Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Батыстық тарихнамадағы қазіргі заманғы гендерлік зерттеулер



бет3/94
Дата31.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#21459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
2. Батыстық тарихнамадағы қазіргі заманғы гендерлік зерттеулер

Гендерлік зерттеулердің тарихына шолу. Әйелдер тарихы  «әйел зерттеулері» деп аталатын пәнаралық ғылыми бағыттың бөлімі болып табылады. Ол батыста алпысыншы жылдардың аяғы жетпісінші жылдардың басында қалыптасқан. Алғашқы  « әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында келең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын  талқылауда  бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы « Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.


3. Тарихты зерттеудің көлемдік тәсілінің қазіргі шетел тарихнамасындағы алатын орны

Тарихты зерттеудің көлемдік тәсіліне түсініктеме және алғашқы пайдалануы. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында батыс Европалық тарихнамамен АҚШ-тың тарихнамасында тарихи зерттеудің көлемдік тәсілі кең тарала бастады. Бұл жаңа деректердің жаппай табылуына байланысты еді. Осымен қатар бұрынғы белгілі тәсілдерді қайта ойластыру қажет болды. Бұл жаңалықтар бірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік тарихты қамтыды, бірақ жекелеген салалардың біреуіде бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Жиырмасыншы ғасырда тарих ғылымының өзінде назар басым түрде атақты адамдар, жекелеген индивидтерден әлеуметтік көпшілік жаққа қарай ауды. Тарих бұл жерде экономика мен социологияға жақындасты және не олардың тәсілдерін пайдалану немесе олардың жарамдылығын тексеру қажет болды. Сонымен қатар алпысыншы жылдары батыс әлемінде компьютерлер арзандап және қолға түсімді бола бастады, сәйкесінше олармен өңделетін ақпараттың спектрі кеңейіп, орындалатын операциялардың көлемі ұлғайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет