Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Қази), «Ортекедей ойнады» (Қарасай, Қази)



Pdf көрінісі
бет144/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   963
Қази), «Ортекедей ойнады» (Қарасай, Қази), «Көк бүркiттей қорғаймын» (Қарасай, Қази), «Көк 

бүркіттей  түйіліп,  Лашын  құстай  шүйіліп  (Тарғын),  «Қарт  қояндай  қасқарып»  (Тарғын),  «Атан-

дай төсі салынып» (Алпамыс), «Қарт бурадай қамданып» (Тарғын), «Тұлпардан туған жорғадай!» 

(Тарғын), «Қойда[й] топтап айдайды» (Шора батыр)және  т.б. [1].

Жоғарыда берілген теңеулерде адамды түрлі жан-жануарға балау байқалады. Жан-жануардың 

бойындағы  ерекше  қасиеттерді  негізге  ала  отырып,  халық  жырдағы  образды  ашуға  тырысқан. 

Жалпы батырлар жырындағы теңеу халықтың танымымен тығыз байланысты. Жырдағы теңеулерлер 

халықтың  ойлау,  дүниені  қабылдау  нәтижесі  болып  табылады.  Әрі  ұлттық  дүниетанымды 

сипаттайды.  

Жалпы батырлар жырында адамды мынандай жануарларға теңеу өте көп ұшырасады:

 

Мәселен, қаһармандық жырларда батырды жолбарысқа теңеу өте жиі ұшырасып отырады. Бұл 



аң ө

зіне тән тектілігімен,  алғырлығымен, жасқануды білмейтін такаппарлығымен, батылдығымен, 

айлалығымен дараланатыны белгілі. Халық жолбарыстың бойындағы осы қасиеттерді  батырына 

дарытады.  Енді    бірде  батырын  қабыланға,  атанға,  нарға,аюғане  бөріге  (қасқырға) 

теңейді. 

Қабылан – жыртқыштардың ішіндегі ең жүйрік аң. Аю, атан, нар – қара күштің иелері. Бөрі – 

түркі 

халықтарының



  жадындағы киелі ұғым ғана емес,  бөрі (

қ

асқыр) ерлік пен қайсарлықты, күштілік 



пен  еркіндікті  танытады.  Ендеше,  қазақ  халқының    батырлардың  образын  сомдауда  оларды  ең 

жүйрік, ең қайсар, ең күшті жануарларға теңеуі  оның 

көшпелі тұрмыс-тіршілігінде танып-білген  

дүниетанымының нәтижесі деп қарауға болады.  

Халық  батырын бірде  жер тағысына баласа, бірде көк тағысына балайды. Мысалы, жырларда  

көк бүркітке, лашын құсқа, қараша құсқа, ақ сұңқарға теңеу жиі ұшырасып отырады. Қазақ халқының 

таным-түсінігінде  қыран  бүркіт,  лашын,  қараша  құс,  ақ  сұңқар    батылдықтың,  батырлықтың, 

мықтылықтың, қайсарлықтың,еркіндіктің символы. Халық  батырларының бойындағы  осындай 

ерекше қасиеттерді таныту мақсатында оны  көк тағыларына  теңейді. 



№ 3 (106) 2015

87

Теңеудің екінші семантикалық тобында адамды табиғат құбылыстарына не табиғат атауларына 



теңеу  байқалады.  Мысалы:  «Өзінше  желдей  есіпті(Қобыланды),  «Көктен  құйған  тамшыдай» 

(Қобыланды),  «Дариядай  болып  тасады»  (Алпамыс),  «Күндей  күркіреген  шырағым»  (Қарасай, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет