Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін
нәтижелер
|
Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; сөйлеу, сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: мұғалімнің қолдауымен сұраққа жауап болатын сөйлемдерден шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: мектеп тәртібін сақтауға, ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге үйренеді.
|
Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптың оқу әрекетіне мотивін тудыру.
Психологиялық жағымды ахуал орнату.
«Ойлан, тап, жаса» жаттығуы. Мұғалім
«қуану», «ренжу», «таңғалу», «жылау» кейпіндегі смайликтерді көрсетеді. «Қуанған кезде адамның бет-бейнесінде қандай өзгеріс болады? Кәне, айтып көрейікші». «Ренжіген кезде ше?». Сосын оқушылардан қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерін түрлі жағдаяттарда ым, қимылмен көрсетуді сұрайды:
Мектепке баратыныңды алғаш естігенде қандай көңіл күйде болдың? Ым, қимылмен көрсетіпкөр.
Қазіргі көңіл күйіңді қимылменкөрсет.
|
Оқушылар көрсетілгенсмайликтерді
«ренжу», «қуану», «таңғалу», «жылау» түрлеріне ажыратады.
«Мектепке баратыныңды алғаш естігенде қандай көңіл күйде болдың? Ым, қимылмен көрсетіп көр» тапсырмасынорындайды.
Парталас жұбына қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерінің біріне жағдаят құрастырыпжасырады:
«Сәулеге әкесі планшет сатып алып беретінін айтты. Сол кезде Сәуленің бет-бейнесінде қандай өзгерістер болды?» (Екі езуі құлағына жетті. Көзі күлімдеді).
|
Дұрыс орындаған балаларды мадақтау
|
Қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерін білдіретін смайликтер
|