Қазақстан мен Қхр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас


Қытай тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]



бет2/3
Дата03.12.2022
өлшемі27,26 Kb.
#54562
түріДиплом
1   2   3

Қытай тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Қазақстан тарихына қатысты деректемелер қорынан маңызды орын алады. Бұлардың арасында түрлі сипатта жазылған, сирек кездесетін материалдар да бар. Қытай деректемелері қысқа, үзінділер түрінде жазылғанымен, ұзақ мерзімді (б.з.б. 3 ғасырдан б.з. 19 ғасырына дейінгі аралықты) қамтиды. Бұл жағынан оларға тең келер басқа шығармалар әзірге кездескен емес. Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтіл-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иеліктерімен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге сол елдерге 2 рет (б.з.б. 138 жылы және 115 жылы) саяхат жасаған жан Цяню жеткізді. Оның жазбаларын б.з.б. 145 – 86 жылы өмір сүрген тарихшы Сыма Цян жүйеге келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар» («Щицзи») атты еңбегіне енгізді. Осы кезден бастап ресми қытай тарихнамасының «Баяндау» («Лечжуань») деп аталатын әулеттер жайындағы тарихының бір бөлімінен көрші елдердің тарихына орын беру берік дәстүрге айналды. Сыма Цянның еңбегі ежелгі дәуірден тарихшы өмір сүрген кезеңге дейінгі оқиғаларды қамтитын «еркін тарих» («тунши») жанрына жатады. Кейінірек өзге тарихшылар Сыма Цян ұсынған үлгі тәсілді негізге ала отырып, Қытайда билік еткен әулет шежіресін жалғастырып жазатын болды. Қытай тарихнамасында ресми түрде бекітілмеген «Цин әулеті тарихының алғашқы нұсқасын» («Цин ши гао») қосқанда 26 әулет тарихы саналатын еңбектердің бәрінде де Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер беріп, жүйеге келтіретін, өз заманы үшін толық деп саналатын деректер бар. Бұл жазбалар тек құнды деректер жиынтығы ғана емес, бұлар – іріктеліп, жүйеге келтірілген, нақтылы мақсат, міндеттерді көздейтін, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген халықтар жайлы мағлұмат беретін бірегей жазбалар. Бан Гу (32 – 92) жазған «Щицзе» мен «Ертедегі Хань тарихы» («Цян Хань щу») әулеттер билік құрып тұрған кезде қолға алынған, ал «Кейінгі Хань тарихын» («Хоу Хань щу») 5 ғасырда Фань (398 – 445) жазған. Кейінгі қытай тарихшылары үлгі тұтқан бұл еңбектер Қытай мемлекетінің басқыншылық саясатына жол ашқан күшті империя – Хань әулетіне арналған. Орталық және Орта Азия иеліктері жөніндегі мәліметтер Батыс өлке («Си юй») – Шығыс Түркістанды жаулап алып, онда үстемдігін орнату үшін, түркі-моңғол тайпаларымен (ғұндар) күресу үшін қажет болды. Қытай деректемелері Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі үйсін, қаңлы иеліктері, олардың жер көлемі мен тұрғындар саны (үйсін-630 мың, қаңлы-600 мың), қалалары мен бекіністері, өзге иеліктермен байланысы жөнінде бағалы мәліметтер береді. Қазақстан этнографиясы мен географиясына қатысты мағлұматтары ерекше құнды. Жазбаларда үйсіндердің Іле өзені алқабында орналасқаны, батыс шекаралары Талас өзенінде болғаны айтылады. Бұдан кейінгі дерек 7 – 8 ғасырларға жатады. 945 жылы тарихшылар тобы жазған «Тан әулетінің ескі жылнамасы» («Цзю Таншу») мен 9 ғасырда өмір сүрген Оуян Сю жазған «Тан әулетінің жаңа жылнамасының» («Синь Тан Юань ши») «Лечжуань» тарауында және Цин әулеті кезіндегі (1644 – 1911) тарихи құжаттарында Қазақстанды, Орта Азияны мекендеген халықтардың тарихынан құнды дерек береді. Бұларды зерттеуге үлес қосқандар – орыс синологтары Н.Я. Бичурин, В.Т. Васильев, кеңестік синологтары Н.В. Конер, Л.И. Думан. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі түркі тайпалары туралы деректерді зерттеуде Қытайда тұратын қазақ тарихшылары (Н.Мыңжани, Н.Мұқаметқанұлы, тағы басқа) да үлкен үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет