Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7906
1   2   3   4   5   6   7

Бас миындағы АТФ ресинтезі көбінесе тыныс алу фосфорлануымен 

іске  асады.  Осыған  байланысты  бұлшық  ет  әрекеті  кезінде  бас  миының 

қаннан оттек пен глюкозаны қабылдауы тез өседі. 

Қажу  –  ұзақ  және  қарқынды  әрекетінің  салдарынан  пайда  болатын 

және  уақытша  жұмыс  қабілеттілігінің  әлсіреуімен  сипатталатын  ағзаның 

жағдайы.  Субъективті  ол  жергілікті  шаршау  (қандай  да  бір  бұлшық  ет 

тобы  «шаршады»)  немесе  жалпы  шаршау  сезімі  ретінде  қабылданады. 

Алайда қажудың тікелей себептері бұлшық еттердің жағдайына қарағанда, 

орталық  жүйке  жүйесіне  көбірек  байланысты.  Қозғалу  импульстерін 

жеткізумен  және  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттерден  түсетін  афферентті 

сигналдарды қайта өңдеумен байланысты болатын айтарлықтай және ұзақ 

қозудың  салдарынан  жүйке  жасушаларында  АТФ  ыдырауы  оның 

ресинтезіне  қарағанда  көбірек  болады  және  энергияға  бай  фосфорлы 

қосылыстардың тепе-теңдігі бұзылады. 

Қажу  ағзаның  қорғаушы  реакциясы  болып  табылады,  ол  жұмысы 

тоқтамағанда өмірге қауіпті салдарға алып келетін жағымсыз биохимиялық 

ығысулардан  сақтайды.  Қажуға  алып  келетін  биохимиялық  және 

физиологиялық  өзгерулердің  тереңдігі  мен  сипаты  көптеген  факторларға 

байланысты, оның ішінде атқарылатын жұмыстың қуаты мен ұзақтылығы 

және сипаты маңызды рөл атқарады. 

Қажудың бірнеше түрлері болады: 

1)

 



анализаторлардың әрекетімен байланысты сенсорлы қажу

2)

 



ақыл-ой қажуы; 

3)

 



бұлшық ет жұмысын атқарумен байланысты физикалық қажу. 

Кейбір  бұлшық  ет  тобы  қатысатын  жұмыс  кезінде  және  бұлшық  ет 

топтарының  бәрі  қатысатын  (глобальді)  жұмыс  кезінде  физикалық  қажу 

әртүрлі  болады.  Бірінші  жағдайда  қажу  жергілікті  сипатты  болады,  ал 

екіншісінде  ол  тұтас  барлық  ағзада  болады.  Әртүрлі  қуатты  және 

ұзақтылықты жаттығуларда да қажу механизмдерін айырады. 

Спорттық  әрекет  түрі  –  глобальді  сипатты  қарқынды  бұлшық  ет 

әрекеті кезінде қажу ағзадағы биохимиялық өзгерістермен анықталады. 

Жоғары  қарқынды  қысқа  мерзімді  жаттығуларда  қажудың  пайда 

болуы  қозғалу  импульстерін  қалыптастыру  бойынша  және  перифериядан 

(проприо-  және  хеморецепторлардан)  түсетін  импульстерді  қайта  өндеу 


 

45 


бойынша  қарқынды  әрекет  етуші  ОЖЖ-де  болатын  өзгерістермен 

байланысты. ОЖЖ-гі өзгерістер ең алдымен АТФ ыдырауы мен ресинтезі 

үрдістерінің келіспегендімен байланысты. 

Ағзадағы жұмыс кезіндегі неғұрлым көрнекі өзгерістер энергетикалық 

алмасумен  байланысты  және  энергетикалық  көздердің  қорларын  азайтуға 

бағытталған:  бұлшық  еттердің,  бауырдың  және  басқа  мүшелердің, 

липидтердің КрФ гликогені, энергия алмасу аралық өнімдерінің жиналуы: 

креатиннің,  фосфор,  сүт  және  пировиноградты  қышқылдардың,  кетон 

денелерінің.  Сонымен  қатар,  құрылымдың  ақуыздардың  және  ақуыз-

ферменттердің,  судың,  минералды  заттардың  құрамының  төмендеуі  және 

бірқатар басқа өзгерістер болады. 

Демалу кезеңіндегі биохимиялық үрдістер

Жұмыстан  кейін  ағзада  болатын  қайта  қалыптасу  үрдістері  жұмыс 

кезінде  жиналған  ыдырау  өнімдерін  жою  мен  шығындалған  заттарлы 

толтырумен  сипатталады.  Ең  алдымен  КрФ  қорлары  қалыптастырылады, 

содан  кейін  тіршілікке  маңызды  мүшелердегі  гликоген  құрамы:  бас 

миында, жүректе, сосын қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда. Липидтер 

мен  ақуыздардың  қорлары  ұзағырақ  қалыптастырылады.  Жұмыс  кезінде 

шығындалған  заттардың  қорын  қалыптастыру  жұмыс  алды  бастапқы 

деңгейді  көтерумен  іске  асырылады  (суперкомпенсацияның  әмбебап 

заңы – жоғары қалыптастыру). Бұл феноменнің биологиялық мәні өте зор. 

Суперкомпенсацияға әкелетін қайта жүктемелер ағзаның жұмыс мүмкінші-

ліктерінің  жоғарылауын  қамтамасыз  етеді.  Жүйелі  жаттығулардың  басты 

эффектісі осында. Жаттығу әрекетінің әсерімен спортшы қайта қалыптасу 

кезінде  күштірек,  жылдамырақ  және  шыдамдырақ  болады,  яғни,  ең 

соңында оның биохимиялық және физиологиялық резервтері жетіледі. 

Суперкомпенсация  –  уақытша  құбылыс,  жұмыстан  кейін  толық 

қалыптасқаннан  кейін  ол  жоғалады.  Суперкомпенсацияның  пайда  болу 

себебі жұмыс кезінде пайда болатын және ферменттердің, әсіресе, аэробты 

алмасудың  ферменттерінің  белсенділігін  стимулдаушы  гормондардың 

күшейтілген бөлінуінен болады. 

Сұрақтар 

1.

 



Бұлшық ет әрекеті кезіндегі АТФ әртүрлі көздерінің қосылу реті. 

2.

 



АТФ ресинтезі үрдісінің жетілу жолы. 

3.

 



Жаттыққан  және  жаттықпаған  адамдағы  АТФ  ресинтезінің 

айырмашылығы. 

4.

 

Қажу, қажу себептері. 



5.

 

Қажу түрлері. 



6.

 

Спорт әрекеті кезіндегі қажу. 



7.

 

Әртүрлі  қарқынды  және  ұзақтылықты  жаттығуларды  орындау 



кезіндегі қажулар. 

8.

 



Жұмыстан кейін қалыптасу үрдістері. 

9.

 



Суперкомпенсация заңы. 

 

46 


1-тапсырма. Бұлшық ет әрекеті кезіндегі энергия көздерін шығындау 

және қалыптастыру үрдістерінің схемасын сызыңыз. 



Әдістемелік  нұсқаулар.  Өзіңіздің  жаттығу  жүктемелерінің  қарқын-

дылығы мен өз жағдайыңыздың байланысына өзіңізді байқап көріңіз. 



Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 19. 

 

 



11-тақырып.  Биохимиялық  бейімделу  және  спортық  жаттығу 

үрдісінің  заңдылықтары.  Спортшының  қозғалу  қасиеттерінің  биохи-

миялық сипаттамасы және дамытудың әдістері 

Жоспар: 


1.

 

Күш сапасының биохимиялық сипаттамасы. 



2.

 

Жылдамдықтың биохимиялық сипаттамасы. 



3.

 

Шыдамдылықтың биохимиялық сипаттамасы. 



4.

 

Әртүрлі спорт түрлерінің биохимиялық сипаттамалары. 



 

Жаттығулардың әсерінен адам ағзасының үлкен қарқындылықты және 

ұзақтылықты  бұлшық  ет  әрекетіне  уйрену  болады,  бірақ,  толық  жұмысқа 

емес,  оның  анықталған  түрлеріне.  Тіпті  өзінің  сипаты  бойынша  жақын 

физикалық  жаттығулар,  мысалы,  спринтерлік  және  марафондық  жүгіріс-

тер,  жүктемелердің  ұзақтылығы  мен  мөлшері  бойынша,  физиологиялық 

қызметтерді  реттеу  сипаты  бойынша  айтарлықтай  бір  бірінен 

айрықшаланыды. 

Жаттығу  нәтижесінде  анықталған  қозғалу  қасиеттері  жетіледі.  Бұл 

қасиеттер интегралды, олардың негізінде биохимиялық үрдістер, физиоло-

гиялық  қызметтер,  психологиялық  факторлар,  техникалық  дайындалу 

жатыр,  яғни,  олар  жасуша  деңгейінде  болатын  үрдістерден  де,  толық 

ағзаның әрекеттерден де байланысты болады. 

Күштің  сапасы  –  ішкі  және  сыртқы  қарсылықтарды  өтуге 

бағытталған  адамның  бұлшық  ет  жүктемелерін  дамытуға  қабілеттілігі. 

Бұлшық ет күшінің айқыдалуы бұлшық еттің анатомиялық құралымы мен 

оның  күштену  ерекшеліктеріне,  бұлшық  ет  жіптерінің  түрлі  мөлшерінің 

қысқаруда  қатысуын  және  әртүрлі  бұлшық  ет  топтарының  арақатынасын 

анықтайтын  жүйке  реттелуінің  ерекшеліктеріне,  бұлшық  ет  жібінің 

биохимиялық және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. 

Бұлшық  еттердің  күші  актин  және  миозин  қысқару  ақуыздардың 

құрамына байланысты. Бұлшық етте бұл заттардың неғұрлым көп мөлшері 

болса,  соғұрым  үлкен  күш  көрсете  алады.  Бұлшық  ет  күші  көрінуінде 

бұлшық ет жібінің ұзындығы мен бұлшық еттегі түрлі жіптердің қатынасы, 

бұлшық ет саркомерлерінің өлшемдері және басқа факторлар айтарлықтай 

рөл атқарады. 

Жылдамдық  –  қозғалу  әрекеттерін  белгіленген  шарттар  үшін 

минамалды  уақытта  жасау  қабілеттілігі.  Биохимиялық  көзқараста  бұл 



 

47 


қасиет  миозиннің  АТФ-азды  белсенділігіне,  жүйке-бұлшық  етті  коорди-

нациясына, жұмыс кезінде АТФ ресинтезінің жылдамдығына байланысты 

болатын бұлшық еттің АТФ ыдырауының қарқындылығымен анықталады. 

Шыдамдылық  –  адамның  қажусыз  және  ол  жаттығу  кезінде  пайда 

болған  кезде  оған  қарсы  тұру  қабілеттілігі.  Шыдамдылық  ағзаның 

мобилизацияланатын  энергетикалық  қорларының  мөлшеріне  және  жұмыс 

кезінде  оны  пайдалану  жылдамдығына  байланысты.  Энергияның  негізгі 

үш  көздеріне  байланысты  ағзада  шыдамдылықтың  үш  құраушы 

компоненттерін  айыру  қабылданған:  анаэробты  алактатты,  анаэробты 

лактатты және аэробты. 

Бұл  компоненттердің  әрбірі  сәйкес  энергия  қамтамасыз  ету  механиз-

дерінің даму деңгейімен анықталады. 

Максималды  қарқынды  жаттығуларда  шыдамдылық  көбінесе 

анаэробты  алактатты  компонентпен  және  кейде  гликолитикалықпен 

анықталады,  субмаксималды  қарқынды  жаттығуларда  неғұрлым  мағызды 

болып  гликолитикалық  компонент  саналады,  үлкен  және  қалыпты 

қарқынды  жаттығулардағы  шыдамдылықтың  негізін  оның  аэробты 

компоненті құрайды. 

Шыдамдылықтың  әрбір  компоненті  ағзаның  жасуша  деңгейінде  де, 

ағзалық  деңгейінде  де  жиналатын  көптеген  жүйелерінің  әрекетіне 

байланысты. 

Спорттық жаттығу көбінесе қандай да бір қозғалу сапасына әсер етеді, 

алайда, бұл кезде басқа қозғалу сапасының дамуына алдын ала жағдайлар 

дамуы  мүмкін,  мысалы,  күш  сапасының  дамуы  кезінде  жылдамдық  пен 

жылдамдық  шыдамдылығына  алдын  ала  жағдайлар  құрылады.  Кері 

эффектілер  де  байқалуы  мүмкін:  аэробты  шыдамдылықтың  дамуы  күш 

дамуына кері әсері тиуі мүмкін. 



Сұрақтар 

1.

 



Бұлшық ет әрекетіне үйренудің биохимиялық негіздері. 

2.

 



Жылдам,  қалған  және  кумулятивті  жаттығу  эффектілерінің 

биохимиялық негіздері. 

3.

 

Спорт  жаттығу  үрдісі  кезінде  бұлшық  ет  әрекетінің  энергия 



қамтамасыз етуінің даму заңдылықтары. 

4.

 



Күш сапасының биохимиялық сипаттамасы. 

5.

 



Жылдамдықтың биохимиялық сипаттамасы. 

6.

 



Шыдамдылықтың биохимиялық сипаттамасы 

1-тапсырма.  Жаттығу  үрдісі  кезіндегі  жұмыс  пен  демалудың  қарым-

қатынасының схемасын сызыңыз. 



2-тапсырма.  Сіздің  спорт  түріңіздің  биохимиялық  сипаттамасын 

жазыңыз. 



Әдістемелік  нұсқаулар.  Қозғалу  заттарының  даму  жолдарының 

биохимиялық негіздемесіне назар аударыңыз. 



Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 19. 

 

48 


12-тақырып. Әртүрлі спорт түрлерімен айналысу кезіндегі ағзаның 

биохимиялық өзгеруінің ерекшеліктері. Адам ағзасындағы биохимилық 

үрдістеріне орташа және биік таулы жерлердің әсер етуі 

Жоспар: 


1.

 

Ағзаның аэробты және анаэробты жұмыс қабілеттілігі. 



2.

 

Әртүрлі спорт түрлерінің биохимиялық сипаттамасы. 



3.

 

Орта  таулы  жерлерде  жаттығу  мен  жарыстар  кезіндегі  ағзаның 



биохимиялық өзгерістері. 

 

Жұмыс  қабілеттілік,  яғни,  анықталған  уақыт  кезеңінде  белгіленген 



қарқындылықты  жұмысты  орындау  мүмкіншілігі,  болып  жатқан  АТФ 

ресинтезіне  байланысты.  АТФ  деңгейінің  бұлшық  етте  55%  төмендеуі 

қысқару  күшінің  айтарлықтай  азаюына  әкеледі:  70%-ға  төмендеген  кезде 

бұлшық  ет  қозғалу  импульсіне  осал  және  баяу  қысқарумен  жауап  береді, 

75-80% төмендеген кезде контрактура болады. 

Адамның  бұлшық  ет  әрекетінің  энергетикалық  сипаттамасының 

қолайлығы үшін ағзаның жұмыс мүмкіншіліктерін анықтайтын факторлар 

болатын  аэробты  және  анаэробты  жұмыс  қабілеттілігі  (немесе  өнімділігі) 

ұғымдары қабылданған. 

Аэробты  жұмыс  қабілеттілігі  деп  қышқыл  сұранысын  қанағаттан-

дыруды  қамтамасыз  ететін  және  қалыпты  деңгейін  сақтайтын  көміртекті 

максималды  қабылдау  шартында  қарқынды  жұмыс  атқару  мүмкінділігін 

түсінеді.  Аэробты  жұмыс  қабілеттілігі  ұзақ  физикалық  жүкетемелер 

кезінде  айқындалады.  Ол  ткан  тыныс  алуының  ферментті  жүйелерінің 

қуатына,  митохондриялы  аппараттың  жағдайына,  бұлшық  еттің  қанмен 

қамтамасыз  ету  деңгейіне,  ағзаның  энергетикалық  потенциалының 

мөлшеріне  (бауырдағы  гликогеннің  қоры)  және  сырты  тыныс  алу  және 

қанмен қамтамасыз ету жүйелерінің тиімділігіне байланысты. 

Аэробты жұмыс қабілеттілігінің шамасы адамның қарқынды бұлшық 

ет  әрекеті  кезіндегі  шектік  мүмкін  болатын  көміртек  пайдалануымен 

өлшенеді. 

Анаэробты  жұмыс  қабілеттілік  –  АТФ  ресинтезінің  анаэробты 

жолдарының көбірек болатын шартында жұмыс атқару мүмкіншілігі, яғни, 



көміртек  қарыздану  шартында.  Анаэробты  жұмыс  қабілеттілігі  жоғары 

және максималды қарқынды қысқа мерзімді жаттығулар кезінде айқында-

лады.  Ол  бұлшық  еттің  креатинкиназды  және  гликолитті  жүйелерінің 

қуатына,  бұлшық  еттегі  креатинфосфаттың  және  гликогеннің  құрамына, 

көміртек  сұранысын  толық  қанағаттанбауы  кезінде  ағзаның  ішкі  ортасы 

шартының  тұрақтығын  қамтамасыз  ететін  компенсатор  механизмдерінің 

жетілу деңгейіне байланысты. 

Әртүрлі  спорт  түрлерімен  айналысу  кезінде  ағзада  болатын 

биохимиялық  өзгерістер  үлкен  айырмашылықтарымен  ерекшеленеді, 

бірақ, сонымен қатар, белгілі ұқсастықтары да болады. Осылайша, шектік 



 

49 


ұзақтылығы  бірдей  болатын  әртүрлі  спорт  жаттығулары  анықталған 

биохимиялық өзгерулерінің ұқсастығымен сипатталады. 

Ағзадағы неғұрлым көрнекі биохимиялық өзгерістер энергияны қайта 

өзгерту  механизмдерінің  әрекетіне  байланысты,  олардың  энергетикалық 

қамтамасыз  ету  жұмысында  қатысуы  оның  қуатына  және  бұлшық  ет 

жұмысының ұзақтылығына, түріне байланысты. 

Орта  таулы  жер  (көл  деңгейінен  1000-3000  м  деңгейінеде)  бірқатар 

ерекшеліктермен сипатталады, олардың ішіндегі маңыздылары: 

1)

 

бәсеңделген атмосфера



2)

 

көміртектің сіңу қысымының төмендеуі; 



3)

 

ауаның жоғары құрғақтылығы. 



О

2

-нің төмен сіңу қысымы О



2

 ткандерін қамтамасыз етуін қиындатады. 

Бұл  әсіресе  бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  айқындалады.  Орта  тайлы  жер 

шартында ағзаның бұлшық ет жұмысына қалыптасуы ағзадағы көміртекті 

тасымалдау және пайдалануын күшейтуді қамтамасыз ететін биохимиялық 

өзгерістермен құралған. Жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің әрекеті 

күшейеді,  қанның  гемоглабин  құрамы  және  бұлшық  еттердің  миоглабин 

құрамы  жоғарылайды,  аэробты  алмасудың  ферменттерінің  көлемі 

жоғарылайды. 

Орта  таулы  жер  шартындағы  аэробты  үрдіс  мүмкіншіліктерінің 

төмендеуі сәйкесінше жұмыстың энергиямен қамтамасыз етудің анаэробты 

реакциясының рөлі жоғарылауымен қатар болады. Бұл орта таулы жердегі 

жаттығу кезіндегі анаэробты мүмкіншіліктерінің жоғарылауын қамтамасыз 

етеді. 


Сұрақтар 

1.

 



Әртүрлі спорт түрлерінің биохимиялық сипаттамасы. 

2.

 



Анаэробты  шарттарда  бұлшық  ет  жұмысының  энергетикалық 

қамтамасыздануы. 

3.

 

АТФ анаэробты ресинтезінің қамтамасыздануы. 



4.

 

Спортшы  жаттыққандығының  биохимиялық  көрсеткіштерін 



атаңдар. 

5.

 



Адам  ағзасындағы  үрдістерге  орта  таулы  және  жоғары  таулы 

жерлердің әсері. 



Әдістемелік  нұсқаулар.  Сіздің  айналысатын  спорт  түрі  үшін  неғұрлым 

сипатты болатын биохимиялық өзгерістерге назар аударыңыз. 



Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 10, 19, 21. 

 

50 


13-тақырып.  Түрлі  жастағы  тұлғалардың  спорттың  физикалық 

жаттығулармен айналысуы әдісінің биохимиялық негізделуі 

Өсіп жатқан ағзаның биохимиялық ерекшеліктері 

Ағзаның ең басты құрылымдық бөлімі ақуыз болғандықтан, өсу және 

жетілу  үрдісі,  биохимиялық  көзқараста,  ең алдымен  әртүрлі  ақуыздардың 

энергетикалық  синтезі.  Осыған  байланысты  өсіп  келе  жатқан  ағзада 

өнімдік ақуыздар пен ақуыз алмасуының қарқындылығы ересек адамдарға 

қарағанда айтарлықтай жоғары. 

Өсіп  келе  жатқан  ағзада  ақуыздардың  күшейтілген  синтезі  ересек 

адамдарға  қарағанда  энергияның  салыстырмалы  көп  энергия  шығының 

қажет  етеді.  Ақуыз  синтезіне  қажетті  энергия  биологиялық  қышқылдану 

үрдістерінен  алынады,  бұл  үрдіс  кезінде  амин  қышқылдарын  белсендіру 

үшін  пайдаланылатын  АТФ  молекулалары  құрылады.  Бұның  бәрі 

қышқылдану  үрдістерінің  өсіп  келе  жатқан  ағзада  неғұрлым  кернеулі 

өтуіне әкеледі. 1м

2

 дене бетіне есептелген көміртекті жұту бала неғұрлым 



жас болса, соғұрлым қырқынды болады. 

Балалар  мен  жас  өспірімдерде  бұлшық  ет  әрекетін  энергетикалық 

қамтамасыз  ету  мүмкіншіліктері  ересектерген  қарағанда  аз,  өйткені 

энергияның үлкен бөлігі иілгіш үрдістерге жұмсалады. 

Балада  қандағы  гемоглабин  құрамы  және  бұлшық  еттегі  имоглабин 

құрамы  ересектерге  қарағанда  төмен,  сондықтан  балаларда  ағзаның 

көміртектік сыйымдылығы төмен. 

Балалар  мен  жас  өспірімдердің  жүрек-тамыр  және  тыныс  алу 

жүйелері  тыныштық  кезінде  де  ересектерге  қарағанда  үлкен  кернеумен 

қызмет етеді, сондықтан, аз функционалды резервтері болады. 

Бұның бәрі қарқынды жұмыстың аэробты энергетикалық қамтамасыз-

дануының мүмкіншіліктерін шектейді: бірдей қалыпты жүктемені орындау 

кезінде  бала  мен  жас  өспірімнің  қанындағы  лактат  деңгейінің  өсуі 

ересектерге қарағанда жоғары болады. 

Анаэробты  энергия  қамтамасыздау  мүмкіншіліктері  балалар  мен  жас 

өспірімдерде ересектерге қарағанда сондай-ақ төмен. 

Балалар  мен  жас  өспірімдер  үшін  бұлшық  ет  жұмысы  кезінде 

көмірсулар  мобилизациялануының  кейбір  тежеулілігі  сипатты.  Көптеген 

физикалық  жатығулар,  әсіресе,  қызықсыз  және  ұзақ,  бала  қанындағы 

глюкоза деңгейінің тез төмендеуіне әкеледі.  



Қартайып келе жатқан ағзаның биохимиялық ерекшеліктері 

Қартайып  келе  жатқан  ағзаның  сипатты  ерекшелігі  болып  иілгіш 

алмасудың  жалпы  зат  алмасу  қарқындылығының  төмендеу  фонында 

төмендеуі  саналады,  ақуыздардың  өздігінен  жағаруы  баяуланады.  Бас  ми 

қаңқасында  және  мишықтағы  жүйке  жасушаларының  саны  азаяды. 

Сүйектердің  тығыздығы  мен  бекемділігі  төмендейді.  Эритроциттердің 

жаңа пайда болуы баяуланады. Жараның жазылуы нашарлайды. 

Қышқылдану үрдістерінің қарқындылығы төмендейді. 



 

51 


Ақуыздар синтезінің төмендеуі қышқылдану ферменттерінің синтезіне 

таралады,  ол  биологиялық  қышқылдану  үрдістерінің  осалдануына  әкеп 

соғады.  Қышқылдану  үрдістері  қарқындылығының  төмендеуі  ақуыздар 

мен ДНК синтезіне қажетті энергия өнімдерінің азаюына әкеледі, яғни, бұл 

синтездің мүмкіншіліктерінің төмендеуіне әкеледі. 

Қартайған  шақта  аэробты  қышқылдануының  да,  гликолиздің  де 

мүмкіншіліктері төмендейді. Қарт адамдарда сондай-ақ бұлшық ет әрекеті 

кезінде көмірсулар мобилизациясының шамалы тежелуі байқалады. 

Жас  ұлғайған  сайын  липидтердің  алмасуы  өзгереді,  ол  қандағы 

холестерин  көбеюімен  және  лецитин  құрамының  төмендеуімен  сипатта-

лады, салдарынан  тамырлардың иілгіштігі  мен  мықтылығының  төмендеуі 

мүмкін. 


Балалық  шақ  пен  қарт  жаста  дене  шынықтырумен  айналысудың 

биохимиялық негізделуі 

Балалар мен жасөспірімдер үшін дене жаттығулары ағзаның өсуі мен 

өнуіне, ең соңында – кан ақуыздарының синтезіне жағдай жасауы керек. 

Синтез  үрдісінің  күшейтілуі  бұлшық  ет  жұмысынан  кейін  дем  алу 

кезеңінде болады, бірақ қатты шаршау, қышқылдау үрдістері жүруін және 

биологиялық  синтездің  мүмкіншіліктерін  қажытады.  Сондықтан  балалар-

мен,  жасөспірімдермен  дене  жаттығуларын  орындау  кезінде  айтарлықтай 

шаршауды болдырмау керек. 

Балалар  мен  жасөспірімдерге  айтарлықтай  жылдамдық  шыдамды-

лығын  қажет  ететін  дене  жаттығулары,  үлкен  күшті,  әсіресе,  статикалық 

жүктемелер, біртүрлі жаттығулар ұсынылмайды. Қысқа мерзімді жылдам, 

жеткілікті  демалу  интервалдарымен  қайта  орындалатын  жаттығулар 

неғұрлым  сай  келеді.  Жаттығулар  әртүрлі  және  эмоциялы  қаныққан  болу 

керек. 


Қарт  жаста  ДШ  жаттығулары  жастық  инволюция  үрдісін  ұстауы 

керек,  яғни,  зат  алмасудың  жалпы  қарқындылығының  жоғарылауына 

мүмкіндік  жасау  керек.  Жаттығулар  жүйелі  болу  керек.  Үлкен  күш 

кернеулерін  және  айтарлықтай  жылдамдық  шыдамдылығын  қажет 

етпейтін, жеткілікті демалу интервалдарымен кезектесетін, қысқа мерзімді 

жылдамдықты жүктемелер неғұрлым тиімді болады. 



Сұрақтар 

1.

 



Өсіп келе жатқан ағзаның биохимиялық ерекшеліктері. 

2.

 



Қартайып келе жатқан ағзаның биохимиялық ерекшеліктері. 

3.

 



Балалық шақ пен қарт жастағы дене шынықтырумен айналысудың 

биохимиялық негізделуі 



Әдістемелік  нұсқаулар.  Әртүрлі  жастағы  тұлғаларлың  биохимиялық 

сипаттамаларының  жалпы  ерекшеліктері  мен  айрмашылықтарына,  сонымен 

қатар, осымен байланысты жаттығулар құрамына назар аударыңыз. 

Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 9, 19, 21. 

 


 

52 


14-тақырып. ДШ және спортпен шұғылдану кезіндегі тамақтанудың 

биохимиялық негізделуі 

Жоспар: 


1.

 

Спортшының энергетикалық шығындары. 



2.

 

Спортшы рационын құру принциптері. 



3.

 

Ас ішу режимі. 



 

Қазіргі  кезде  диетологтар  спортшыларға  жеке  рациондар  өндіріп 

жатыр, олар физикалық жүктемелер кезінде болатын физиологиялық және 

биохимиялық үрдістерді зерттеу мәліметтеріне негізделген. 

Энергетикалық  шығындар  спорт  түріне  және  жүктемелердің  мөлше-

ріне  байланысты.  Сонымен  қатар,  спортшының  салмақтық  категориясы 

еске  алынады,  сондықтан  энергетикалық  шығындардың  есептелуі,  оның 

жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. 

Негізгі спорт түрлерін 5 топқа бөлуге болады: 

 



шамалы дене жүктемесі бар спорт түрлері (шахматтар және шашкілер); 

 



қысқа  мерзімді  дене  жүктемесі  бар  спорт  түрлері  (акробатика, 

гимнастика, ату, семсерлеу, ат спорты, 300 м дейінгі қашықтыққа жүгіру, 

ауыр атлетика); 

 



тұрақты  және  қарқынды  дене  жүктемесі  бар  спорт  түрлері  (400-

3000 м-ге жүгіру, жүзу, көп сатылы жарыс); 

 

ұзақ  дене  жүктемесі  бар  спорт  түрлері  (альпинизм,  1000 м-ге 



жүгіру, марафон, веложарыстар, шаңғы, спорттық жүру); 

 



жаттығу және жарыс кезінде кернеулі режимді спорт түрлері (спорт 

ойындары, жекпе-жек). 

Кернеулі жаттығу кезінде спортшыларда жүйке жүйесі әлсірейді, бұл 

кезде  арнайы  қалыптасу  режимі  сақталмаса  ағза  тез  арада  стресс 

жағдайына  кіреді.  Бұл,  өз  алдына,  ас  қорыту  жүйесінің  бұзылуына,  ішек-

мал  жолдарының  ауруларына,  тахикардияға  және  басқа  жүрек-тамыр 

жүйелерінің аруларына әкеледі. 

Спортшылардың  энергия  шығындауының  түрлілігі  спорт  түріне  ғана 

емес, сондай-ақ, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына байланысты. 

Энергия  шығындары  бір  спорт  түрі  үшін  үлкен  аралықтарда  ауытқуы 

мүмкін,  ол  жарыстарға  дайындалудың  кезеңіне  немесе  жарыста  жүктеме 

деңгейіне  байланысты.  Спортшының  рацонын  құру  кезінде  энергия 

шығыны оның өз салмағына да байланысты екенін еске алады. 

Әрбір  спортшы  үшін  дұрыс  рационды  құру  күрделі  және  қажетті 

мәселе  болып  саналады,  оны  шешу  кезінде  жыныс,  жас,  оқу-жаттығу 

үрдісінің кезеңі, нақты спорт түрі сияқты аспектілерді ескеру керек. 

Спортшының  рационы  кейбір  принциптердің  қатаң  сақталуымен 

құрылуы керек. 

1.

 

Рацион  тағамнан  келетін  энергетикалық  заттар  физикалық  жүкте-



ме кезінде шығындалатын энергияға сәйкес болатындай құрылуы керек

 

53 


2.

 

Тағамдарды  таңдау  кезінде  спорттық  әрекеттің  құрамына  назар 



аудару керек (белсенді жаттығулар, жарысқа дайындалу кезеңі, жарыстар, 

қалыптасу кезеңі); 

3.

 

Тағам белгіленген спорт түрінің ерекшеліктері мен жүктемелердің 



қарқындылығын ескеретіндей балансты болуы керек; 

4.

 



Рационды  құру  кезінде  спортшының  жеке-дара  ерекшеліктері 

ескерілуі керек: оның жынысы, жасы, физиологиялық, метабилизм сипат-

тамасы,  ішек-мал  жолдарының  және  басқа  мүшелердің  жағдайы, 

тағамдағы талғамы. 

5.

 

Тағамдық  заттарды  спортшының  маңызды  мүшелерінің  жұмысын 



жақсартатындай пайдалану керек. 

6.

 



Жылдамдықтың  жоғарылауын,  бұлшық  ет  массасын  ұлғайтуын 

және күштің ұлғаюын қамтамасыз ететін өнімдерді пайдалану керек. 

7.

 

Салмақты  азайту  кезінде,  спортшының  белгіленген  салмақ 



категориясына  өту  кезінде  ағзаға  ақуыздарды,  майларды,  көмірсуларды, 

витаминдерді, минералдарды рационалды беру керек. 

8.

 

Ас ішу жаттығу мен жарыс режиміне сәйкес болу керек. 



Тіпті  аз  қарқынды  спорттық  әрекет  кезінде  сұйықтықтың  қандай  да 

бір  бөлігі  шығындалады.  Егер  жүктемелер  ұзақ  болса,  сұйықтықтың 

шығыны  өзіндік  жағдайдың  тез  нашарлауына  әкелуі  мүмкін.  Бұны 

болдырмау  үшін  спортшының  рационына  әртүрлі  минералданған  және 

витаминденген  сусындарды  жатқызу  керек,  онымен  ағзаның  су 

жетіспеушілігін уақытылы толықтыру керек. 



Сұрақтар 

1.

 



Спортшы тамақтануының жалпы негіздері. 

2.

 



Әртүрлі еңбек әрекеті кезіндегі тағамның калориялылығы. 

3.

 



Ауыр  дене  еңбек  спортымен  айналысатын  адамдардың  зат  алмасу 

үрдісі. 


4.

 

Спортшылардың  ақуыздарды,  көмірсуларды,  майларды,  витамин-



дерді және минералдарды пайдалануының биохимиялық негізделуі. 

5.

 



Спорт түріне байланысты спортшылардың ас ішу ерекшеліктері. 

6.

 



Жұмыс  қабілеттілігін  жоғарылату  мен  қалыптасуды  жылдамдату 

үшін биологиялық белсенді қосындылар. 

7.

 

Ас  ішу  факторының  көмегімен  жұмыс  қабілеттілігін  жоғарылату 



мен қалыптасуды жылдамдатудың биохимиялық жолдары. 

8.

 



Ас ішу мен дене салмағы. 

1-тапсырма. Өзіңіз айналысатын спорт түрін ескере отырып, шамалы 

тәуліктік рационыңызды құрыңыз. 



Әдістемелік нұсқаулар. Тағамның біздің денеміз үшін қуат көзі және 

құрылыс материалы болатынын ұмытпаңыз, яғни, оның сапалық құрамына 

адамның денсаулығы мен спорттық нәтижесі байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет