Қaзaқcтaн Pecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивepcитeтi филoлoгия фaкультeтi



Дата20.12.2023
өлшемі90,04 Kb.
#141865
Байланысты:
Сөж Айбат Синтаксис


Қaзaқcтaн Pecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивepcитeтi
филoлoгия фaкультeтi

СӨЖ
Пәнi: Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Тaқыpыбы: Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуы: хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер. Лепті сөйлеммен сөйлеудегі коммуникативтік мақсат. Сөйлемді лепті, лепсіз деп топтау. Сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді логикалық, тілдік аспектіде саралау.


Тoбы: ҚФ-302
Орындаған: Сансызбаев. А.
Тeкcepгeн: Иманалиева Ғ.


Aлмaты 2023 жыл

Тілдің коммуникативтік қызметі сөйлеу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Адамдардың бір-бірімен қарым қатынасы кезінде, пікір білдіруде сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты бірінші орында болады. Яғни сөйлем дегеніміздің өзі тілдің коммуникативті бірлігі болғандықтан, 


онда белгілі бір коммуникативтік мақсат болуы тиіс, яғни тыңдаушыға 
əсер етуді көздеуі тиіс. Сөйлемді бұл тұрғыдан топтастыру А.Байтұрсынұлының еңбектерінен 
бастау алады. А.Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылуына қарай төртке бөледі: сұраулы сөйлем, лепті 
сөйлем, тілекті сөйлем жəне жай сөйлем. Осының ішінде тілекті сөйлемді əрі қарай бұйрық, өтініш, 
үгіт (ақыл), жай тілек деп бөледі. Ал жай сөйлем деп отырғанына «сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдерді» жатқызады, яғни қазіргі хабарлы сөйлемді меңзеп тұрса керек. Сөйлемді ең басты синтаксистік санат ретінде мойындаған С.Аманжолов – қазақ тіл білімінде синтаксиске қатысты көптеген 
ой қалдырған ғалымдардың бірі. Ғалым жай сөйлемдерді мағыналық жағынан хабарлы, сұраулы жəне лепті сөйлем деп қарастырған. Осы тектес топтастыру Х.Арғыновтың «Жай сөйлем синтаксисінен
грамматикалық таблицалар» еңбегінде, Н.Сауранбаевтың еңбектерінде кездеседі. Бірақ Х.Арғыновтың 1974 жылы жазылған əдістемелік құралында бұйрықты сөйлемге қатысты пікірлері де бар. Қ.Жұбанов сөйлем түрлерін сөйлем сазы деп бере келе, С.Аманжолов, Х.Арғынов, Н.Сауранбаевтың нұсқаларына сəйкес бөлген, тек лепті сөйлемнің атауын леп сазы деп қолданған. Ал М.Балақаев аталған сөйлем түрлеріне бұйрықты сөйлемді қоса жіктейді. Осы мазмұндағы пікірді О.Күлкенованың сөйлемдерді коммуникативтік мақсатына жəне оған тəуелді интонациясына қарай 
хабарлы, сұраулы, бұйрықты жəне лепті деп қарастырған «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем 
синтаксисі» атты еңбегінен таба аламыз. Ж.Садуақасұлы да «Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер» деген монографиясында жай сөйлемдерді мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты деп береді. Нақты сөйлеу процесінде баяндаудың берілу мақсаты жағынан сөйлемді хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер, ал эмоциялық мағынасына қарай үстемелі лепті, арнаулы 
лептті сөйлемдер деп жіктеген О.Төлегенов топтастырудың жаңаша үлгісін ұсынады. Р.Əмір жай сөйлемдерді топтауда сөйлеудегі ерекшеліктеріне баса назар аударады. «Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана  жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен қатар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін
сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына да байланысты болады. Сөйлеудің осы мақсаттары тілде сөйлемнің тиянақты формалары арқылы көрінеді», – дей келе сөйлеу мақсатына қарай сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті деп жіктейді.
Қазақ тіл білімінде сөйлемдi коммуникативтік мақсатына қарай топтауда ғалымдар арасында түрлі көзқарас бар. Байқап отырғанымыздай,  көптеген авторлар сөйлемдi хабарлы, 
сұраулы, бұйрықты, лептi деп 4 топқа бөледi. Т.Н.Ермекованың айтуынша, соңғы кезде түркiтануда сөйлемдi коммуникативтік мақсатына қарай үш түрге (хабарлы, сұраулы, 
бұйрықты) бөлу ұстанымы орныққан. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемнiң мазмұны
эмоциялық мағынаға ұласуы да, ұласпауы да мүмкін болғандықтан, лептi сөйлемді ғалымдар айрықша мағыналық тип ретінде таниды. Ж.Д.Рапишева мен Ж.А.Тұрлыбекованың мақалаларында сөйлемдердің коммуникативтік типтерін оппозициялық жұптарда (хабарлы 
сөйлем — бұйрықты сөйлем, хабарлы сөйлем — сұраулы сөйлем) қарастырғанда, сөйлемнің коммуникативтік типтерінің айырым белгілері сөйлемнің актуалды мүшеленуіндегі айырмашылықтармен, яғни айтылымның логикалық предикаттарын білдіретін ремалық 
компанттер сипатымен тікелей байланысты екенін айтады. Яғни «хабарлы сөйлемнің  ремасыбелгілі бір оқиға, құбылыс, қасиет, дерек туралы тікелей хабар, ақпар берсе, бұйрықты сөйлемнің ремасында сөйлеушінің талап етіп немесе қалап тұрған іс-əрекетінің мазмұны, яғни тыңдаушыны іс-əрекетке итермелеу болады. Сұраулы сөйлемнің ремасында сұраққа жауап алу көзделген, яғни тыңдаушыны жауап беруге, кері ремаға бағыттайды». Ал лепті сөйлемнің коммуникативтік мақсаттық дəрежесі ремадан көрінбей, лептілік сөйлемнің қосалқы белгісі болатынын, сондықтан  осы белгі негізінде хабарлы, сұраулы,
бұйрықты сөйлемдер екі нұсқада беріле алатынына мына мысалдарды келтіреді: 
– Тоқтат, ақымақ! — Ғафу етіңіздер. Меймансыздар, кінə менен.   Ал енді... келген іздеріңізбен кері қайтасыздар!. Дегенмен лепті сөйлемдер қарым-қатынас кезіндегі сөйлеушінің көңіл күйінің бір көрінісі арқылы туындайды. Ғалым Р.Əмір былай 
дейді: «Сөйлемдерді айтылу мақсатына сай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті деп бөлуіміз – коммуникативтік талапқа сай құрылудың бір көрінісі ғана. Коммуникативтік талаптар алуан түрде көрінеді. Оларды негізінен екі топқа жатқызған дұрыс: бірінші 
дәрежедегі коммуникативтік талаптар, екінші дəрежедегі коммуникативтік талаптар.Бірінші дəрежедегі коммуникативтік талаптарға сай пайда болған конструкцияларды (екі негізді 
хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер) базистік деп танимыз. Екінші дəрежедегі коммуникативтік талапқа сай конструкциялар (туынды) осыларға синтагмалық, парадигмалық 
жағынан негізделіп туады», – дей келіп, құрмалас сөйлем жүйесіндегі коммуникативтік талаптың көрінісі ретінде үнемділік пен актуализациялауды көрсетеді. Т.Н.Ермекова өз зерттеуінде сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай  бөлу үшін үш ұстанымды негізге алады: мазмұнына қарай: хабарлы, сұраулы, бұйрықты; орын тəртібіне байланысты: базистік жəне актуалданған орын тəртіпті; эмоцияның қатысына қарай: лепті жəне лепсіз.
Осылайша сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай топтастырудың жаңа үлгісін ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет