Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет815/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   811   812   813   814   815   816   817   818   ...   963
Р.А.НУРТАЗИНА

1

,  РУСТАМ МУСА

2

С.ғ.д., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ   профессоры

1

,

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  магистранты

2

, Астана

АЙМАҚТЫҚ САЯСИ ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН ДАҒДАРЫСТАРҒА ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГ: 

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ

Мақалада ұлттық қаупсіздікті талдау әлемдегі зерттеу институттардың әдістемелерінің теориялық 

және  қолданбалы  аспектілірі  мен  саяси  тәуекелдер  мен  дағдарыстардың  мониторингтік  жүйелері, 

агенттіктері, әдістемелері мен жобалары қарастырылған.

Түйін  сөздер:  ұлттық  қаупсіздік,  саяси  дағдарыс,  шиеленістер,  дестабилизация,  мониторингтік 

зерттеу, ақпарат, халықаралық қоғамдастық, дербес зерттеу институттар. 

Қазіргі  заманда  болып  жатқан  оқиғалар  әлемдегі  геосаси  және  әскери-  стратегиясындағы 

картасында  өзіндік  түзетулер  енгізіп,  осы  заманғы  әлемге  деген  қөзқарасқа,  саяси  орнықтылық 

тәсілдері  мен  идеологиясына  ықпал  етеді.  Сондай-ақ,  қауып-қатерлер  мен  тәуекелдерге  толы 

өрескел  динамикалық  дамып  жатқан  замануи  саяси  үдеріс  жағдайында,  қазіргі  замаңғы  адамзат 

қоғамы дағдарыстар, шиеленістер мен соғыстар алдында осалдығын танытып отыр. 

Осы  жағдайында  Қазақстан  Республикасы  үшін  ұлттық  қаупсіздікті  қамтамасыз  ету 

стратегиялық  міндет  болып  саналады,  өйткені  әлемде  орын  алып  жатқан  барша  оқиғалар  бұл 

өмірлік маңызды мәселеге басқаша қарауды талап етеді [1,7]. 

«Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты 

қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен 

мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. 

Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. 

Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның 

тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз 

[2]».


  Ол  қандай  талаптар?  Біздің  ойымысша,  халықаралық  қаупсіздік  саласындағы  үдерістердің 

дамуынының себеп-салдарлық теорияларын  әлемдік зерттеуге ерекше назар аудару керек.

Замануи саяси үдерістердің тұрақсыз, дестабилизациялық даму салдарынан әлемнің әр түрлі 

аймақтарында  жасырын  өтіп  жатқан  саяси  тәуекелдердің  адамзат  өркениеті  үшін  аса  қауыпты 

әскери жанжалдарға ұласып кетуі, олардың мыңдаған адамдардың азабы мен қиратушы салдарымен 

сипатталған  қайғылы  зардаптары  әлемдік  ғылыми  қауымдастықты  мұндай  шиеленістер  мен 

дағдарыстарды аңықтап, алдын-алу мүмкіндіктерін іздестіруге итермелемекші болды. 

Қазіргі  замаңғы  көптеген  зерттеу  институттары  шиеленістер,  дағдарыстар  мен  соғыстарды 

тәуекелдер негізінде болжау және алдын алу әдістерін құру мәселесімен айналысады.

Берілген осы мақала саяси тәуекелдер мен дағдарыстардың мониторингтік жүйелер, агенттіктер, 

әдістемелер  мен  жобаларының  шолуына  арналған  болатын.  Жұмыс  тақырыбын  айқындау 

мақсатында  дерекнамалық  негіз  ретінде  мониторингтік  зерттеудің  ірі  дәстүрлерін  иеленіп  алған 

ресей зерттеушілер еңбектері қолданылды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   811   812   813   814   815   816   817   818   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет