.01.2016 
Vol 2 / Issue 2 / pp: 11-17
Каспий Теңізінің Экологиялық Проблемаларын Шешу Жолдары
 
The Caspian 
Sea Environmental Problem’s Solution Ways
Tileujan .O. ABISHEVA 
Assoc.Prof.Dr Kazakh State Women’s Teacher Training University, Kazakhistan
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада Каспий теңізінің экологиясы, органикалық дүниесі экологиялық проблемалары және оның шешудің 
жолдары қарастырылған. Капий теңізі-тұйық су қоймасы. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер 
шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атады. Неоген дәуірінің аяғында жер 
қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінген. Жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м 
төмен жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км созылып жатыр. Теңіздің жағалау сызығының ұзындығы 
7000 км. 
Тірек сөздер:
Неоген, дрейсендер, бекірелер, майшабақ, табан балық, сазан, каспий миногасы, мониторинг, 
полихеттер. 
ABSTRACT 
Hydrology, organic world and ecological problems of Caspian sea and way of their decision, is examined in the article. 
Capi Sea - closed water reservoir. The largest lake in the world, located in Europe and Asia. Looking at the older, it was 
called the sea. At the end of the Neogene era, the Black Sea was separated from the rise of the Earth's crust. Total area is 
376 thousand km2. Its surface is below 28 meters below sea level. From the north to the south extends to 1200km. The 
coastline of the Tengiz is 7000 km long. 
Key Words:
Neogene, dreysena, sturgeon, vobla, sprat, bream, sazan, Caspian lamprey, monitoring, polikheta. 
Капий теңізі-тұйық су қоймасы. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең 
үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атады. Неоген дәуірінің аяғында жер 
қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінген. Жалпы ауданы 376 мың км
2
. Оның беті 
теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км созылып жатыр. 
Теңіздің жағалау сызығының ұзындығы 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып 
жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29 % (2340 км), Ресейге 16 %, Әзербайжанға 
20 %, Түркіменстанға 21 %, Иранға 14 %, тиесілі. Каспийге 130 ға жуық өзендер, ағынды сулар 
құяды. 80 % суды Еділ өзені, 5% Жайық өзені құяды. Ағынның 10 – 11 %-ын Батыс 
жағалауындағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5 %-ы Иран 
жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет