Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



Дата12.03.2023
өлшемі59,32 Kb.
#73457
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Филология институты


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СОӨЖ
Тақырып: Жаңартылған білім беру бағдарламасында берілген әдеби білім мазмұнына талдау жасау, әдеби дәлелдеме эссе жазу


6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы


3-курс
Орындаған: Джумазбаева Асем
Қабылдаған: Юсуп А
Тобы: 308 топ


Алматы, 2023
Жаңартылған білім беру мазмұны оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, сыни пікір көзқарастарын жүйелі түрде дамытып, әр бағытта құзырлылық танытуын қамтамасыз етеді. Бағдарламаның ерекшелігі-білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным үрдістерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Жаңартылған білім мазмұнының тағы бір ерекшелігі оқушының өзіне еркіндік бере отырып, белгілі бір сұраққа жауапты оның өзіне ойландыра отырып, көзін жеткізу.
Жаңартылған білім беру бағдарламасында пәннің мазмұны бөлімдерге бөлініпберілген: 1)Түсіну және жауап беру. Әдеби шығарманың идеялық мазмұнын түсінуге, кейіпкер образын ашуға, жанрлық сипатын тануға, ұлттық құндылықтарын анықтауға бағытталады. Мұның барлығына әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жетеміз.
2)Анализ және интерпретация. Әдеби шығармадан автор бейнесінің белгілі бір оқиғадан өз көрінісін анықтаймыз. Әртүрлі композициялық талдаулар жасай отыра ерекшелігін табады. Көркем шығармада көтерілген мәселелерді талдайды, көркемдегіш құралдардың қызметін ашу, әлем әдебиетіндегі құндылықтарға сабақтастыру сынды қызметтерге негізделеді.
3) Бағалау және салыстыру. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап әдеби эссе жазу, ғылыми еңбектерді негізге ала отырып әдеби сын жазу. Шығарманың құндылығын анықтап, баға беру.

Әдеби дәлелдемелік эссе

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет