Азаматтық қоғам



Дата06.01.2022
өлшемі105,14 Kb.
#14556

Азаматтық қоғам

Аманбаев Нұртөре

Қалқабек Ақжол

Касымов Нұртас

  • Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель.
  • Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі — адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі жəне қоғамның мүддесі.
  • Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, əлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды.
  • Карл Маркс өз еңбектерінде қысқаша: “Қоғам – адамдардың өзара еңбек жасауының одағы” – деп жазған.
  • Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардығ ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нəтижесіз тез таралып кетер еді. Адам қоғамның ең басты құрылымы. 

Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

  • саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
  • қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде-мақсаттың қалыптасуы;
  • адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
  • қоғамдық мүдде-мақсат,  тілек   арқылы   қарым-қатынастарды  реттеп-басқару,  қоғамды басқаратын, қоғамдық тəртіпті қорғайтын мемлекеттік аппараттың өмірге келуі.

Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті ерікті шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы жəне саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Адамның объективтік тарихи даму процесіне жəне күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез жарап жатады. Олардың өмірі, іс-əрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмады, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет.

Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің ел халқына Жолдауындағы тапсырмасына сəйкес Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. 

Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғышарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеретін уақыт келген сияқты.

Яғни үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы Демократия жəне азаматтық қоғам мəселелері жөніндегі ұлттық коммисияның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс.

Мұндай кешенді іс-шаралар тəуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ. 

Карл Маркс

Феодалдық қоғамды жою үшін ескі тəртіпке қарсы шыққан төнкеріліс, бүкіл сословиелерді, корпорацияларды, цехтарды, артықшылықтарды жəне мемлекет алдында бағыныштылардың тең құқықтылығы қағидасын бұзатын басқа да институттарды жоюға бағытталды.

Осылайша, Маркс айтқандай: «Азаматтық қоғамның саяси сипаты жойылды». Ескі тəртіпке қарсы саяси төнкерілісті, Маркс азаматтық қоғамның төнкерілісі деп негізді атаған. Ол жалпыға бірдей жəне міндетті құқықтық тəртіпті орнатуға тағайындалған.

  • Марксизмде азаматтық қоғам мəселесіне ерекше ұстаным қалыптасады. Гегельді қайталап, К. Маркс азаматтық қоғамды табиғатпен жаратылған қалып ретінде емес, тарихи дамудың нəтижесі ретіндегі тарихи феномен деп санаған. Мемлекетпен кепілдік етілетін азаматтық қоғам, мəңгі табиғи заңдарға бейімделмейді.
  • Азаматтық қоғамды, өндірістің, таптық күрестің ерекше нысандары жəне қатынастарымен сипатталатын жəне де тиісті саяси-құқықтық механизмдермен қорғалатын, тарихи анықталған құрылымдар құрайды.

Азаматтық қоғамның өзі өтпелі сипатқа ие, өйткені ол азаматтық қоғамды дүниеге əкелген буржуазиялық қоғамды жоятын пролетариатты дүниеге əкеледі. Өз талдауын өндіріс тəсілі негізінде қалыптастырған Маркс үй шаруашылығы, ерікті ассоциациялар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектептер, ауруханалар жəне т.б. сияқты азаматтық қоғамның элементтеріне тиісті назар аударған жоқ.

Ол XVIII ғасырдан бастап пайда болған, инженерлердің, дəрігерлердің, заңгерлердің тағы басқалардың кəсіби одақтарын елемеді. Маркстың теориясында азаматтық қоғам жеке мүддені білдіреді. Азаматтық қоғам материалдық салаға жатады, ал мемлекет болса, қондырманы құрайды. 

«Еврей мəселесіне» деген еңбегінде Маркс: «Аяқталған саяси мемлекет — өзінің мəні бойынша адамның материалдық өміріне қарама-қарсы болатын оның тектік өмірі. Осындай өзімшіл өмірдің алғышарттары мемлекеттік саладан тыс болатын азаматтық қоғамда өз өмір сүруін жалғастырады.

Дамыған саяси мемлекетте адам қос өмірде өмір сүреді, яғни, саяси қауымда қоғамдық жан ретінде жəне азаматтық қоғамда жеке тұлға ретінде əрекет етеді. Азаматтық қоғамда адам шынайы индивид болады. Мемлекетте болса, адам тектік жан ретінде танылып, өзінің шынайы даралығынан айрылған».

Пайдаланған әдебиеттер:

  • https://abai.kz/post/73317
  • Азаматтық қоғам. Адам — қоғамның бірінші клеткасы
  • https://articlekz.com/kk/article/16960
  • Азаматтық қоғам институттары: тарихи-теориялық аспектілер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет