Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет1/2
Дата08.06.2022
өлшемі20,65 Kb.
#36557
  1   2
Байланысты:
Аналар асыл жандар хаттамасымен


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі

Баяндама

Тақырыбы: «Аналар – асыл жандар!»

Шымкент
«Аналар – асыл жандар!»
Ана - үш әріптен құралған жәй ғана сөз секілді,алайда, бұл үш әріпте терең ойлы мағына жатырғанын біреулер біліп,біреулер білмей де жүр.Пайғамбарларымыз айтқан <Жұмақтың кілті - анаңның аяғының табанының астында>-деген асыл сөз бар.Алайда біз қанша жерден аналарымызды сөзбен үлде менен бүлдеге орасақ та,іс-әрекетке келгенде талай жандар адасып жатыр.Елімізде қарттар үйі күн санап болмағаны мен ақырындап қатары көбейіп келеді.Бұл дегеніміз-қарттар үйі аздық етуде деген сөз,ал аздық ету дегеніміз - әлі де ата-анасын қауқары қайтып,қызық көрер шағында керексіз адам ретінде сыртқа тебу бар деген сөз.<Ата-ананың қадірін,балалы болғанда білерсің>- деген халқымыздың мақалы бар.Осыған орай айтайын деген сөзім,көп адамдар ата-ананың қадірін олардан мәңгілікке қол үзгенде ғана,яғни, бәрі кеш болғанда түсініп,біліп жатады.Бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың қадіріне жету талай лүпілдеген жүректердің арманы екені айдан анық.Ендеше әрбір анадан туған азамат пен азаматшалар өздерінің ақ сүт беріп өсірген аналарының қадіріне жетіп,соларды өз өмірлеріне риза етсең одан асқан балалық бақыт болуы мүмкін емес әрине.Сөз соңында айтарым -Әке-білек саусағы балалары. Қан тамырмен жалғасқан аралары. Ана-тамыр бойымен бәріне де Тіршіліктің жылуы таралады.«Жұмақтың кілті – ананың табанының астында». Бұл сөз түсінгенге, көп нәрсені ұғындырады. Табиғаттың оянуы да осынау шуақты мерекемен бастау алатыны тегін емес. Әлемнің Жаратушысы да ешқашан аласармайтын «Ана» деген асқақ аттың иелерін сондай құрметті етіп жаратып, қырық шырақты әйелдердің ғана кеудесінен екі бірдей жүректі соқтырады. Ана – жер бетіне күн нұрынан артық жылу шашады. Жанарымен жалғанға жылу беріп, пенде атаулының барлығына жүрегіндегі жылылықты арнап, баласының аяғын жерге тигізбейтін де аналар. Перзенті үшін биік-биік асуды да бағындырып, жаңбырлы күні панасы, желді күні қорғаны болатын да осы асыл жаратылыс иелері. Өзегін жарып шыққан баласын өзге түгіл өзінен де артық көретін, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып, бауыр еті баласын уайымдайтын, түн ұйқысын кірпік ілмей күзететін, тоғыз ай құрсағында, қаз басқанша құшағында, өмір бойы жүрегінде көтеретін де ғазиз аналар. Міне, ана құдіретінің қаншалықты екендігін осыдан аңғаруға болады. Бірақ, бұнымен таусылмақ емес. Әр сәт сайын жарық дүние жарығын сыйлап, жалғанда жер басып жүруімізге себепкер болған әйелдер қауымына құрмет көрсетсек те артық етпес. Себебі, адамзаттың өмірі, оның болмысы әйел затымен тығыз байланысты. Ана... Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш - ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып - қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.
Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең - жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», - деген сөз рас. Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге тырыссақ та, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін жасаған жақсылығын, қарызын өтей алмай ма, 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады? Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3 - 4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы...»,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Осындай жағдай басыңыздан бір рет болсын өтті ғой? Ия, мойындаңыз. Ал дәл сол кезде біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана қойшы.»,- деп сілкіп айтылған сөзден, ананың жұдырықтай «Балам»,- деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір - ақ күнде салып қалуы ықтимал ғой. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата - ана қадірін балалы болғанда білесің»,- дейді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет