Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


-сабақ  Қосмекенділердің орталық жүйке жүйесі және қаңқасы



Pdf көрінісі
бет30/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
9-сабақ 
Қосмекенділердің орталық жүйке жүйесі және қаңқасы. 
Сабақтың мақсаты: Бақаның орталық жүйке жүйесі мен қаңқасының 
құрылысымен танысу. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Бақаның  бас  миының  ылғалды 
препараттары және ми сауытының, омыртқа жотасының, аяқтарының, түрлі 
түсті кестелер. 
Жалпы түсінік. 
Қосмекенділердің орталық жүйке жүйесі бас миынан, жұлыннан, арқа 
миы және симпатикалық жүйке жүйесінен тұрады. 
 
 
 
29-Сурет. Қосмекенділердің миының құрылысы. 
 
Бақаның  бас  миы  бес  бөлімнен  тұрады.  Мидың  бірінші  бөлімін 
алдыңғы  ми  деп  атайды.  Ол  бақада  бір  –  бірінен  жақсы  ажыратылатын  екі 
жарты шарлардан тұрады. Әрбір жарты шардың алдыңғы жағында иіс сезу 
бөлімі бар, одан иіс сезу жүйкесі шығады. Алдыңғы мидың артқы жағында 
аралық ми орналасқан. Оның үстіңгі бетінде ішкі секреция бездерінің бірі  – 
эпифиз болады. Ал аралық мидың астыңғы жағында көру жүйкесі, воронка 
және  гипофиз  бар.  Бақаның  ортаңғы  миының  көп  бөлігі,  екі  дөңгелек 
пішінді  көру  аймағынан  тұрады.  Бақаның  мишығы  нашар  жетілген.  Ол 
ортаңғы  мидың  артқы  жағына  орналасқан.  Бас  миының  соңғы  бөлімі 
сопақша  ми.  Оның  көлемі  үлкен,  үстіңгі  жағында  ромба  пішінді  шұңқыры 
бар.  Сопақша  ми  арқа  миы  –  жұлынмен  жалғасады.  Қосмекенділердің 
симпатикалық жүйке жүйесі жақсы жетілген. Олар тізбекті жүйке түйіндері 
күйінде омыртқа жотасының екі жанын қуалай орналасқан. 
Бақаның  бас  сүйегінің  құрылысында  сүйектер  саны  онша  көп  емес. 
Оның көпшілік бөлігі шеміршектен тұрады. Бақаның бас сүйегін ми қорабы 
және висцераль қаңқасы ретінде екіге бөліп қарастыруға болады. 
Ми  сауыты  бас  миын  барлық  жағынан  қоршап  тұратын  хондральды, 
жабынды  сүйектерден  және  шеміршектерден  құралған.  32-А  суретінде 


 
көрсетілгендей ми қорабының, сауытының желке бөлімі екі бүйірлік шүйде 
сүйектерінен тұрады. Оның әрқайсысында омыртқамен жанасатын  ілмешек 
дөңес  сүйектері  бар.  Сүйекті  балықтарда  болған  үстіңгі  және  астыңғы 
шүйде сүйектер қосмекенділерде дамымаған, ал шеміршек түрінде болады. 
Ми  сауытының  жанын  құрауға  бірнеше  сүйектер  қатысады.  Есту 
капсуласының  маңында  екі  құлақ  алды  сүйегі  бар.  Құлақ  алды  сүйегінің 
сырт  жағынан  қабыршақ  сүйек  жанасады.  Көз  ойықшасының  алдыңғы 
жағынан  сына-иіс  сүйегі  орналасқан.  Ол  ми  сауытының  үстінен  қарағанда 
көрінбей, маңдай-төбе сүйегінің орнында қалады. 
Ми  сауытының  үстіңгі  қақпағы  бірқатар  жабынды  сүйектерден 
тұрады.  Солардың  ішінде  көлемдісі  маңдай-төбе  сүйегі.  Ол  әсіресе 
құйрықсыз  қосмекенділерде  жақсы  жетілген.  Оның  алдында,  бақаның 
тұмсығына жақын жерде мұрын сүйегі бар 
Ми  сауытының  түбін  құрауға  екі  түрлі  топқа  жататын  сүйектер 
қатысады: 
1)Ми  сауытының  өзінің  жабынды  сүйектері-парасфеноид  және 
кеңсірік, онда кеңсірік тістері бар. 
2)Висцераль  қаңқасының  сүйектері-жұп  таңдай  сүйегі  және  қанат 
тәрізді сүйек. 
Қосмекенділердің 
висцераль 
қаңқасының 
балықтардікімен 
салыстырғанда бірқатар өзгерістері бар. Атап айтқанда қосмекенділерде тақ 
жақ  сүйектер  доғасы  ғана  жетілген,  ал  тіл  асты  және  желбезек  доғалары 
редукцияға  ұшыраған  не  жойылған.  Таңдай  шаршы  шеміршегі  ми 
сауытының астына бірігіп кеткен, ал шаршы сүйек дамымаған. 
Қосмекенділерде жоғарғы жақ сүйегінің қызметін екінші ретті жолмен 
жабынды  сүйектерден  пайда  болған  жақ  сүйек  атқарады.  Оны  жақаралық 
немесе жақ алды және жоғарғы жақ сүйектері құрайды. Бұл сүйектерде ұсақ 
тістер  болады.  Жоғарғы  жақ  сүйектері  таяқша  пішіндес  шықшыт  шаршы 
сүйегімен ұштасып тұрады. 
Қосмекенділердің төменгі жақ сүйегі негізінен меккель шеміршегінен 
тұрады.  Оның  сырт  жағында  тіс  және  бұрыш  жабынды  сүйектері  бар. 
Меккель  шеміршегінің  алдыңғы  жағының  сүйекке  айналуынан  иек  сүйегі 
пайда болған. 
Қосмекенділерде  желбезек  доғалары  олардың  итшабақ  сатысында 
болады да ересектерінде қойылады. 
Бақаның омыртқа жотасы 4 бөлімге жіктеледі: мойын,  тұлға, сегізкөз 
және құйрық. 
 


 
 
 
30-Сурет. Бақаның қаңқа құрылысы.
 
 
1.Мойын бөлімі. Қосмекенділерде мойын бір ғана омыртқадан тұрады. 
Оның омыртқа денесі және бүйірлік өсінділері болмайды, алдыңғы жағында 
екі жалғаныс шұқыршағы бар. Оларға шүйденің екі ілмешек сүйектері кіріп 
тұрады. 
2.Тұлға  бөлімі.  Бақада  тұлға  бөлімі  7  омыртқадан  тұрады,  ал 
құйрықты  қосмекенділерде  бұл  бөлімдегі  омыртқалардың  саны  60-тан 
асады.  Бұл  бөлімнің  омыртқа  құрылысында,  омыртқа  денесі,  бүйірлік 
өсінділері,  үшкір  өсіндімен  аяқталатын  жоғарғы  доғасы  бар,  алды  ойыс, 
арты дөңес. Бұндай құрылысты омыртқаны процельді деп атайды. Жоғарғы 
доға ортасында жұлын өтетін тесігі бар. 
3.Сегізкөз  бөлімі.  Мойын  бөліміндей  бір  ғана  омыртқадан  тұрады. 
Басқа  бөлім  омыртқаларымен  салыстырғанда  сегізкөз  омыртқасы  қуатты 
әсіресе  оның  бүйірлік  өсінділері  мықты  жетілген.  Оған  жамбастың  мықын 
сүйегінің ұшы тіреліп тұрады. 
4.Құйрық  бөлімі.  Бақаларда  құйрықсыз,  қосмекенділерде  омыртқа 
жотасының құйрық бөлімі уростиль деп аталатын ұзынша бір ғана сүйектен 
тұрады.  Ол  құйрық  омыртқаларының  бірігіп  кетуінен  пайда  болған.  Ал 
құйрықты қосмекенділерде бұл бөлімде 20-30-дай омыртқалардан тұрады. 
Алғашқы құрлық жануарлары ретінде қосмекенділерден бастап қатты 
субстартпен қозғала алатындай көп буынды бес саусақты аяқтар қалыптаса 
бастады.  Осыған  байланысты  олардың  белдеулері  де  құрылысы  жағынан 
күрделеніп негізгі қаңқамен байланысы күшейе түседі. 
Бақаның иық белдеуі: омыртқалылардың басым көпшілігіне тән өзінің 
арнайы  үш  сүйегінен  тұрады.  Белдеудің  арқа  бетіне  таман  жауырын  және 
оның  бос  шетіне  жауырын  үсті  шеміршегі  бекінеді.  Қалған  екі  сүйегі 
белдеудің  құрсақ  жағына  орналасқан.  Олар-жалпақтау  келген  коракоид 
қарға  және  оның  алдына  таман  орналасқан  шеміршекті  прокоракоид.  Ал 
бұғана  прокоракоидтың  үстіңгі  жағынан  жанаса  орналасқан.  Жауырынның, 


 
коракоидтың  және  прокоракоид  пен  бұғананың  бір-біріне  жанасқан 
ұштарында,  алдыңғы  аяқтағы  тоқпан  жіліктің  басы  кіріп  тұратын 
жалғастырғыш  шұңғыршағы  бар.  Бес  саусақтағы  алдыңғы  аяқтың  қаңқасы 
үш үлкен бөлімнен құралған. 
 
 
 
 
31-Сурет. Бақаның иық белдеуі және алдынғы аяғы(Б.Е. Есжановтан 
алынған) 1-жауырын; 2-жауырын үсті шеміршек; 3-коракоид; 4-
прокоракоид;5-бұғана; 6-төс; 7-төсалды; 8-коракоид үсті шеміршек; 9-
төстің шеміршекті бөлігі; 10-төсалды шеміршегі; 11-қолдың 
қыры(тоқапан жілік); 12-қол білегі (шынтақ және шыбық сүйектері бірігіп 
кеткен; 13-білезік сүйектері; 14-алақан сүйектері; 15-саусақтар (IV). 
Шеміршек нүктелермен белгіленген. 
 
I-бөлім білек-бір сүйектен тұрады-тоқпан жілік 
II-бөлім қар-екі сүйектен құралады-кәрі жілік және шыбық сүйегі 
III-бөлім қол басы-оның өзі тағы да үш бөлімшеге бөлінеді: 
I-бөлімше – білезік 
II-бөлімше – алақан 
III-бөлімше – саусақтар 
Бақаның  жамбас  белдеуі  де  үш  жұп  элементтен  тұрады.  Жамбастың 
бірінші  жұп  сүйегі  мықын  сербек  деп  аталады.  Қалған  элементтерге 
қарағанда  жақсы  жетілген,  ұзынша  болып  келеді.  Оның  ең  басты  қызметі 
сегізкөздің  бүйірлік  өсіндісі  арқылы  жамбасты  негізгі  қаңқамен 
байланыстыру.  Екінші  жұп  сүйек-шонданай,  ол  шұқыршақтың  сәл  артына 
таман  орналасқан.  Үшінші  жұп  шап  сүйек  деп  аталады.  Ол  бақаларда 
шеміршек күйінде сақталған. 
 


 
 
 
32-Сурет. Бақаның жамбас белдеуі және артқы аяқтары(Б.Е. 
Есжановтан алынған)1-мықын сүйек; 2-шоңданай сүйек; 4- сан(ортан 
жілік); 5-сирақ(асықты жілікпен садағы бірігіп кеткен); 6-толарсақ 
сақинасы;7-басқа толарсақ сүйектер; 8-табан сүйектер;9-6-ші башпайдың 
қалдығы; 10-башпайлар. 
 
Бес саусақты артқы аяқтың қаңқасы да үлкен үш бөлімнен құралады. 
I-бөлім сан - бір сүйек – ортан жілік 
II-бөлім сирақ – екі сүйек – асықты жілік және оның жілік шыбығы 
III-бөлім аяқ басы, оның өзі үш бөлімшеден тұрады: 
I-бөлімше - толарсақ 
II-бөлімше - табан 
III-бөлімше – саусақтар 
Бақаның  алдыңғы  және  артқы  аяқтарының  қаңқа  құрылыстарында 
жоғарыда көрсетілгендерден бірқатар ерекше айырмашылықтары бар. Атап 
айтқанда алдыңғы аяқтарында екінші бөліміндегі қары бір ғана кәрі жіліктен 
тұрады,  саусақтарының  саны  төрт.  Ал  артқы  аяқтарында  сирақ  бір  ғана 
асықты  жіліктен  тұрады,  толарсақтың  екі  сүйегі  басқаларына  қарағанда 
ұзарып өскен, ал қалғандары кішкентай немесе редукцияға ұшыраған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет