Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 471.85 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата30.12.2016
өлшемі471.85 Kb.
1   2   3

ата-анамен  жеке  жұмыс  болып  табылады.  Бұл  форманың  артықшылығы, 

отбасын  зерттеу,  ата-аналармен  сұхбат  (әрқайсысымен  жеке-жеке),  ата-

аналардың  балалармен  топта,  үйдегі  әңгімелесуін  бақылау  арқылы 

педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде. 

Тәрбиешінің 

ата-аналармен 

сұхбаты 

– 

педагогтың 



отбасымен  

байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет: 

- нақты және мазмұнды болуы;  

- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім 

беру;  

- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;  



- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру. 

Жеке  жұмыста  тоқтай  кетер  бөлімнің  бірі  –  отбасына  қатынау.  Басты 

мақсат  –  баламен  және  оның  жақындарымен  өзі  қалыптасқан  ортада  танысу. 

Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті 

ақпарат  алуға  болады.  Қатынау  ата-анаға  да  көп  пайда  әкеледі:  олар 

тәрбиешінің  баламен  қалай  әңгімелесетінін  біледі,  педагогқа  баламен  үйде 

еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып

отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала 

кемшілігінен  бастамау  және  ата-аналарға  бала  тәрбиесі  туралы  көп  сұрақтар 

қойылмау қажет.  Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама 

әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз. 

Ата-аналармен 

дифференциалдық 

жұмыстың 

бір 

формасы 


консультациялар  болып  табылады.    Консультациялар  сұхбатқа  ұқсайды. 

Айырмашылығы,  әңгімелесу  –  бұл  тәрбиеші  мен  ата-ана  диалогы,  ал 



11 

 

консультация  жүргізе  және  ата-ана  сұрағына  жауап  бере  отырып,  педагог 



кәсіптік көмек беруге тырысады.   

Ата-анамен  жұмыста  жеке  блокноттарды  да  қолдануға  болады.  Мұнда 

тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар 

блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді.   

Педагогтың  ата-анамен  жұмыста  көрнекілік  насихаты  да  маңызды  рөл 

атқарады.  Мақсатқа  бағытталған  және  жүйелі  қолданылған  көрнекі  құралдар 

балабақшадағы  тәрбиелеу  әдістерімен,  мазмұнымен,  міндеттерімен  ата-

аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді. 

Педагогикалық  практикада  көрнекіліктің  әртүрлі  түрлері  қолданылады:  

натуралық, бейнелеушілік, сөздік-бейнелік, ақпараттық. 

Ақпараттық  насихаттаудың  мысалы  -  ата-аналар  бұрышы.  Ата-аналар 

бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі:   

- Ақпараттық  сипаттағы  материалдар  (ата-аналарға  арналған  ереже,  күн 

тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар)  

- Балабақша  мен  отбасында  бала  тәрбиесі  сұрақтарын  жариялайтын 

материалдар.  

Онда  баланы  дамыту  мен  тәрбиелеу  бойынша  ағымдағы  жұмыс  көрінеді. 

Ата-аналар  балаларының  бөлмесін  немесе  бұрышын  қалай  жабдықтауды 

көрнекі  түрде  көре  алады,  сұрақтарына  жауап  алып,  жақын  арада  қандай 

консультациялар болатындығы туралы біле алады.  

Ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формасы  әртүрлі  көрмелер  болып 

табылады.  Мысалы,  балалар  жұмыстарының  формасы:  бала  суреттері,  қолдан 

жасалған  ойыншықтар,  балалар  кітаптары,  альбомдары  және  т.б.  Көрмелер 

сонымен  бірге  ата-аналарға  бағдарламаның  маңызды  тарауын  жариялау  үшін 

мысалы:  «Отбасы  мен  балабақшада  балалардың  бейнелеу  іс-әрекеті», 

«Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін  

Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар 

туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге 

алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады. 

Балабақшада 



бейне 

бақылаулар 

жүйесін 

орнату 

ақпараттық 

технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі 

–  қазіргі  уақыттың  шындығы.  Баспа  жолдарында  балалармен  өрескел  қарым-

қатынастар,  қызметкерлердің  жағымсыз  қылықтары  жиі  жарық  көреді  және 

олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық...   

Мұндай  жағдайда  ата-аналар  балаларын  толық  күнге  педагогтарға 

қалдыруға  сенімсіздік  танытады.  Қазақстандабалабақшаларға  бейне  бақылау 

камераларын  орнатудың  инициаторлары  білім  беру  басқармалары  болып 

табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш 

негізгі мәселе шешіледі:  

• Бала  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  –  балабақшаның  ішкі  және  сыртқы 

территорияларын бақылауға болады.  

• Педагогтармен  даулы  жағдайларды  шешу.  Камерада  сақталған  жазбалар 

даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді. 


12 

 

• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың 



көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті.  Ата-аналар не үшін 

ақы төлейтіндігін білуге тиіс!  

Ақпараттық  параққа  ата-аналарға  арналған  жаднамалар,  ата-аналардың 

өздері көрнекілейтін қабырға газеті де жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала 

өмірінен 

қызықты 


оқиғаларды 

белгілейді, 

бала 

тәрбиесі 



туралы 

тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам», 

«Менің әкем», «Мен үйдемін» және т.б.  

Ақпараттық  жылжымалы  -  мұқаба  тақырыптық  қағида  бойынша 

формаланған:  «Біздің  балалар  ауырмасын»,  «Бала  тәрбиесіндегі  әкенің  рөлі» 

және  т.б.  Мұқаба  ата-анаға  уақытша  қолдануға  беріледі.  Ата-аналар 

жылжымалы-мұқаба  мазмұнымен  танысады,  олармен  әңгіме  жүргізу, 

сұрақтарына жауап беру, ұсыныстарын тыңдауы қажет. 

Бала  тұлғасының  дамуы  мен  тәрбиесінде  ата-аналармен  жұмыстың 

тиімділігін қалай анықтауға болады?  

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі  

төмендегілер куәлік етеді: 

- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру 

үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;  

екіншіден,  ата-аналардың  өздерінің  бастамасымен  туындаған 



пікірталастар;   

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары; 

- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа 

баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту

-  бесіншіден,  ересектердің  тәрбиешімен  жеке  қарым-қатынасқа  ұмтылуы, 

тәрбиенің  сол  және  өзге  әдістерін  қолданудың  дұрыстығы  туралы  ата-

аналардың ойлануы;  

-  алтыншыдан,  педагогикалық  жағдайларды  сараптау  кезінде  олардың 

белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 


13 

 

ШЕТЕЛДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ  



ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 

 

Мәдениеттің  әртүрлілігіне  және  педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибені 

дамыту  жолдарының  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарамастан,  әртүрлі  елдердің 

педагогтары  ұқсас  мәселелерді  шешеді:  баланың  үйлесімді,  психологиялық  – 

физикалық  және  әлеуметтік  дамуына  бағытталған  мектепке  дейінгі  білім 

мазмұнын,  әдістері  мен  құралдарын  анықтау;  әртүрлі  жастағы  балалардың 

өзара  іс-әрекетінің  тәжірибесін  байыту  үшін  жағдайлар  құру;  мәдени-

этникалық  көптүрлілілік  туралы  түсінігін  кеңейту;  дені  сау  балалармен  және 

ерекше  қажеттіліктері  бар  балалармен  бірлескен  тәрбие  мен  оқыту;  отбасы 

қажеттілігін  толық  қанағаттандыру  мақсатында  мектепке  дейінгі  ұйымдар 

қызметін  қайта  құру.  Ағартудың  көлемінің  кеңдігіне  қарамастан  кейбір 

шетелдік  моделдерді  талқылып  көрелік.  Мектепке  дейінгі  білімнің  шетелдік 

тәжірибелеріне  шолу  жасау  оның дамуындағы  мемлекеттің  рөлі  мен  статусын 

анықтауға  және  салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бірқатар  елдердің 

тәжірибелерін қарастыралық: 

 

 Германияның мектепке дейінгі білім беру жүйесі 

Заманауи Германия – 16 дербес жерлерден тұратын федеративті мемлекет. 

Оның әрбір жері оқушыларға оқытудың моделін таңдау мүмкіндігін ұсынатын 

білім беру жүйесінің формалары бойынша әртүрлі орналасқан.  

Германияның  білім  беру  жүйесі  бірнеше  сатыдан  тұрады.  Элементарлық 

білім беру бірінші сатыға және мектепке дейінгі мекемелер сатысына жатады.  

Көбінесе,  олар  -  балалардың  қатысуы  үш  жыл  ішінде    ата-аналар  еркімен 

болатын балабақшалар, даярлық сыныптары және кіріспе топтар.  

Германиядағы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту–  бұл  Германия  білім 

беру  жүйесінің  төменгі  элементарлық сатысы. Германиядағы мектепке дейінгі 

білімінің  ұзақ  дәстүрі  бар.  Kindergarten  көптеген  елдер  қолданып  жүрген 

немістің  әлеуметтік  институты  болып  табылады.  Бұл  сөз  басқа  тілдерге  де 

енгізілді, мысалы ағылшын тілінде kindergarten.  

Кішкентай балаларға арналған алғашқы мекемелер XIX ғасырдың басында 

пайда 


болды. 

Мұндай 


мекемелердің 

басты 


функциясы 

өнеркәсіп 

қызметкерлерінің  балаларын  ата-анасы  жұмыста  болған  кезінде  күні  бойы 

бақылау  ғана  болатын.  Жұмысшылардың  бала  күтімі  бойынша  білім  беруді 

енгізуге  қызығушылығы  аз  еді.  Буржуазиялық  ортада  балабақшалар  отбасын 

толықтыру үшін, яғни балаларын мектепке дайындауға арналды.  

Германияның  заманауи  балабақшаларының  тәрбие  жұмысында  бастысы 

тіл дамыту, баланың жекелігі, әлеуметтік тәрбие мен ойындар болып табылады. 

Балабақшада  балалар,  ережеге  сай,  түске  дейін  уақыт  өткізеді,  ал  екінші 

жартысында  олар  үйде,  өз  отбасында  болады.  Сонымен  бірге  ұзартылған 

күнмен жұмыс жасайтын балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер де бар. 

Бүгінгі  күні  Германияда  3-6  жастағы  балалардың  30  %  жоғарысы 

балабақшаларға барады.    


14 

 

30 маусым – дәстүрлі «өзгерісті» күн. Сол уақытта алтыға толған баланың 



мектепке  баруы  міндетті.  Ата-аналарды  балаларын  тіркеу  мерзімі  туралы 

хабарландырады.  Алғашқы  оқу  күніне  дейін  олар  бастауыш  мектептерде 

жүргізілетін  және  бірнеше  есімдері  бар  «Vorbereitungsjahr»;  «Vorschule»; 

«Schulnachmittage» даярлық сабақтарына қатыса алады. Бұл сабақтың мақсаты 

– бес жастағы баланы бірінші сыныпқа дайындау және алдағы уақытта мектеп 

таңдауына  шешуші  ықпал  ететін  бейімділігін  анықтау.  Сондай-ақ  мектеп 

жасына  жеткен,  алайда  мектепке  баруға  қабілетсіз балаларға  арналған  арнайы 

топтар да болады.   

Байқап  отырсақ,  бұл  елде  мектепке  дейінгі  мекемелер  желісі  әлсіз 

дамыған.  Балабақшалар  саны  аз,  оның  өзі  3-5  жас  аралығындағы  балаларды 

қамтиды.  Біздің  өлшемімізбен  мектепке  дейінгі  мекемелер  желісі  ыңғайлы 

емес,  бұл  көбінесе  балабақшаның  жұмыс  кестесіне  байланысты.  Мысалы, 

балабақша  күніне  7-ден  12  сағатқа  дейін  жасауы  мүмкін.  Кейде  ата-аналар 

баласын түскі асқа алып кетіп, кейін қайтадан әкеледі. Егер балабақша сағат 16-

ға  дейін  жұмыс  жасаса,  онда  баланы  одан  ерте  алып  кетуге  болмайды.  

Германия  білім  беруінің  көбінесе  жеке  меншік  мектепке  дейінгі  білім  беру  

мекемелеріне  ұсынылған  бұл  сатысы  міндетті  емес,  және  мемлекет  оны 

қаржыландыруға қатыспайды.  

Біздің балабақшалардан айырмашылығы, Германияда балаларды мектепке 

дайындық жүргізілмейді – балабақшалар Білім министрлігіне бағынбайды және 

ата-аналарға  қаржылық  мақсатқа  бағытталған  сәйкес  бағдарламалары 

болмайды. 

 

Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру 

Жапондық  өмір  бар  дәстүрімен,  білім  жүйесі,  оның  ішінде  мектепке 

дейінгі білімді қоса, әлемге танымал.   

Дәстүр  бойынша  білім  беру  саласы  ер  адамдардың  иелігінде  болып 

табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында меңгеруші әйелдер кездеспейді. 

Соңғы кездері ер адамдар тәрбиешілік қызметтен де әйелдерді шеттете бастады.  

Жапонияда  балабақша  міндетті  білім  беру  сатысы  болып  табылмайды. 

Балалар  мұнда  ата-анасының  қалауымен  көбінесе  төрт  жастан  бастап  келеді. 

Кейде  ата-анасының  қатты  бос  еместігіне  қарай  баланы  үш  жастан  да  алуы 

мүмкін. Сондай-ақ, Жапонияда бір жастағы балалар үшін бөбекжайлар да бар. 

Бірақ  отбасынан  баланы  соншалықты  ерте  беру  ерекше  жағдайлардың  бірі 

болатын. Баласын аталған бөбекжайға беру үшін ата-аналар арнайы арыз жазу 

керек  және  сәбиін  қандай  себеппен  үш  жасқа  дейін  үйде  тәрбиелей 

алмайтындығын дәлелдеуі қажет.  

Жапонияда  барлық  балабақшалар  жеке  меншік.  Олардың  ішінде  беделді 

университеттердің  қамқорлығындағы  дегдарлы  балабақшалар  ерекше  орын 

алады.  Егер  бала  мұндай  балабақшаға  түссе,  онда  оның  болашағының 

қамтамасыз  етілгендігі:  жасы  жеткеннен  соң  университеттік  мектепке  барады, 

ал одан кейін сынақсыз университетке түседі.  Сондықтан беделді университет 

жанындағы  балабақшаға  түсу  өте  қиын.  Ата-аналар  баласының  түсуі  үшін 



15 

 

орасан  көп  ақша  төлейді,  ал  бала  қабылдануы  үшін  күрделі  тестілеуден  өтуі 



қажет.  Дегдарлы  балабақшаларда  тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен  қарым-

қатынас  жеткілікті күрделі. Бірақ, мұндай балабақшалар көп емес. Сол сияқты 

дегдарлы балабақшаларға ұқсас, еркін тәрбиеге бағытталған, кішкентай балалар 

үшін қатал әрі күрделі сабақтар жүйесі жоқ балабақшалар да аз.  

Балабақшалардың көпшілігінде тәрбиешілердің басты міндеті – балаларды 

тіл  алғыш,  елгезек  болуға  үйрету.  Жапондардың  үй  тәрбиесі  балаларға  өте 

жұмсақ, балаларға сирек тыйым салады. Бірақ бөгде адамдарға көшеде, белгілі 

орындардағы  қарым-қатынас  бойынша  жапондық  дәстүр  бардық  азаматтан, 

соның  ішінде  балаларды  қоса,    ерекше  құрметті  талап  етеді.    Сондықтан 

балабақшада балаларды ортада өзін-өзі ұстау, сөйлеу, танысу мәнерлеріне жиі 

көңіл бөлінеді.   

Оқу  жылы  Жапонияда  1  сәуірден  басталады.  Бұл  күні  балабақшадан 

университетке  дейінгі  барлық  білім  беру  орындарында  салтанатты  ашылу 

рәсімдері  өтеді.  Және  балабақша  директоры  кішкентай  тәрбиеленушілерді 

университет  ректоры  студенттерін  қалай  қарсы  алса,  дәл  солай  қарсы  алады. 

Елдің  барлық  оқу  орындары  бірыңғай  кестемен  жұмыс  істейді:  оқу  жылы  үш 

семестрге бөлінген. Семестр аралығында студенттер, мектеп оқушылары және 

балабақша тәрбиеленушілері үшін каникулдар болады.  

Каникулда балалар бассейнге жүзу үшін (бассейндер барлық балабақшада 

бар)  және  өмір  туралы  тәрбиешімен  әңгімелесуге  балабақшаға  келе  алады. 

Бірақ сабақтар бұл уақытта өткізілмейді.  

Жалпы  Жапонияда  бала  денсаулығын  сақтауға  көп  көңіл  бөлінеді:    әрбір 

оқу  орнында  медициналық  қызметкерлер  ұжымы  жұмыс  істейді:  –  дәрігер, 

медбике, тіс дәрігері, фармацевт, денсаулық кураторы. 

Жапондық тәрбиешілер балаларды өзара іс-әрекетке үйрете отырып, олады 

кішкентай  топтарға  (хан)  формалайды.  Бұл  топтардың  өздерінің  үстелдері, 

балалардың өздері таңдаған жеке есімдері болады.  

Топтар    (әр  жыныстан  6–8  адам)  қабілеттері  бойынша  емес,  олардың 

қызметін  тиімді  қылатын  жағынан  топтайды.  Балалар  бойына  көптеген 

дағдылар  сіңіріледі:  сұхбаттасына  қалай  қарау  керек,  өзін  қалай  көрсету  және 

құрбысының пікірімен қалай есептесу, т.б.  

Мұндай  топтардың  құрамы  тұрақты  емес.  Әр  жылда  топтар  жаңадан 

құрылады.  Бала  топтарының  үнемі  ауысуы  сәбиді  әлеуметтендіру  үшін  кең 

мүмкіндік  береді.  Егер  балада  нақты  топта  қарым-қатынас  орнықпаса,  оның 

басқа балалар арасында тіл табысуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.  

Тәрбиешілерді  балалардың  оларға  тым  қатты  үйреніп  қалмауы  үшін 

ауыстырады.  Мұндай  жағдайда  егер  педагог  бір  себептермен  баланы  ұнатпай 

қалса, бұл оқиға балаға өте қиынға соқпайды. Өзге тәрбиешімен балада достық 

қарым-қатынас  орнауы  мүмкін,  сондықтан  бала  ересектердің  барлығы  өзін 

сүймейді деген ойға қалмайды.  

Жапонияда  кішкентай  балаларды  тәрбиелеу  адамның  шығармашылық 

қабілеттерін  дамытуға  бағытталмайды,  бірақ  балада  адамзат  қоғамы  туралы 



16 

 

түсінік  қалыптастырады,  ұжымда  тиянақты,  ешкімге  кедергі келтірмей  жұмыс 



істей алатын физикалық және психикалық дені сау адамды тәрбиелейді.  

Сол себептен, Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік емес, 

Германиядағы  сияқты  Білім  министрлігіне  бағынбайды.  Мемлекет  балалары 

балабақшаға баратын ата-аналарға қаржылық көмек ұсынбайды.  

 

 Австралиядағы мектепке дейінгі білім беру 

Тарихи жағынан келгенде,  Австралиялық білім  беру  жүйесі  британ  үлгісі 

бойынша  құрылған,  қазіргі  күнге  дейін  солай  жалғасуда.  Австралияда 

балабақшалар  өте  кішкентай  балаларға  арналған.    Мектепке  дейінгі  тәрбие 

ерекше  оқыту  ұсынбайды,  өйткені  мұнда  балалар  мектепке  өте  ерте  барады 

және  балаға  өзінің  ерекшелігін  көрсету  үшін  оны  зиянды  деп  санайды. 

Австралиядағы  балабақшалардың  басым  көпшілігі  жеке  меншік.  Балабақшада 

бір  күндік  төлем  ақысы  20–50  австралиялық  доллар(A$).  Мемлекет  ең 

көбіаптасына  бір  балаға  ChildCareBenefit  –A$  122,  екі  балаға  -  A$  255,  үш 

балаға  -  A$  398  көлемінде  жәрдемақы  төлейді.  Бәріне  тиісті  ең  аз  жәрдемақы 

аптасына  – A$ 20.50. 

Айта  кетерлігі,  тәрбиешілердің  жақсы  дағдылары  мен  олардың  балаларға 

қарым - қатынасының ерекшелігі: тәрбиешілер ата-аналарға баласының дұрыс 

тәрбиеленбегенін  немесе  қолынан  ештеңе  келмейтінін  айтпайды.  Олар 

тәрбиелеу үрдісіне сәйкес ата-аналармен бірге жұмыс жасайды.  

Австралиялық  мемлекет  -  халықаралық  елдер  ішіндегі  балалардың 

мектепке дейінгі білім кезеңінде ата-аналарға көмек беретін жалғыз мемлекет.  

 

 Израильдегі мектепке дейінгі білім беру 

Өзінің  пайда  болуының  жарты  ғасырдан  көп  мерзімінде  Израиль  шөлді 

алқаптан Шығыстың үдемелі дамыған мемлекетіне айналды. Мұның бір себебі 

– елдің жоғары білім беру деңгейі. Израилдағы білім беру– бұл мемлекет халқы 

мен  репатрианттар  ғана  емес,  шетелдіктер  де  қолдана  алатын  жақсы  жүйе. 

Өзінің  көптеген  экономикалық  жетістіктері  үшін    Израиль  еврей  қауымында 

сақталған оқытудың ескі дәстүрлеріне міндетті.  

Болашақ  карьера  үшін  база  құруда  алғашқы  қадамды  израилдықтар 

балалықтың ерте жасынан бастайды.  Кейбір балаларды мектепке дейінгі білім 

беру  орындарына  екі  жастан  береді,  көпшілігі  үш-төрт  жастан  бастап  барады. 

Бес  –  алты  жаста  балабақшаға  бару  барлығына  міндетті.  Онда  оқуға,  жазуға, 

арифметикаға  оқытады,  балалардың  шығармашылық  ойлауын  дамытуға 

тырысады  және  ойын  бағдарламаларын  қолдана  отырып,  компьютерлік 

сауаттылықпен  де  таныстырады.  Сондықтан  бірінші  сыныпқа  барған  сәтте 

Израилдің жас азаматы  оқып та, жазып та, санап та білетін болады. Мектепке 

балаларды алты жастан бастап қабылдайды.  

 

 



 

 

17 

 

 АҚШ–тағы мектепке дейінгі білім беру 

АҚШ-та  мектепке  дейінгі  білім  берудің  бірыңғай  жүйесі  жоқ.  Ол  белгілі 

бір міндеттерді шешуге арналған қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әртүрлі 

бағдарламалар щеңберінде ұйымдастырылады.  

  АҚШ-та  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  арналған  әртүрлі 

бағдарламалар  жеткілікті.  Ережеге  сәйкес,  бұл  бағдарламалар  балалардағы 

стресстік  факторларды  төмендетуге  және  оларды  дамытуға  бағытталған.  

Кейбір  бағдарламалар  баланың  мектепке  дейінгі  ұйымда  толық  бір  күнге, 

кейбіреулері  жарты  күнге  болуға  арналған.  Ата-аналардың  өздеріне  қажетті 

уақытты  таңдауына  мүмкіндік  беретін  икемді  кестесі  бар  бағдарламалар  да 

кездеседі.  Дамуында  ерекшеліктері  бар  үш-төрт  жастағы  балаларға  арналған 

бағдарламалар  да  бар.  Бұлар  –  ақылы  бағдарламалар.  Бірақ  олар  өзге 

көмектерден де қаржыландырылуы мүмкін.   

Бала күннің бірінші жартысында бір бағдарламамен, ал екінші жартысында 

өзге  бағдарламамен  оқуына  болады.  Әртүрлі  бағдарламаларға  қатысу 

мадақталады, өйткені бұл балаларға жан-жақты тәжірибе жинақтауға және жаңа 

ересектер арқылы танысу ауқымы кеңейеді деп есептеледі.   

Бүгінгі күні ерекше мұқтаждығы бар ата-аналармен және  мектепте оқуда 

үлгермеушілігі  бар  балалармен  өзара  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  міндеттері 

өзекті  болып  отыр.  Мұндай  балалардың  ата-аналары  педагогпен  бірге  бала 

дамуының жеке жоспарларын әзірлеуге қатысады және оны бағалап бекітеді.    

Америкалық  зерттеушілер  отбасы  мен  балабақшаның  өзара  іс-әрекетінің 

алты түрін атап көрсеткен:  

1.  Балабақша  ата-аналарға  үйде  бала  дамуы  үшін  жағдайлар  жасауына 

көмектеседі,  сәбимен  қарым-қатынас  дағдысына  оқытады,  дұрыс  тамақтану 

және қоғамдық қызметтерге байланысты ақпараттар береді.  

2.  Балабақша  ата-аналарға  бала  дамуы  туралы  ақпарат  ұсынады.  Ата-

аналар  мен  педагогтар  кездесуі  ұйымдастырылады,  пошталық  хабарламалар 

қолданады және балабақша сайты жұмыс істейді.  

3. Ата-аналар балабақша жұмысына, сыныптан тыс сабақтарға тартылады.  

Олар  балаларды  тоқуға,  сурет  салуға  үйретеді,  оқып  береді,  сабақтарды 

ұйымдастыруға көмектеседі және өзге де іс-шараларға қатысады.  

4. Балабақшада ата-аналар балалармен сабақтың оқу жоспары туралы және 

осы  жоспарды  үйде  жүзеге  асыру  мүмкіндіктері  туралыақпарат  алады.    Бұл 

жағдайда балабақша ата-аналарды қажетті оқыту материалдарымен қамтамасыз 

етеді.  

5.  Ата-аналар  балабақшаны  басқаруға  тартылады.  Бұл  жағдайда  бюджетті 

жоспарлайтын  және  балабақша  қызметкерлерін  жалдау  саясатын  анықтайтын 

қамқоршылық кеңес құрылуы мүмкін.  

6. Балабақша мен ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін оқыту 

бағдарламаларын қолдайтын және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық 

ұйымдармен тығыз қызмет етеді.  

Сол  себептен,  АҚШ  –  тағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  балабақшалар 

функциясының  сапалылығын  қамтамасыз  етуде  ата-аналар  мен  мемлекеттің 

1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет