Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғарғы Білім Министрлігі



Дата15.10.2023
өлшемі275,37 Kb.
#115427

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғарғы Білім Министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті


ЭССЕ
Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабындағы оқыту және бағалау

Орындаған: Мәуліт Ақерке



2023 жыл
Эссе
Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабындағы оқыту және бағалау
Қазақ халқында оқу - ағарту ісінде еңбек еткен ұлы тұлғаларда болды. Соның бірі де алаштың маңдайына біткен азаматы, өз заманың қайталанбас бір турар тұлғасы,халқының патриоты, этнопедагогиканың негізін салушы ақын- Мағжан Жұмабаев еді. М. Жұмабаев өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған,оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар зиялы қайраткер бола білген. Мағжан алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған жоқ.Мағжан жүректің қобызын шерте білген ақын.
Мағжан тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі» 1925, «Сауатты бол» 1926, «Педагогика» 1922 атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды. Мектептің міндеті –бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан.
Мағжанның жоғарыда аталған « Педагогика» атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан — жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1. Ақыл тәрбиесі, 2 Құлық тәрбиесі. 3. Сұлулық тәрбиесі. 4. Дене тәрбиесі.
Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру. Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет