Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы



бет126/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   215
Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы. Қазіргі технологиялар педагогика ғылымы мен тәжірибені үйлестіріп, бұрынғы тәжірибені дәстүрлі элементтермен қоғам дамуындағы жетістіктермен және қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдарын біріктіреді. Педагогикалық технологияның құрамды бөлігі әлеуметтік өзгеріске және педагогикалық ойға тәуелді; педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерін ескереді, озат педагогикалық тәжірибені қолданады, отандық және шетелдік тәжірибеге сүйенеді.

Тұлғалық бағдарлы технологияда мұғалім шәкіртті дамыту үшін педагогикалық үдерісті жобалай білуі керек. Осындай тәрбие технологиясында шәкірт өз ісінің нәтижесін көрсетуге, серіктестерімен қарым-қатынас орнатуға, өзінің және өзгенің шығармашылық әрекетін бағалай білу қызметін игереді. Мұғалім үнемі шәкіртін өзіндік ізденіске бағыттайды. Тұлғалық бағдарлы тәрбие үдерісінде тұлғаның жеке басына назар аударылып, қарым қатынастар әр түрлі деңгейде іске асырылады: қарапайым түрдегі пікірлесу, мазмұндық сұхбат, тұлғалық мәнді сұхбат.

Тұлғалық бағдарлы тәрбие педагогикалық қызметтің ерекше түрі болғандықтан, оның мәні арнайы тәжірибенің түрімен байланысты. Сондықтан мұғалім өз тәжірибесін тұлғалық бағдарлы жағдаяттарды құруы тәрбие технологиясы арқылы іске асырады.

Тұлғалық – бағдарлы тәжірибе тұжырамдамасының зерттейтіні: тәрбиенің мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қарым-қатынас орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар жасау, яғни тұлғаның білімін, субьектілік тәжірибесін жетілдіру, өз пікірін, дүниетанымын, өзіндік қолтанбасын және өзіне тән тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәрбиенің нақты мәні–тұлғаны сомдаушы педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Тәрбиеге қамтылған субъектілердің барлығы бірдей жағдайда тәрбиеленгенімен де, түрлі тәрбиелік нәтиже көрсетеді, яғни тәрбиелік деңгейі әртүрлі болады.

Түйіндей келе, тұлғалық бағдарлы тәрбиенің мәні–баланың субьект ретінде қалыптасуына ерекше мән береді.

Тәрбие дегеніміз-ерекше мәнге ие адамдық қызмет, яғни тәрбие субьектісі (тәрбиеші), өзінің қоғамдық мәдениетін баланың тұлғалық қасиеті арқылы жүзеге асырады. Адамға тән нәрсе, ол өз бойындағы қабілетін жүзеге асырып, оны өзгелерге көрсете білуі, яғни өзін субьектілеу. Өзін өзге үлгі арқылы бейнелей білу, өзіндік қолтанбасын жасау.

Тәрбиеші үшін–оқушы, оның дүниелік түсінігі мен өмір салтын қабылдаушы болса, оқушы үшін – тәрбиеші әлеуметтік тұрғыдан оны бағыттап, оған әлеуметтік мәнде баға беруші. Осы тұрғыдан қарағанда бұл әлеуметтік педагогикалық жүйенің үйлесімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Тұлғалық бағдарлы тәрбиелік қызметтің негізіне баланың өмірінде тұлғалық және құндылық жағдаяттар тудыратын арнайы технологияны қолдану керек. Тәрбиелік өмірлік жағдаят тудыру педагогикалық қызмет тұрғысынан көптеген тұжырымдамаларда кездеседі.

Тұлғалық бағдарлы технологиялар гуманистік философия, психология және педагогиканы өмірге кешенді түрде ендіреді. Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты–тұлғаны дамытып, оны әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бейімдеп, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білуге тәрбиелеу.

Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік – мәдени құндылықтар тұрғысынан, кеңес кезеңіндегі тәрбиенің озық және кемшілік жақтары мынадай болды. Сол кезеңдегі тәрбиедегі кемшіліктер: бір нұсқада тұлға тәрбиелеу; бір идеологияны ұстану; адамды үкімет пен саясаттың орындаушысы ретінде қалыптастыру; ұжымшылдықтың жеке бастан басымдылығы; күрделі тәрбие жүйесін қарапайымдандырып, белгілі саяси және моральдық іс-қылық қалыптарынан шықпау; тұлғаның сыртқы іс-әрекетін бағдарлап, санасының құндылық-мәндік дамуына көңіл бөлмеу; әлеуметтік-педагогтық істерді жұртқа көрсету, формальді есеп беру, т.б. көпшілік тәрбие тәжірибесінің қарапайымдылығы, белгілі қалыптардан шықпауы.

Бұрыннан қалыптасқан тәрбие жүйесінің өзгеріске ұшырауына байланысты, оның кейбір пайдалы жақтарының жойылып кеткенін де өкінішпен айтуға тура келеді: педагогикалық селқостық және балалар тәжірибесін назардан тыс қалдыру салдарынан қараусыз қалған балалар санының артуы;бұрынғы тәрбие мақсатының саяси, белгілі доктринаны көздегені болмаса, оның нақтылы қызмет атқаруы;формализм мен саяси басымдылыққа қарамастан балалар ұйымдарының нәтижелі тәрбие жүргізуі; ұжымдық тәрбиенің озық тәжірибесі (Макаренко А.С., Сорока – Росинский В.Н., Газман О.С., Иванов И.П. т.б) балар ұйымындағы демократиялық үдерістің ересектер демократиясынан асып түсуі; саяси сатылы тәрбие жүйесі (октябряттар – пионерлер – комсомолдар), балалардың жас ерекшелігіне қарай баланы әлеуметтендіруі (вожатый бағдарламасы «Ориентир») белгілі ғалымдар Л.И.Божович пен Т.Е.Конникова басшылығымен жасалған.

В.В. Сериков тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесін жасау үшін ең бірінші мақсатты нақтылап, тұлғаның жеке бастық қасиеттерін: әлеуметтік, адамгершілік, жауапкершілік, даралық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігін көрсетеді. Тұлғалық бағдарлы тәрбиесін жобалау үшін игерілетін жеке басқа тән тәжірибенің түрін қарастыру керек, құндылық бағдарлы тәжірибені игертетін түрлі жағдаяттар жасап, тәрбиелік жағдаят тудыру “технологиясын” (тәсілін) өмірге әкеліп, оны тексеру шарт.

Гуманитарлық білімнің негізі — адам болмысын құндылық-мәнді тұрғыдан игеріп, баланың өзгеруге бейім екенін түсініп, соған лайық тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Гуманистік тәрбие педагогикалық тұлғалық-бағдарлы тәрбие теориясына ерекше назар аударып отыр. Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар:



  • тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін жэне өмірдің мәнін түсіну;

  • жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру;

  • әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;

  • тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру);

  • тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.

Қорыта келе, тұлғалық-бағдарлы педагогика тұлғаны мәдени құндылықтар арқылы тәрбиелеп, жеке басқа тән тұлғалық қасиеттерді дамытып, адамның ішкі жан дүниесіне көңіл бөліп, өз мақсатын іске асыруда, жеке тұлғаның даралық даму бағытын ұстанады.

Оқушыны дүниені заттық және құндылық тұрғысынан қабылдауға тәрбиелеудің маңызы орасан зор. Дүниені заттық тұрғысынан қабылдау дегеніміз адам санасында айналадағы обьектілердің нақты материалдық нысанда қабылдануы. Мәселен, заттың түсі, көлемі, құны, атқаратын қызметі, салмағы, биіктігі, жас мөлшері, атауы, адамның өміріндегі қолданысы.

Дүниені құндылық тұрғысынан қабылдау дегеніміз айналадағы шындықты адам өміріне кажетті құндылық қатынас арқылы қабылдау. Субьект дүниені қабылдауда назарын заттың адам өмірінде атқаратын құндылығына, обьектінің жабық тұрған ішкі мәнін сезініп қабылдауына аударып, оған мән бере білуі тиіс. Мәдениетті адам айналадағы шындықты заттық және кұндылық тұрғысынан, яғни заттық тұрғыдан қабылдауы құндылық қабылдаумен толысып, заттың адам өміріндегі мәні құндылық мазмұнмен жетілуі тиіс.

Мұғалім шәкіртіне құндылықты қабылдауды игерте білсе, онда оның кәсіби жұмысының ауқымы кеңейеді, оның өзінің де дүниені, әлемді көріп білуі артып, оны шәкірттеріне жеткізе алады. Мұндай жағдайда мұғалімнің шәкірттерімен қарым-қатынасы мазмұнды, ал шәкірттері үшін қызықты болады.

Дүниені құндылық тұрғысынан қабылдаудың маңызын түсіну үшін, оны заттық тұрғыда қабылдаумен салыстырып көрейік. Мысалы, заттық тұрғыдан қабылдау: нақты, тұрақты, шектеулі, үнемі жаңа затты қажет етеді, қызығушылық тез жойылады, пайда көзделеді, адамды бұзады, руханилықты жояды, бағалау көркемдікке тәуелді болады.

Құндылық тұрғысынан қабылдау: абстрактылы, қозғалмалы, шектеусіз,өзіндік құндылығын жоймайды, қызығушылығы тиылмайды, пайда көздемейді, жасампаз, қорғаушы, рухани, көпшіліктің пікіріне тәуелсіз.

Осыған орай, бұл екеуінің тәрбиелік әдістері де алуан түрлі болады:


  • дүниені заттық тұрғыдан қабылдау әлемді “көрсетсе”, дүниені құндылық тұрғыдан қабылдау дүниені шәкірттерге “бейнелейді”;

  • біріншісі шәкірттерді есте сақтауға бағыттаса, екіншісі оларды “ойландыруға” бағыттайды;

  • біріншісі шәкірттерді белгілі нұсқаны орындауға бағыттаса, екіншісі олардың белсенділігін арттырып, өзін-өзі бақылауға үйретеді;

  • біріншісі -баға берсе, екінші-өз “Мен”-ін іс-әрекет арқылы білдіреді;

  • біріншісі-оқушылар бір-біріне ұқсас болсын десе, екіншісі-балалардың даралық қасиетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Дүниені құндылық тұрғысынан қабылдау дегеніміз – кез-келген обьектіні қабылдау барысында оның ішкі мәнін ашып, обьектіні адам өмірімен байланыстырып, оның қазіргі өмірдегі колданысына назар аудару.

Құндылык бағдарлы тәрбиені Н.Е.Щуркова зерттеп, оны топта іске асырудың пайдасы зор екендігіне тоқталды: топтағы әр бала ойланып, әрекет етуге күш жұмсайды;топта калыптасқан көңіл-күй ортасы баланың көңіл-күйіне де әсер етеді.

-тәжірибесі, білімі, дағдысы, өз күшіне сенімсіздігі, тұлғалық қасиетінің толық жетілмеуінен туатын өз басына тән мәселені нақты білу;

-көңіл-күйін реттей білу, өмірлік келеңсіздіктерден қажетті тұжырым жасай білу;

-өмірдің мәнін іздеу, түрлі өмірлік құндылықтарға өзінің қатынасын білдіру.

Осындай өмірлік мәселелерді шешу, мұғаліммен оқу бағдарламасы мен оқулық мазмұнынан тыс өмірлік танымдық мәселелерді ойластыруды талап етеді. Ол үшін басқа әдіснамалық негізді іздестіру қажет болды. Өйткені тұлғалық бағдарлы тәрбие оқушыны әлеуметтендіруді, оның тұлғалық қасиетін субьект деңгейінде дамытуды көздейді. Сондықтан тәрбиеленушінің жеке басына тән тәжірибесін дамыту үшін мынадай мәселелерге назар аударылады:

-жеке тұлғаны әлеуметтендіруде жас ерекшеліктерін ескеру;

-оқу мен тәрбие қызметтерінің мотивтерін түсіндіру;

-мұғалім мен оқушының өзара іскерлік және тұлғааралық қатынас құра білуі;

-арнайы құндылық-мәнді жағдаяттар моделін мұғалімнің өзіндік қолтанбасымен жобалай білуі.

Сонымен, мектепте берілетін жалпы білім пәндік сабақтарға негізделген болса, жеке тұлғаның бойында дамитын тұлғалық жаңа құрылым, жас адамның жан дүниенісін дамытады. Жан дүниені қозғалысқа түсіру–тұлғаның ішкі дүниесін дамытудың бірден-бір жолы. Осығн орай тұлғаның жан дүниесіне түрткі тудырып, оны дамытуды ұйымдамтыру-педагогтың басты қызметіне айналуы шарт.

Оқушының жеке бастық тәжірибесін ескерудің екі түрлі жолы бар. Біріншіден, оның жеке бастық мәселелеріне тікелей қатынас орнату және гуманитарлық пәндердегі экологиялық, өмірлік, ғарыштық мәселелер, тән мен жан философиясы, пікірлесу, сұхбаттасу барысында әр оқушының жеке басына сәйкес өмірлік тәжірибесі тұжырымдалады. Екінші, жеке тұлғаға жанама қатынас орнату арқылы осы мәселелерді саналы түсіну үшін түрлі тұлғалық бағдарлы педагогикалық жағдаяттарды ұйымдастыру, оны жүзеге асыру үшін сұхбаттасу, имитациялық моделдеу, ойындарды қолдану, өмірлік төтенше жағдаяттар құру, ой толғау, жобалау т.б. шешу арқылы әр шәкірт өзіндік тұлғалық тәжірибелік тұжырым жасайды.

Мұғалім жеке тұлғаны әлеуметтендіру барысында білім мен тәрбиенің жоғары мәнді құндылығын көрсетіп, мәдениетті игерудің, жоғары білімді азамат болудың, жеке тұлғаның құндылық бағдарымен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Жас адам өзінің тұлғалық бағдарын мейлінше жетілдіру арқылы, ерік - жігерін шыңдап, өзгермелі қоғамда өз орнын тауып, бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатындығын түсінеді. Сөйтіп, шәкірт өмірлік мәселелерді шешу үшін тәжірибе жинақтайды.

Е.В. Бондаревская өз зерттеулерінде «жалпы білім беретін мектеп түлегінің моделі – мәдениет адамы»,-деген педагогикалық ықпал ету бағыттарын ұсынып жеке тұлғаны сипаттайтын өлшемдерді анықтаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет