Қазақстан Білім және Ғылым минстрлігі



Дата13.03.2023
өлшемі407,42 Kb.
#73783

Қазақстан Білім және Ғылым минстрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Физика – техникалық факультеті



СӨЖ
Табиғаттағы әсерлесулердің түрлері
Орындаған: Абилкасым Балжан
Физика 205
Тексерген: Нұрғалиева Құралай
Табиғатта кез келген дене бір-бірімен өзара әсерлеседі. Жәнеде оның 4 түрін қарастыруға болады .Олар
1.Гравитациялық
2.Электромагниттік
3.Күшті немесе ядролық
4.Әлсіз әсерлесулер
1.Гравитациялық әсерлесу кез келген денелердің арасында орын алады.Алайда элементар бөлшектердің массасы өте аз болғандықтан микробөлшектер әлемінде аса рөл атқармайды. Гравитациялық әсерлесуден туатын күшті бүкіл әлемдік тартылыс күші яғни ауырлық күші деп атайды. Кез келген денеге жердің гравитациялық өрісі әсер етпей қоймайды. Оны алғаш И Ньютон ХVII ғасырдың аяғында ашты. Жалпы гравитациялық әсерлесу бойынша материялдық нүктелер массасына тура пропорционал , ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болып тартылады .

Мұндағы m1 және m2 денелердің гравитациялық массалары. Ал G болса гравитациялық тұрақты шама мәні G=6,673• 10-11 H •m 2/kg2 .


2.Электромагниттік әсерлесу гравитациялық әсерлесуге қарағанда әлде қайда күшті болып табылады. Ол электр заряды немесе магниттік моменті бар бөлшектер арасында электромагниттік өріс арқылы берілетін әсерлесу болып табылады. Бұл әсердің бір қасиеті әр түрлі зарядтар (әраттас зарядтар)бір біріне тартылады, бірдей зарядтар (аттас зарядтар) бірін бірі тебеді . Және осы әсерлесуді тасымалдайтындар фотондар. Оның әсер радиусы шексіз. Интенсивтігі күшті әсермен салыстырғанда 1/137 .

Зарядтардың әсерлесу күші Кулон заңымен сипатталады. Барлық зарядтардың шамасы е=1.6 •10-19 тең минимал элементар зарядтарға еселенеді.
3.Күшті немесе ядролық әсерлесу адрондар, лизондар және нуклондар арасында жүзеге асады.Дербес жағдайда атомдық ядро арасындағы байланысты туғызады. Жалпы осы күшті әсерлесу тіпті үлкен қашықтықтада орын алуы мүмкін (радиусы 1030 cm жуық) . Күшті әсерлесуді сипаттайтын бір көрініс- ядролық күштер.
4.Әлсіз әсерлесу – элементар бөлшектер арасында өте жақын ара қашықтықта туындайды (бірнеше аттометрден аз болған жағдайда).Бұл әсерлесуге фотоннан басқа барлық бөлшектер қатысады.Жәнеде осы әлсіз әсерлесу нәтижесінде атом ядросының бета ыдырауына әкеледі .Осы бета ыдырау процесін алғаш рет италян ғалымы Ферми 1934 жылы ашты . Әсер ету радиусы оте аз шамамен 10-16 cm. Әлсіз әсерлесуді тасымалдаушылар бозондар .Мысалы еркін бос нейтрон стабильді болмағандықтан әлсіз әсерлесудің нәтижесінде 15 мин ішінде протон электрон антинейтрондарға ыдырайды.Алайда әлсіз әсерлесудің біздің әлемімізге пайдасы өте зор болып табылады. Мысалға алатын болсақ әлсіз әсерлесусіз Күн энергия шығаруын тоқтатқан болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет