Ақпараттық хат «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектеп оқушыларына арналған байқау



бет1/7
Дата28.02.2023
өлшемі59,45 Kb.
#70575
  1   2   3   4   5   6   7

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРХИВІ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында»
мектеп оқушыларына арналған байқау

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауын жариялайды.


Байқаудың мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, олардың тарихты оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық тарихқа қатысты деректі дереккөздерді, туған жер, отбасы туралы деректі дереккөздерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.
Байқауға Алматы қаласы жалпы білім беру мектептерінің 6-11 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстарды бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
Ұйымдастыру және қатысу шарттары Байқау туралы ережеде қоса берілген, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің http://archive.president.kz/ru/ сайтында орналастырылған.
Байқауға қатысу үшін жұмыстарды келесі бағыттар бойынша ұсынуға болады:
1. Отбасылық архив – шежіре кілті
2. Адам тағдырының қасіреті
3. Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы
4. Менің отбасым еңбек даңқы тарихында
5. Менің отбасым қала тарихында
6 Отбасы – дәстүр сақтаушысы
7. Менің отбасымның Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі
Байқауға қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі – 2023 жылғы 1 наурыз.
Байқау жұмыстарын 2023 жылғы 10 сәуіріне дейін umc.aprk@gmail.com мекенжайына жолдау қажет.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Байқау лауреаттары мен қатысушыларын марапаттау Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өтеді.
Анықтама үшін телефондар: +7 (727) 262 21 72, +7 777 723 0307.
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында»
мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы туралы ереже




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет